"Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 1 шiлдедегi № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 шiлдеде № 21002 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10323 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері";

      1-тарауда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын күтіп-ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптарды көздейді.";

      2-тарау мынадай мазмұндағы 15-параграфпен толықтырылсын:

      "15-параграф. Тауық еті (МЕМСТ 31962-2013)

      150-4. Жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын дайындаушы белгілейді.

      150-5. Өнімнің қалың қабатындағы температураны ұстап тұруды қамтамасыз ететін тоңазыту камерасындағы ауаның мынадай температурасы кезінде өндірілген күннен бастап мұздатылған тауық етінің ұсынылатын жарамдылық мерзімдері:

      минус 120С жоғары емес - тұтыну ыдысындағы ұшалар - 8 айдан аспайды, топтық қаптамада - 4 айдан аспайды; ұшалар бөліктері - 1 айдан аспайды;

      минус 180С жоғары емес - тұтыну ыдысындағы ұшалар - 12 айдан аспайды, топтық қаптамада - 8 айдан аспайды; ұшалар бөліктері - 3 айдан аспайды;

      минус 250С жоғары емес - тұтыну ыдысындағы ұшалар 14 айдан аспайды, топтық қаптамада - 11 айдан аспайды.";

      4-тарауда:

      1 және 2-параграфтар алып тасталсын;

      6-тарауда:

      1-параграф алып тасталсын;

      7-тарау мынадай мазмұндағы 11-параграфпен толықтырылсын:

      "11-параграф. SAE10w40API SF/SH, SAE10w40API СF/СH мотор майлары (МЕМСТ 1510-84)

      346-1. Ыдыстағы мұнай өнімдерін стеллаждарда, табандықтарда немесе штабельдерде жабық қойма үй-жайларында, шатырдың астында немесе тікелей күн сәулесі мен атмосфералық жауын-шашынның әсерінен қорғалған, жоспарланған алаңда сақтау керек. Мұнай өнімдері бар ыдысты тығындарын жоғары қаратып қояды.

      Орамды картон барабандардағы жұмсақ майлағыштарды табандықтарда қақпақтарын жоғары қаратып, биіктігі бойынша үш қатардан аспайтын етіп жабық қойма үй-жайларында сақтау керек.";

      8-тарауда:

      1 және 2-параграфтар алып тасталсын;

      9-тарауда:

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Балқытылған сым, 10 миллиметрлік сым (МЕМСТ 2246)

      12-параграф алып тасталсын;

      10-тарауда:

      2-параграфтың 496-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрпелерді төсем бөренеде және стеллаждарда еденнен кемінде 20 см қашықтықта орналастыру қажет.";

      14-тарау мынадай мазмұндағы 16, 17 және 18-параграфтармен толықтырылсын:

      "16-параграф. Түбі жазық металл қайық, 8 орындық үрлемелі қайық

      832-1. Түбі жазық металл қайықты және 8 орындық үрлемелі қайықты сақтау дайындаушының (өндірушінің) сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      17-параграф. 2 тонналық тіркеме цистерна (МЕМСТ 9218-86)

      832-2. Әрбір цистернаның көрінетін жерінде МЕМСТ 12971 бойынша келесі ақпаратты қамтитын фирмалық тақтайша бекітілуі тиіс:

      дайындаушы кәсіпорынның атауы немесе тауар белгісі;

      цистернаның белгісі;

      дайындаушы кәсіпорынның нөмірлеу жүйесі бойынша цистернаның реттік нөмірі;

      шығарылған күні;

      осы стандарттың және техникалық шарттардың белгісі;

      Көлік өлшемдеріне арналған мемлекеттік тізілім белгісінің бейнесі.

      832-3. Көліктік шаралар, жалпы бұйымға арналған фирмалық тақтайшадан басқа, әрбір цистернада (секцияда) мыналарды қамтитын тақтайшалар болуға тиіс:

      толық сыйымдылығы, м³;

      мемлекеттік салыстырып тексеру таңбасы.

      Толық сыйымдылықтың мәнін және мемлекеттік салыстырып тексеру таңбасын цистерна аузының ішкі бетіне жазуға рұқсат етіледі.

      832-4. Тексеру кезінде анықталған сыйымдылық мәнін жазуға арналған тақтайшалар түсті металдан жасалуы және цистерналардың аузында оң жағынан қатты бекітілуі тиіс. Тақтайшалар биіктігі кемінде 12 мм сандар жазуға жеткілікті мөлшерде болуы және таңбаны бүлдірмей, кестелерді ауыстыру мүмкіндігін болдырмайтын Мемлекеттік салыстырып тексеру таңбасын жазу үшін бейімделген болуы тиіс.

      832-5. Цистерналар мен қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандар мен керек-жарақтарды консервациялау IV топтың бұйымдарына арналған МЕМСТ 9.014 бойынша жүргізіледі. Консервациялаудың қолданылу мерзімі - 12 ай, ал экспортқа арналған цистерналар үшін - 36 ай.

      Сақтау және тасымалдау шарттарының санаты - МЕМСТ 15150 бойынша.

      832-6. Дайындаушы сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарын сақтаған кезде цистерналардың осы стандарттың талаптарына сәйкестігіне кепілдік береді.

      Кепілдік пайдалану мерзімі - цистерна пайдалануға берілген күннен бастап 18 ай.

      18-параграф. Дезинфекциялық себезгі автомобилі

      832-7. Дезинфекциялық себезгі автомобилін сақтау дайындаушының (өндірушінің) сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      15-тарау мынадай мазмұндағы 24-1-параграфпен толықтырылсын:

      "24-1-параграф. Лай помпасы.

      961-1. Лай помпасын сақтау дайындаушының (өндірушінің) сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 44 "Об утверждении нормативов хранения материальных ценностей государственного материального резерва"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 июля 2020 года № 50. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 июля 2020 года № 21002

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 44 "Об утверждении нормативов хранения материальных ценностей государственного материального резерва" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10323, опубликован от 1 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении нормативов хранения материальных ценностей государственного материального резерва, за исключением лекарственных средств и медицинских изделий мобилизационного резерва";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые нормативы хранения материальных ценностей государственного материального резерва, за исключением лекарственных средств и медицинских изделий мобилизационного резерва.";

      в нормативах хранения материальных ценностей государственного материального резерва, утвержденных указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Нормативы хранения материальных ценностей государственного материального резерва, за исключением лекарственных средств и медицинских изделий мобилизационного резерва";

      в главе 1:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие нормативы хранения материальных ценностей государственного материального резерва, за исключением лекарственных средств и медицинских изделий мобилизационного резерва разработаны в соответствии с подпунктом 11) статьи 12-1 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите" и предусматривают технические требования по содержанию и условиям хранения материальных ценностей государственного материального резерва, за исключением лекарственных средств и медицинских изделий мобилизационного резерва.";

      главу 2 дополнить параграфом 15 следующего содержания:

      "Параграф 15. Мясо курицы (ГОСТ 31962-2013)

      150-4. Срок годности и условия хранения устанавливает изготовитель.

      150-5. Рекомендуемые сроки годности замороженного мяса кур со дня выработки при температуре воздуха в холодильной камере, обеспечивающей поддержание температуры в толще продукта:

      не выше минус 12°С - тушек в потребительской таре - не более 8 мес, в групповой упаковке - не более 4 мес; частей тушек - не более 1 мес;

      не выше минус 18°С - тушек в потребительской таре - не более 12 мес, в групповой упаковке - не более 8 мес; частей тушек - не более 3 мес;

      не выше минус 25°С - тушек в потребительской таре - не более 14 мес, в групповой упаковке - не более 11 мес.";

      в главе 4:

      параграфы 1 и 2 исключить;

      в главе 6:

      параграф 1 исключить;

      главу 7 дополнить параграфом 11 следующего содержания:

      "Параграф 11. Моторные масла SAE10w40API SF/SH, SAE10w40API CF/CH (ГОСТ 1510-84)

      346-1. Нефтепродукты в таре следует хранить на стеллажах, поддонах или в штабелях в крытых складских помещениях, под навесом или на спланированной площадке, защищенной от действия прямых солнечных лучей и атмосферных осадков. Тару с нефтепродуктами устанавливают пробками вверх.

      Пластичные смазки в картонных навивных барабанах следует хранить в поддонах крышками вверх не более чем в три яруса в крытых складских помещениях.";

      в главе 8:

      параграфы 1 и 2 исключить;

      в главе 9:

      заголовок параграфа 1 изложить в следующей редакции:

      "Параграф 1. Проволока сварная, проволока 10 миллиметров ГОСТ 2246"

      параграф 12 исключить;

      в главе 10:

      пункт 496 параграфа 2 изложить в следующей редакции:

      "496. Одеяла следует располагать на подтоварнике и стеллажах на расстоянии от пола не менее 20 см.";

      главу 14 дополнить параграфами 16, 17 и 18 следующего содержания:

      "Параграф 16. Лодка металлическая плоскодонная, лодка 8 местная надувная

      832-1. Хранение лодки металлической плоскодонной и лодки8 местной надувной осуществляется согласно условиям хранения изготовителя (производителя).

      Параграф 17. Цистерна прицепная 2 тонны (ГОСТ 9218-86)

      832-2. На видном месте каждой цистерны должна быть прикреплена фирменная табличка по ГОСТ 12971, содержащая:

      наименование или товарный знак предприятия-изготовителя;

      обозначение цистерны;

      порядковый номер цистерны по системе нумерации предприятия-изготовителя;

      дату выпуска;

      обозначение настоящего стандарта и технических условий;

      изображение знака Государственного реестра для транспортных мер.

      832-3.Транспортные меры, кроме фирменной таблички на изделие в целом, должны иметь на каждой цистерне (секции) таблички, содержащие:

      полную вместимость, м³;

      государственное поверительное клеймо.

      Допускается значение полной вместимости и государственное поверительное клеймо наносить на внутренней поверхности горловины цистерны.

      832-4. Таблички для нанесения установленного при поверке значения вместимости должны быть изготовлены из цветного металла и жестко укреплены на горловинах цистерн с правой стороны. Таблички должны быть достаточных размеров для нанесения цифр высотой не менее 12 мм и быть приспособлены для нанесения Государственного поверительного клейма, исключающего возможность замены табличек без повреждения клейма.

      832-5. Консервация цистерн и ЗИП - по ГОСТ 9.014 для изделий группы IV. Срок действия консервации - 12 месяцев, а для цистерн, предназначенных для экспорта, - 36 месяцев.

      Категория условий хранения и транспортирования - по ГОСТ 15150.

      832-6. Изготовитель гарантирует соответствие цистерн требованиям настоящего стандарта при соблюдении условий хранения, транспортирования и эксплуатации.

      Гарантийный срок эксплуатации - 18 месяц со дня ввода цистерны в эксплуатацию.

      Параграф 18. Дезинфекционный душевой автомобиль.

      832-7. Хранение дезинфекционного душевого автомобиля осуществляется согласно условиям хранения изготовителя (производителя).";

      главу 15 дополнить параграфом 24-1 следующего содержания:

      "Параграф 24-1. Грязевая помпа

      961-1. Хранение грязевой помпы осуществляется согласно условиям хранения изготовителя (производителя).".

      2. Комитету по государственным материальным резервам в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной
экономики Республики Казахстан
Р. Даленов