"Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 17956 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген электр энергиясына шекті тарифтер:
мынадай редакциядағы жолдармен толықтырылсын:
"
Пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдар | |||||||
Электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдар тобы | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл |
45-топ | 12,1 | 12,1 | 12,1 | 12,1 | 12,1 | 12,1 | 12,1 |
".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. |
М. Журебеков |