Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтерді, тауар биржаларының жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және олардың нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 568 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 маусымда № 20833 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы ұсынатын мәліметтердің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға Тауар биржаларының жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тауар биржаларының жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері ұсынатын мәліметтердің нысаны бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен немесе тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелер туралы мәліметтерді брокерлермен ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 408 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14178 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15096 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 маусымдағы
№ 568 бұйрығына
1-қосымша

Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленді және брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтерді (бұдан әрі - Мәліметтер) ұсыну тәртібін айқындайды.

2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі

      2. Брокерлер мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы бойынша ұсынады.

      3. Брокерлер Мәліметтерді осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желі бойынша берілетін деректердің қорғалуын, түпнұсқалығын растауды, тұтастығын тексеруді және шифрленуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде ұсынады және басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      4. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Мәліметтерді ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда Мәліметтер электрондық түрде "Microsoft Excel" не "Microsoft Access" форматында ұсынылады.

  Брокерлердің жеке тұлғалардың
бағалы қағаздармен мәмілелері
туралы мәліметтерді ұсыну
қағидаларына қосымша
  нысан

Мәліметтерді ұсыну үшін мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан

      Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы

      15-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы бар

      мәліметтерді беруді сұрайды жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ________________________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________

      20 __ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейін кезеңі үшін

      Сұрау салуды жіберу себептері _____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының

      басшысы (орынбасары) ___________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөрі)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 маусымдағы
№ 568 бұйрығына
2-қосымша

20__ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейін кезеңі үшін брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтер

      Брокердің атауы _________________________________________________________________

      брокердің бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Бағалы қағаздың түрі

Бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды)

Бағалы қағаздардың саны

Бағалы қағаздардың номиналды құны, теңге

Мәміле күні

Мәміле түрі

Мәміле бойынша контрагент

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












Бір депозитарлық қолхаттың базалық активін құрайтын бағалы қағаздардың саны

Депозитарлық қолхаттарды орналастыру бағасы, теңге

Депозитарлық қолхаттардың айналыс мерзімі

Инвестициялық пай қорының атауы

Басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Басқарушы компанияның атауы

11

12

13

14

15

16







      ______________________________________________/_________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефон нөмірі __________________

      Брокердің мекенжайы ________________________ ____________________________________

  "Брокерлердің жеке
тұлғалардың бағалы қағаздармен
мәмілелері туралы мәліметтер"
нысанына қосымша

"Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтер" (бұдан әрі - Мәліметтер) нысаны мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда - жолдың реттік нөмірі;

      2-бағанда - бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3-бағанда - бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      4-бағанда -1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 129-бабы 2-тармағына сәйкес 3-бағанда көрсетілген ұстаушысы жеке тұлға болып табылатын бағалы қағаздың түрі көрсетіледі;

      5-бағанда - бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды);

      6-бағанда - 4-бағанда көрсетілген түрдегі бағалы қағаздардың саны;

      7-бағанда - бағалы қағаздардың номиналды құны, теңгемен.

      8-бағанда - мәміле күні;

      9-бағанда - мәміле түрі;

      10-бағанда - мәміле бойынша контраген.

      2. Депозитарлық қолхаттар бойынша ақпарат ұсынылған жағдайда, қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:

      11-бағанда - бір депозитарлық қолхаттың базалық активін құрайтын бағалы қағаздардың саны;

      12-бағанда - депозитарлық қолхаттарды орналастыру бағасы, теңгемен;

      13-бағанда - депозитарлық қолхаттардың айналыс мерзімі.

      3. Пайлар бойынша ақпарат ұсынылған жағдайда қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:

      14-бағанда - инвестициялық пай қорының атауы;

      15-бағанда - басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      16-бағанда - басқарушы компанияның атауы.

      4. Мәліметтер басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 маусымдағы
№ 568 бұйрығына
3-қосымша

Тауар биржаларының жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауар биржаларының жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленді және тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) ұсыну қағидаларын айқындайды.

2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі

      2. Тауар биржалары мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы бойынша ұсынады.

      3. Тауар биржалары мәліметтерді осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желі бойынша берілетін деректердің қорғалуын, түпнұсқалығын растауды, тұтастығын тексеруді және шифрленуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрду ұсынады және басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      4. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша мәліметтерді ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда мәліметтер электрондық түрде "Microsoft Excel" не "Microsoft Access" форматында ұсынылады.

  Тауар биржалары жеке
тұлғалардың тауар биржасында
өткізілген биржалық
тауарлармен мәмілелері туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына қосымша
  нысан

Мәліметтерді ұсыну үшін мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан

      Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы

      15-тармағына сәйкес тауар биржасында жеке тұлғалардың өткізілген биржалық тауарлармен

      мәмілелері туралы бар мәліметтерді беруді сұрайды жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде) _________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________

      20 __ жылдың __ бастап 20__ жылдың __ дейін кезеңі үшін

      Сұрау салуды жіберу себептері _____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының

      басшысы (орынбасары) ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөрі)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 маусымдағы
№ 568 бұйрығына
4-қосымша
  нысан

20 __ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейін кезеңі үшін тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтер

      тауар биржасының атауы __________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________

Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Тауардың атауы

Тауардың атауы

Тауардың атауы

1

2

3

4

5

6







      ________________________________________________________________/_______________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефон нөмірі __________________

      ________________________________________________________________________________

      Тауар биржасының мекенжайы _____________________________________________________

  "Тауар биржалары жеке
тұлғалардың тауар биржасында
өткізілген биржалық
тауарлармен мәмілелері туралы
мәліметтер"
нысанына қосымша

"Тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтер" (бұдан әрі - Мәліметтер) нысаны мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда - жолдың реттік нөмірі;

      2-бағанда - биржалық тауарды сатып алушы-жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3-бағанда - биржалық тауарды сатып алушы-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      4-бағанда - биржалық тауардың атауы;

      5-бағанда - биржалық тауардың өлшем бірлігі;

      6-бағанда - биржалық тауардың құны, теңгемен.

      Мәліметтер басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

On approval of the Rules for provision of information by brokers on transactions of individuals with securities, commodity exchanges, information on transactions of individuals with exchange goods sold on a commodity exchange, and their forms

Order of the Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan dated June 4, 2020 No. 568. Registered in the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on June 8, 2020 No. 20833

      Unofficial translation

      Footnote. Comes into force from 01.01.2021 in accordance with paragraph 4 of this order.

      In accordance with paragraph 15 of Article 26 of the Code of the Republic of Kazakhstan dated December 25, 2017 "On taxes and other obligatory payments to the budget (Tax Code)" I HEREBY ORDER:

      1. To approve the attached:

      1) Rules for provision of information by brokers on transactions of individuals with securities in accordance with Appendix 1 to this order;

      2) the form of information provided by brokers on transactions of individuals with securities in accordance with Appendix 2 to this order;

      3) Rules for submission of information by commodity exchanges on transactions of individuals with exchange goods sold on a commodity exchange, in accordance with Appendix 3 to this order;

      4) the form of information provided by commodity exchanges on transactions of individuals with exchange goods sold on a commodity exchange, in accordance with Appendix 4 to this order.

      2. To declare invalid:

      1) the order of the Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan dated July 28, 2016 No. 408 "On approval of the Rules and forms for submission of information by brokers about transactions of audited individuals with securities or exchange goods sold on a commodity exchange" (registered in the Register of state registration of regulatory legal acts under No. 14178, published on September 9, 2016 in the information and legal system "Adilet");

      2) paragraph 4 of the List of orders of the Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan, which are amended and supplemented, approved by order of the Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan dated March 31, 2017 No. 213 "On amendments and additions to some orders of the Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan" (registered in the Register of state registration of regulatory legal acts under No. 15096, published on June 13, 2017 in the Reference Control Bank of regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan).

      3. The State Revenue Committee of the Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan, in accordance with the procedure established by law, to ensure:

      1) state registration of this order in the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) placement of this order on the Internet resource of the Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan;

      3) within ten working days after the state registration of this order in the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan, submission of information to the Department of Legal Service of the Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan on implementation of measures provided for in subparagraphs 1) and 2) of this paragraph.

      4. This order comes into force on January 1, 2021 and is subject to official publication.

      Minister of finance of the
Republic of Kazakhstan
Ye. Zhamaubayev

      "AGREED"
Agency of the Republic of Kazakhstan for
regulation and development of
financial market

      "AGREED"
Ministry of trade and integration of the
Republic of Kazakhstan

  Appendix 1
to the order of the
First Deputy Prime Minister of the
Republic of Kazakhstan –
Minister of finance of the
Republic of Kazakhstan
dated June 4, 2020 № 568

Rules for provision of information by brokers on transactions of individuals with securities

Chapter 1. General provisions

      1. These Rules for provision of information by brokers on transactions of individuals with securities (hereinafter referred to as the Rules) are developed in accordance with paragraph 15 of Article 26 of the Code of the Republic of Kazakhstan dated December 25, 2017 "On taxes and other obligatory payments to the budget" (Tax Code) and determine the procedure for brokers to submit information on transactions of individuals with securities (hereinafter - Information).

Chapter 2. Procedure for submission of Information

      2. Information is provided by brokers at the request of state revenue authorities in the form in accordance with the appendix to these Rules.

      3. Information is submitted by brokers electronically by means of transmission over information and communication network that provides protection, authentication, integrity check and encryption of data transmitted over the network in the form in accordance with Appendix 2 to this order, and is certified by the electronic digital signature of the head.

      4. In case of impossibility of submitting the Information over the information and communication network, as well as in the event of technical errors, the Information is submitted in electronic form in the format "Microsoft Excel" or "Microsoft Access".

  Appendix
to the Rules for
provision of information by
brokers on transactions of
individuals with securities
  Form

Request of state revenue authority for information submission

      __________________________________________________________________________

      (name of the state revenue authority) in accordance with paragraph 15 of article

      26 of the Code of the Republic of Kazakhstan dated December 25, 2017 "On taxes and other

      obligatory payments to the budget" (Tax Code) asks to submit

      available information on transactions of individuals with securities

      surname, name, patronymic (if any)

      _________________________________________________________________________

      individual identification number

      __________________________________________________________________________

      for a period from __ 20 __ to __ 20 __

      Reasons of the request

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Head (Deputy head) of the state revenue authority

      __________________________________________________________________________

      (surname, name and patronymic (if any), signature, seal)

  Appendix 2
to the order of the
First Deputy Prime Minister of the
Republic of Kazakhstan –
Minister of finance of the
Republic of Kazakhstan dated
June 4, 2020 № 568
  Form
  Information, submitted by brokers
on transactions of individuals with
securities
for a period from __ 20__
to __ 20 __

      Name of the broker

      ________________________________________________________________

      business-identification number of the broker

      ________________________________________________________________

Individual identification number

Surname, name, patronymic (if any) of an individual

Type of security

International security identification number (ISIN code)

Number of securities

Nominal value of securities, tenge

Date of transaction

Type of transaction

Counterparty for the transaction

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Number of securities constituting the underlying asset of one depositary receipt

Placement price of depositary receipts, tenge

Term of circulation of depositary receipts

Name of the mutual investment fund

Business identification number of management company

Name of the management company

11

12

13

14

15

16







      ______________________________________________/___________________________

      Surname, name, patronymic (if any) of the head, (electronic digital signature)

      Surname, name, patronymic (if any), phone number of the executive

      ____________________________________________________________________

      Address of the broker

      _____________________________________________________________________

  Appendix
to the form "Information,
submitted by brokers on
transactions of individuals with
securities"

Explanation of filling out the form "Information submitted by brokers on transactions of individuals with securities"

      1. The form "Information submitted by brokers on transactions of individuals with securities" (hereinafter - Information) includes the following data:

      in column 1 - the ordinal number of the line;

      in column 2 - the individual identification number of the individual who holds the securities;

      in column 3 - last name, first name, patronymic (if any) of the individual holding the securities;

      in column 4 - the type of security is indicated, in accordance with paragraph 2 of Article 129 of the Civil Code of the Republic of Kazakhstan dated December 27, 1994, the holder of which is an individual specified in column 3;

      in column 5 - the international identification number of the security (ISIN code);

      in column 6 - the number of securities of the type indicated in column 4;

      in column 7 - the nominal value of the securities, in tenge;

      in column 8 - the date of the transaction;

      in column 9 - the type of transaction;

      in column 10 - the counterparty for the transaction;

      2. In case of submission of information on depositary receipts, the following information is additionally submitted:

      in column 11 - the number of securities constituting the underlying asset of one depositary receipt;

      in column 12 - the placement price of depositary receipts, in tenge;

      in column 13 - the term of circulation of depositary receipts;

      3. In case of submission of information on shares, the following information is additionally provided:

      in column 14 - the name of the mutual investment fund;

      in column 15 - the business identification number of the management company;

      in column 16 - the name of the management company.

      4. The information is certified by the electronic digital signature of the head.

  Appendix 3
to the order of the
First Deputy Prime Minister of the
Republic of Kazakhstan –
Minister of finance of the
Republic of Kazakhstan dated
June 4, 2020 № 568

Rules for submission of information by commodity exchanges on transactions of individuals with exchange goods sold on a commodity exchange

Chapter 1. General provisions

      1. These Rules for submission of information by commodity exchanges on transactions of individuals with exchange goods sold on a commodity exchange (hereinafter referred to as the Rules) are developed in accordance with paragraph 15 of Article 26 of the Code of the Republic of Kazakhstan dated December 25, 2017 “On taxes and other obligatory payments to the budget” (Tax Code) and determine the procedure for submission of information by commodity exchanges on transactions of individuals with exchange goods sold on a commodity exchange (hereinafter - Information).

Chapter 2. Procedure for submission of information

      2. Information is provided by commodity exchanges at the request of state revenue authorities in the form in accordance with the appendix to these Rules.

      3. Information is submitted by commodity exchanges electronically by means of transmission over an information and communication network that provides protection, authentication, integrity check and encryption of data transmitted over the network in the form, in accordance with Appendix 4 to this Order, and is certified by the electronic digital signature of the head.

      4. In case of impossibility of obtaining the Information via the information and communication network, as well as in the event of technical errors, the Information is submitted in electronic form in the format "Microsoft Excel" or "Microsoft Access".

  Appendix
to the Rules for
submission of information by
commodity exchanges on
transactions of individuals with
exchange goods sold on a
commodity exchange
  Form

Request of state revenue authority for information submission

      __________________________________________________________________________

      (name of the state revenue authority) in accordance with paragraph 15 of article

      26 of the Code of the Republic of Kazakhstan dated December 25, 2017 "On taxes and other

      obligatory payments to the budget" (Tax Code) asks to submit

      available information on transactions of individuals with exchange goods,

      sold on the commodity exchange

      last name, first name, patronymic (if any)

      _________________________________________________________________________

      individual identification number

      _________________________________________________________________________

      for the period from __ 20 __ to __ 20 __

      Reasons for the request

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Head (Deputy head) of the state revenue authority

      __________________________________________________________________________

      (surname, name and patronymic (if any), signature, seal)

  Appendix 4
to the order of the
First Deputy Prime Minister of the
Republic of Kazakhstan –
Minister of finance of the
Republic of Kazakhstan
dated June 4, 2020 № 568
  Form

Information submitted by commodity exchanges on transactions of individuals with exchange goods sold on the commodity exchange for the period from __ 20 __ to __ 20 __

      Name of commodity exchange _________________________________________

            business-identification number ______________________________________

Individual identification number of an individual

Surname, name, patronymic (if any)

Name of goods

Unit of measurement

Cost of goods (tenge)

1

2

3

4

5

6







      ______________________________________________/______________________

            Surname, name, patronymic (if any) of the head,

      (electronic digital signature)

      Surname, name, patronymic (if any), phone number of the executive

      __________________________________________________ _______________________

      Commodity exchange address ________________________________________________

  Appendix
to the form "Information,
submitted by commodity
exchanges on transactions of
individuals with
exchange goods, sold on a
commodity exchange"

Explanation of filling out the form "Information provided by commodity exchanges on transactions of individuals with exchange goods sold on a commodity exchange"

      1. The form "Information submitted by commodity exchanges on transactions of individuals with exchange goods sold on a commodity exchange" (hereinafter - Information) includes the following data:

      in column 1 - the ordinal number of the line;

      in column 2 - the individual identification number of the individual who buys the exchange goods;

      in column 3 - last name, first name, patronymic (if any) of an individual who buys the exchange goods;

      in column 4 - the name of the exchange goods;

      in column 5 - the unit of measurement of the exchange goods;

      in column 6 - the cost of the exchange goods, in tenge.

      2. The information is certified by the electronic digital signature of the head.