"Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2020 жылғы 9 шiлдедегi № 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20967 болып тіркелді

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 17956 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген электр энергиясына шекті тарифтер:

      мынадай редакциядағы жолдармен толықтырылсын:

      "

Пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдар

Электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдар тобы

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

45-топ

12,1

12,1

12,1

12,1

12,1

12,1

12,1

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің м.а.
М. Журебеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады