"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 85 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 шiлдеде № 20945 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7996 болып тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 802-806 (27877) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Агенттіктер – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі ("Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 25 Жарлығымен таратылды), Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығымен құрылды);";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) талаптар – Ұлттық Банк әзірлеген, Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына орналасуға үміткер адамдарға Ұлттық Банк бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттарын, Ұлттық Банк қызметшілерінің лауазымдық өкілеттіктерін ескере отырып білімі, жұмыс тәжірибесі және құзыреттері бойынша қойылатын талаптар;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына конкурстан тыс мыналар орналасады:

      1) Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына ауысу арқылы талаптарға сәйкес келетін Ұлттық Банк қызметкерлері;

      2) кадр резервінде тұрған адамдар;

      3) жоғары біліктілік деңгейі және кәсіби дайындығы бар адамдар:

      шет тілін білетін (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 9-дан 6-дан төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF 699-дан 400 (В2), СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей);

      және (немесе) ғылыми дәрежесі бар;

      және (немесе) шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған;

      және (немесе) халықаралық бухгалтерлік (CMA, CPA, CIPA, CAP, ACCA, IAB) немесе қаржылық (CFM, CFA, IFA, CIMA) сертификаттары, ақпараттық технологиялар (CISA, CISM) және ішкі аудит (CIA, CCSA, CRMA, CGAP, CFSA) саласында халықаралық сертификаттары, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ACAMS) саласындағы халықаралық сертификаты бар;

      және (немесе) Ұлттық Банктің ұйымдарында және еншілес ұйымдарында, ұлттық басқарушы холдингте, даму институттарында, қаржы ұйымдарында, заңгерлік фирмаларда (компанияларда) Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар;

      және (немесе) мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарда кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар;

      және (немесе) IT саласында (жүйе талдаушылары мен архитекторлар), құрылыс саласында (құрылысшы-инженерлер), бұқаралық ақпарат құралдары саласында (журналистер, PR мамандары), химиялық-талдамалық сараптама саласында (металлургтер, химиктер, физиктер) лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұйымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар;

      4) бұрын Ұлттық Банкте немесе оның ведомствосында не Агенттіктерде кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар (еңбек шарты теріс жағдайлар бойынша бұзылған адамдарды қоспағанда);

      5) "Назарбаев Университеті" ДБҰ магистратурасының түлектері немесе Ұлттық Банктің және "Нархоз университеті" АҚ-тың арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген білім беру бағдарламалары шеңберінде білім алған "Нархоз университеті" АҚ магистратурасының немесе Ұлттық Банк магистратурасының түлектері;

      6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған, талаптарға сәйкес келетін адамдар.".

      2. Адам капиталын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 261 "Об утверждении Правил назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 июня 2020 года № 85. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 июля 2020 года № 20945

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 261 "Об утверждении Правил назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7996, опубликовано 5 декабря 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 421-422 (27240-27241) следующие изменения:

      в Правилах назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 3:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) Агентства - Агентство Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (упразднено Указом Президента Республики Казахстан от 12 апреля 2011 года № 25 "О дальнейшем совершенствовании системы государственного регулирования финансового рынка Республики Казахстан"), Агентство Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка (создано Указом Президента Республики Казахстан от 11 ноября 2019 года № 203 "О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан);";

      подпункт 10) изложить в следующей редакции:

      "10) требования – разработанные Национальным Банком требования, предъявляемые к лицам, претендующим на занятие должности служащего Национального Банка, по образованию, опыту работы и компетенциям с учетом основных направлений деятельности подразделений Национального Банка, должностных полномочий служащих Национального Банка;";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Внеконкурсное занятие должности служащего Национального Банка осуществляется:

      1) работниками Национального Банка, соответствующими требованиям, путем перевода на вакантную должность служащего Национального Банка;

      2) лицами, состоящими в кадровом резерве;

      3) лицами, имеющими высокий уровень квалификации и профессиональной подготовки:

      владеющие иностранным языком (наличие международного сертификата IELTS - не ниже 6 из 9, TOEFL IBT - 80 из 120, TCF 400 (В2) из 699, СILS 1, HSK 6 уровень из 11);

      и (или) имеющие ученую степень;

      и (или) завершившие обучение в зарубежных высших учебных заведениях;

      и (или) имеющие международный бухгалтерский (CMA, CPA, CIPA, CAP, ACCA, IAB) или финансовый (CFM, CFA, IFA, CIMA) сертификаты, международные сертификаты в области информационных технологий (CISA, CISM) и внутреннего аудита (CIA, CCSA, CRMA, CGAP, CFSA), международный сертификат в области противодействия легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем и финансированию терроризма (ACAMS);

      и (или) имеющие стаж работы в организациях и дочерних организациях Национального Банка, национальном управляющем холдинге, институтах развития, финансовых организациях, юридических фирмах (компаниях) не менее 2 (двух) лет в областях, соответствующих функциональным направлениям вакантной должности служащего Национального Банка;

      и (или) имеющие стаж работы на руководящих должностях в государственных органах не менее 1 (одного) года;

      и (или) имеющие стаж работы не менее 3 (трех) лет в организациях, соответствующих функциональным направлениям должности в области IT (системные аналитики и архитекторы), в области строительства (инженеры-строители), в области средств массовой информации (журналисты, PR-специалисты), в области химико-аналитической экспертизы (металлурги, химики, физики);

      4) лицами, ранее работавшими в Национальном Банке или его ведомстве, либо Агентствах, не менее двух лет (за исключением лиц, трудовой договор с которыми расторгнут по отрицательным мотивам);

      5) выпускниками магистратуры АОО "Назарбаев Университет" или магистратуры АО "Университет Нархоз", обучившимися в рамках образовательных программ, предусмотренных Соглашением о сотрудничестве между Национальным Банком и АО "Университет Нархоз", или выпускниками магистратуры Национального Банка;

      6) лицами, зачисленными в Президентский молодежный кадровый резерв.".

      2. Департаменту развития человеческого капитала в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Департаменту информации и коммуникаций – пресс-службе Национального Банка обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Галиеву Д.Т.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Национального Банка
Республики Казахстан
Е. Досаев