ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11737 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-1-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың қолданысы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру тәртібі белгіленген айналымға, әзірлеуге, қайта өңдеуге, өндіруге, сатып алуға, өткізуге, сақтауға, пайдалануға және жоюға қатысты химиялық өнімге қолданылмайды:
1) есірткі құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар;
3) улар;
4) пестицидтер;
5) бояғыштар, синтетикалық жуғыш құралдар;
6) залалсыздандыру, дезинсекция және дератизациялау құралдары;
7) тағамдық қоспалар.
3. Заңның 3-бабының 2-тармағында көрсетілген химиялық өнімді қоспағанда, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тіркелмеген химиялық өнім Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жіберілмейді.
4. Химиялық өнімдерді есепке алуды уәкілетті орган химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктердің тізіліміне мәліметтерді енгізу арқылы жүргізеді.
5. "Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
6. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы "Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет стандарты) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес белгіленеді.
8. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
9. Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған болса, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдайды және құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды салыстырғаннан кейін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды және өтінішке қоса береді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті алуға сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетте жіберіледі.
11. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Ұсынылған құжаттар мен оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
12. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін берудің жалпы мерзімі - 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтінішті қабылдау күні және нәтижені беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
13. Жауапты орындаушы құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
14. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің қарамағындағы химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты мазмұнының Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрі - Ведомстволық бағынысты ұйым) жібереді.
Ведомстволық бағынысты ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспортының мазмұнын Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді және тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушіге химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспорты мазмұнының Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы оң не теріс қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) жібереді.
15. Қорытынды алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде химиялық өнімдердің қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы мәліметтер парағының мазмұнын тексереді және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін жасайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оны алмастыратын адамның қол қойылған ЭЦҚ арқылы алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
16. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым индустриялық қызмет саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
18. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2 тармағына сәйкес:
уәкілетті органда - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органда - тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
19. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымын қарау мерзімі, қажет болған жағдайда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімін ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, БСН, телефон және т.б.)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы _________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - аты-жөні) |
Химиялық өнімді тіркеуге өтініш
Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік беруді сұраймыз:
_________________________________________________________________.
Қосымша: ____ парақта.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлімет пайдалануға келісемін.
20 ___ жыл "__" _________ ____________ (қолы)
Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларына 2-қосымша |
"Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік не "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актісінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жетіспеген немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ________________________________________________________....
Бұл қолхат екі данада жасалды, әр тарапқа бір данадан.
Аты-жөні (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Аты-жөні _____________
телефон ____________________________
Қабылдады: ____________________________
Аты-жөні / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жыл "___" _________
Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
Дәлелденген бас тарту
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті "____________________"
Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортын қарап, мынаны хабарлайды:
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні]
Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларына 5-қосымша |
|
нысан |
Химия өнім:
_______________________________
(химиялық өнімнің толық атауы)
_______________________________
(химиялық өнімнің толық атауы)
_____________________________
(Өндіруші фирма)
_____________________________
(шығару нысаны)
Қолдану саласы:
Тіркелген күні:
Құжат ____ дейін жарамды
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні]
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 321 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1. "Химиялық өнімді тіркеу және есепке мемлекеттік қызметінің стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 520 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11367 тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда жарияланған) "жүйелік" құқықтық жүйе).
2. "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу жөніндегі мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 667 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11641 тіркелген, 2015 жылғы 3 тамызда жарияланған) "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесі).
3. "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 667 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 206 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) № 18502, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 сәуірде жарияланған № 18502).
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 640 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19270 тіркелген, 26 жарияланған) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы 2019 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде).