"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 525 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12090 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ғарыш жүйелерін құруға және пайдалануға (қолдануға) қатысатын ұйымдар 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (бұдан әрі – Экологиялық кодекс), 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (бұдан әрі – Денсаулық сақтау туралы кодекс), Заңына және "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) тәртібі";
31 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жобаның орындалуын бақылауды жүзеге асырады.".
"34. Ғарыш жүйелерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін Экологиялық кодекстің, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Денсаулық сақтау туралы кодекстің талаптарын басшылыққа алу қажет.";
37-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) тұрғындар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін қауіп туындаған кезде қоршаған ортаны қорғау, атом энергиясын пайдалану, ішкі істер, қорғаныс саласындағы уәкілетті органды, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін, ұйымдар мен азаматтарды уақтылы хабардар ету;";
39 және 40- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Осы Қағидалардың 38-тармағанда санамаланған қауіп түрлерінің әрқайсысы бойынша тиісті қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген ғарыш жүйелерін құру және пайдалану үдерістерінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, атом энергиясын пайдалану, ішкі істер саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бағдарламалардың іс-шаралары жоспарлануы және орындалуы тиіс.
40. Ғарыш жүйелерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды, ұйымдастыруды, өкілеттік пен жауапкершілікті, жүзеге асыруды, орындау мониторингі мен бақылауды ғарыш жүйелерін пайдалану ұйымдарының барлық лауазымды тұлғалары мен басшылары конструкторлық-технологиялық және пайдалану талаптары мен функционалдық міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
А. Жумагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті