Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 301 қаулысымен бекітілген Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларының 8-тармағының 1) тармақшасына және 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініштің нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес конверттерді ашу және конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасының нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау жөніндегі комиссия отырысы хаттамасының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
Конкурсқа қатысуға өтініш
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын
бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау бойынша конкурсқа қатысуға
қабылдауды сұраймын _____________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Ұсынылған құжаттар дұрыс екенін растаймын.
Қоса беріліп отырған құжаттар: __________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ескертпе: Құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 301 қаулысымен бекітілген Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларының 8-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынылады.
Бірінші басшы
лауазымының атауы _______________ қолтаңбаның толық жазылуы
(жеке қолы)
Күні
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 176 бұйрығына 2-қосымша |
|
Нысан |
Нұр-Сұлтан қаласы Күні
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталғанбюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат беру және конверттерді ашу № _____ хаттамасы
1. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша
қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау бойынша комиссия
(бұдан әрі - Комиссия) мынадай құрамда:
Комиссия төрағасы _______________________________________
лауазымы, аты-жөні, тегі
Комиссия мүшелері : 1. _______________________________________
лауазымы, аты-жөні, тегі
2. _____________________________________
лауазымы, аты-жөні, тегі
3. _____________________________________
лауазымы, аты-жөні, тегі
4. ____________________________________
лауазымы, аты-жөні, тегі
келесі өтініш берушілердің:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________ конверттерін ашты,
_________________________________________________________________________,
құрамында ________________________________________________________________.
(өтініш берушілер ұсынған құжаттар көрсетіледі)
2. Конкурстық өтінімдер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтініш берушілердің атауы көрсетіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 301 қаулысымен бекітілген Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс қаражатты бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларының __________ тармағының (тарының) ____________ тармақшасына (ларына) сәйкес келмеу негізінде қайтарылған.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия ШЕШТІ:
конкурсқа қатысуға келесі өтініш берушілер жіберілсін:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(өтініш беруші (оның деректемелері) көрсетіледі)
Комиссия төрағасы ________________ қолтаңбаның толық жазылуы
(жеке қолы)
Комиссия мүшелері : _______________ қолтаңбаның толық жазылуы
(жеке қолдары)
_______________
_______________
_______________
_______________
Комиссия хатшысы ________________ қолтаңбаның толық жазылуы
(жеке қолы)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 176 бұйрығына 3-қосымша |
|
Нысан |
Нұр-Сұлтан қаласы Күні
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындаубойынша комиссия отырысының № _____ хаттамасы
Төраға _____________________________________
Хатшы _____________________________________
Қатысқандар: адам (саны) (тізім қоса беріледі)
Күн тәртібі
1. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша
қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау бойынша комиссия
(бұдан әрі – Комиссия) өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ШЕШТІ:
_______________________________________________________________
(өтініш беруші (оның деректемелері) көрсетіледі)
дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын
бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау ұсынылсын:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(өтініш беруші (оның деректемелері көрсетіледі)
немесе келесі себеп бойынша конкурс өтпеген деп танылсын:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 301 қаулысымен
бекітілген Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс
қаражатты бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларының
16-тармағында көзделген себебі көрсетіледі)
Комиссия төрағасы _______________ қолтаңбаның толық жазылуы
(жеке қолы)
Комиссия мүшелері : _______________ қолтаңбаның толық жазылуы
(жеке қолдары)
________________
________________
________________
________________
Комиссия хатшысы ________________ қолтаңбаның толық жазылуы
(жеке қолы)