ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4.т қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 тамызы № 244 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен бекітілген |
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 32) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі – өндіріс объектісі) есептік нөмірлер беру тәртібін және "Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – "e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесіндегі өндіріс объектілеріне берілген есепке алу нөмірлері және олардың иелері туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) орналасқан аумақтық бөлімшілер;
3) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
4) геоақпараттық сервис – пайдаланушының цифрлық картада өндіріс объектісінің координаттарын (ендік пен бойлық) қалыптастыру үшін бұрылыс нүктелерін таңдауына арналған ақпараттық жүйенің автоматтандырылған сервисі;
5) есепке алу нөмірі – қызмет түрінен және өндіріс объектісінің нөмірінен тұратын код;
6) жеке кабинет – пайдаланушының (жеке немесе заң тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), көрсетілетін қызметті берушінің) ақпараттық жүйедегі дербес веб-парақшасы;
7) өндіріс объектілерінің есепке алу нөмірлерінің электрондық тізілімі – өтініштер, өндіріс объектілері туралы мәліметтердің, сондай-ақ берілген есепке алу нөмірлері туралы мәліметтердің жиынтығы;
8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, өндіріс объектісіне бұрын берілген есепке алу нөмірі туралы, өндіріс объектісіне ветеринариялық-санитариялық қорытындының бар-жоғы туралы, меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы жеке кабинеттегі тиісті мәртебе порталда өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру" мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
6. Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай берілген өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды болуы қажет.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету және нәтижесін беру мерзімі өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
8. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері өтінішті келіп түскен күні тіркейді және оны жауапты қызметкерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері өтініш тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) өтініште қамтылған мәліметтерді толық ұсынбаған, қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын және (немесе) мәліметтерді ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтінім тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін береді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есепке алу нөмірінің берілгені туралы растауды не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірінің берілгені туралы растау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
10. Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген, дара кәсіпкерді қайта тіркеу және (немесе) оның атауы өзгерген, заңды тұлғаның атауы өзгерген және (немесе) заңды тұлға бірігу, қайта құру, заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға қосылуы, бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өзгерістер туындаған сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, өзгерістер туралы ақпаратты растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге өтініш береді.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер өндіріс объектісінің жүзеге асырылатын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқпаса, онда көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өндіріс объектісіне есепке алу нөмірінің берілгені туралы растауды қайта ресімдейді.
Қызмет түрі өзгерген жағдайда, өндіріс объектісі осы Қағидаларға сәйкес есепке алу нөмірін беру рәсімінен қайта өтеді.
Жылжымалы (ұтқыр) объектілері бар өндіріс объектілері оларды қолданыстағы есепке алу нөміріне байланыстырады.
11. Өндіріс объектісіндегі қызмет тоқтатылған (уақытша тоқтатылған) кезде көрсетілетін қызметті алушы өндіріс объектісін есептен шығаруға бастамашылық жасайды және өндіріс объектісіндегі қызмет тоқтатылған (уақытша тоқтатылған) сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіндегі қызметті тоқтату (уақытша тоқтату) туралы өтініш береді.
Өндіріс объектісіндегі қызметті тоқтату (уақытша тоқтату) туралы өтініштіі көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және ақпараттық жүйеде өндіріс объектісінің мәртебесін өзгертуді жүзеге асырады.
12. Есепке алу нөмірі мал сою алаңдарын қоспағанда, өндіріс объектісі қызметінің барлық кезеңіне беріледі.
Мал сою алаңдарына есепке алу нөмірлері 1 (бір) жыл мерзімге беріледі және сол өңірде ет өңдеу кәсіпорындары немесе мал сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын расталуы тиіс. Бар есепке алу нөмірін растау үшін сою алаңдары берілген есепке алу нөмірлерін сақтай отырып, осы Қағидаларға сәйкес есепке алу нөмірлерін беруді қайта рәсімдейді.
13. Өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын кодтан тұратын есепке алу нөмірі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірлерін беруге арналған литерлік кодта осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әріптік және сандық символдары болады.
14. Өндіріс объектісі бойынша қызмет түрі жоспарлы түрде өзгерген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге қайтадан өтініш береді. Бұл ретте бұрын берілген есепке алу нөміріне "Белсенді емес" мәртебесі беріледі.
15. Елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келген кезде экспортты/импортты жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектілерін есепке алу нөмірлерінің электрондық тізілімінде "Экспорт/Импорт" беріледі және есепке алу нөміріне осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Е" (экспорттаушылар үшін), "I" (импорттаушылар үшін) символы қосымша енгізіледі.
16. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19961 болып тіркелген) бекітілген "Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесіне сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8560 болып тіркелген) бекітілген "Бір өтініш" қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіппен "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен (бұдан әрі – "бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бірге "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық-санитариялық қорытындыны және "бір өтініш" қағидаты бойынша есепке алу нөмірін беруге арналған өтінішті береді.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш тіркелген сәттен бастап 6 (алты) күн, оның ішінде:
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 4 (төрт) жұмыс күні;
өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірін беру – 2 (екі) жұмыс күні.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру және жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру.
17. Өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) есепке алу нөмірін алу үшін ұсынылған құжаттардың, объектілердің және (немесе) деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
18. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бұл туралы техникалық істен шығу пайда болған сәттен бастап дереу "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.
Бұл ретте, туындаған істен шығуды жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін оператор 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
19. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне келіп түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
20. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші, ведомство, ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
21. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес мыналар қарауы тиіс:
көрсетілетін қызметті беруші, ведомство, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
22. Көрсетілетін қызметті берушінің, ведомствоның, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
________________________________________________________________
(ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің атауы)
Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш
Мына өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруді, қайта ресімдеуді,
(қажеттісінің астын сызу)
растауды, қайта тіркеуді сұраймын:
1) өндіріс объектісінің атауы: ______________________________________;
2) өндіріс объектісі қызметінің түрі: ________________________________;
3) экспортты/импортты жүзеге асыру: ______________________________;
4) өндіріс объектісінің құрамы:
Р/с № | Өндіріс объектісі (жер учаскесі, ғимарат, құрылыс, құрылысжай) орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі |
Өндіріс объектісіне орналасқан аумақтың бұрылыс нүктелерінің координаттары | Ветеринариялық-санитариялық қорытындының деректемелері (нөмірі, күні және берген орган) | Ескертпелер | |
бойлық | ендік | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескертпе: * Өндіріс объектісі орналасқан аумақтың бұрылыс нүктелерінің координаттары (бойлық және ендік) техникалық мүмкіндік болса, геоақпараттық сервис арқылы анықталады.
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
заңды тұлға үшін:
атауы: __________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ______________________________________
басшының жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: ________________________________________________________________
мекенжайы: _____________________________________________________
телефон нөмірі (факс): ____________________________________________
жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: __________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі: _________________________________________________________
кім берді: _______________________________________________________
берілген күні: ____________________________________________________
мекенжайы: _____________________________________________________
телефон нөмірі (факс): ____________________________________________.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Көрсетілетін қызметті алушы 20__ жылғы " " ______ сағат___-де қол қойып, жіберді.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) деректері:
_____________________
ЭЦҚ қою күні мен уақыты: ____________
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
Өтініш 20__ жылғы " " ______ сағат___-де қабылданды
Ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің ЭЦҚ деректері: _______________
ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты: ______________
"Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
2 (екі) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті ұсынады. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар және "жеке кабинет" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. |
Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растау
Осы растау Қағидаларға сәйкес өндіріс объектісіне ___________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
____________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________
(өндіріс объектісінің қызмет түрі көрсетіледі)
____________________________________________________________________
20__ жылғы "___" _______ есепке алу нөмірін берілгені туралы берілді.
Ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы
_________________________________ __________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
[Уәкілетті органның |
[Уәкілетті органның |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Берілген күні: [берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны:
Облыс: [Облыс]
Аудан: [Аудан]
Қала\елді мекен: [қала\елді мекен]
[жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі] [БСН / ЖСН]
Мемлекеттік тіркеу күні [күні]
Бас тарту себебі: [бас тарту себебі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ]
________________________________________________________________
(ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің атауы)
Өндіріс объектісіндегі қызметті тоқтату (тоқтата тұру) туралы өтініш
___________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
_____________________________________________________________________
(өндіріс объектісінің атауы, қызмет түрі)
өндіріс объектісінің қызметін тоқтатуды (тоқтата тұруды) сұраймын.
Ветеринариялық-санитариялық қорытындының нөмірі және берілген күні
_____________________________________________________________________
Бұрын берілген есепке алу нөмірі ___________________________________
Телефон нөмірі (факс):_____________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Көрсетілетін қызметті алушы 20__ жылғы " " ______ сағат___-де қол қойып, жіберді.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) деректері:
_____________________
ЭЦҚ қою күні мен уақыты: ____________
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
Өтініш 20__ жылғы " " ______ сағат___-де қабылданды
Ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің ЭЦҚ деректері: _______________
ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты: ______________
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты: ____________________
Өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын кодтан тұратын есепке алу нөмірі
Р/с № | Қызмет түрі | Коды |
1 | 2 | 3 |
Өндіріс объектілерінің қызмет түрлерінің кодтары | ||
1 | Жануарлар мен құстарды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері: | |
Малдарды бордақылау алаңдарында өсіру және өткізу | К1 | |
Малды асыл тұқымдық орталықтарда (репродукторларда) өсіру және өткізу | К2 | |
Құс фабрикаларында (құс шаруашылықтарында) құс өсіру | К3 | |
Ауыл шаруашылығы құрылымдарында (шаруа, фермерлік шаруашылықтар, кешендер) жануарларды өсіру | К 4 | |
Балық өсіру | К5 | |
Ара өсіру (омартада) | К6 | |
Жануарларды ішкі сауда объектілерінде өткізу | К 7 | |
Құстарды ішкі сауда объектілерінде өткізу | К 8 | |
Балықты ішкі сауда объектілерінде өткізу | К9 | |
2 | Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды) және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері: | |
ет өңдеу кәсіпорындары; | U1 | |
сою пункттері (жылжымалы (мобильді) сою пункттерін қоса алғанда); | U2 | |
сою алаңдары (жылжымалы (мобильді) сою алаңдарын қоса алғанда); | U3 | |
құс өңдеу кәсіпорындары | U4 | |
балық және балық өнімдері | U5 | |
жануарлардан алынатын шикізат | U6 | |
бал және ара шаруашылығы өнімдері | U7 | |
сүт және сүт өнімдері | U8 | |
3 | Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері: | |
ет, ет өнімдері | G1 | |
балық және балық өнімдері | G2 | |
бал және ара шаруашылығы өнімдері | G3 | |
жануарлардан алынатын шикізат | G4 | |
сүт және сүт өнімдері | G5 | |
4 | Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер: | |
ет, ет өнімдері | W1 | |
балық және балық өнімдері | W2 | |
бал және ара шаруашылығы өнімдері | W3 | |
жануарлардан алынатын шикізат | W4 | |
сүт және сүт өнімдері | W5 | |
5 | Ветеринариялық препараттарды және азықтық қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдар | Y |
6 | Ветеринариялық препараттарды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдар | V |
7 | Азық және азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізуі жөніндегі ұйымдар | О |
Өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірлерін беруге арналған литерлік код
Р/с № | Код | Атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | KZ | Қазақстан Республикасы |
2 | С | Ақмола облысы |
3 | 01 | Ақкөл ауданы |
4 | 02 | Аршалы ауданы |
5 | 03 | Астрахан ауданы |
6 | 04 | Атбасар ауданы |
7 | 05 | Бұланды ауданы |
8 | 06 | Көкшетау қаласы |
9 | 07 | Степногорск қаласы |
10 | 08 | Егіндікөл ауданы |
11 | 09 | Біржан сал ауданы |
12 | 10 | Ерейментау ауданы |
13 | 11 | Есіл ауданы |
14 | 12 | Жақсы ауданы |
15 | 13 | Жарқайын ауданы |
16 | 14 | Зеренді ауданы |
17 | 15 | Қорғалжын ауданы |
18 | 16 | Сандықтау ауданы |
19 | 17 | Целиноград ауданы |
20 | 18 | Шортанды ауданы |
21 | 19 | Шу ауданы |
22 | В | Алматы облысы |
23 | 01 | Ақсу ауданы |
24 | 02 | Алакөл ауданы |
25 | 03 | Балқаш ауданы |
26 | 04 | Еңбекшіқазақ ауданы |
27 | 05 | Ескелді ауданы |
28 | 06 | Жамбыл ауданы |
29 | 07 | Іле ауданы |
30 | 08 | Қарасай ауданы |
31 | 09 | Қаратал ауданы |
32 | 10 | Кербұлақ ауданы |
33 | 11 | Көксу ауданы |
34 | 12 | Панфилов ауданы |
35 | 13 | Райымбек ауданы |
36 | 14 | Сарқанд ауданы |
37 | 15 | Талғар ауданы |
38 | 16 | Ұйғыр ауданы |
39 | 17 | Қапшағай қаласы |
40 | 18 | Талдықорған қаласы |
41 | 19 | Текелі қаласы |
42 | 20 | Кеген ауданы |
43 | D | Ақтөбе облысы |
44 | 01 | Әйтеке би ауданы |
45 | 02 | Алға ауданы |
46 | 03 | Байғанин ауданы |
47 | 04 | Ақтөбе қаласы |
48 | 05 | Ырғыз ауданы |
49 | 06 | Қарғалы ауданы |
50 | 07 | Мәртөк ауданы |
51 | 08 | Мұғалжар ауданы |
52 | 09 | Темір ауданы |
53 | 10 | Ойыл ауданы |
54 | 11 | Қобда ауданы |
55 | 12 | Хромтау ауданы |
56 | 13 | Шалқар ауданы |
57 | E | Атырау облысы |
58 | 01 | Атырау қаласы |
59 | 02 | Жылыой ауданы |
60 | 03 | Индер ауданы |
61 | 04 | Исатай ауданы |
62 | 05 | Қызылқоға ауданы |
63 | 06 | Құрманғазы ауданы |
64 | 07 | Мақат ауданы |
65 | 08 | Махамбет ауданы |
66 | F | Шығыс Қазақстан облысы |
67 | 01 | Өскемен қаласы |
68 | 02 | Аягөз қаласы |
69 | 03 | Алтай қаласы |
70 | 04 | Курчатов қаласы |
71 | 05 | Семей қаласы |
72 | 06 | Риддер қаласы |
73 | 07 | Абай ауданы |
74 | 08 | Аягөз ауданы |
75 | 09 | Бесқарағай ауданы |
76 | 10 | Бородулиха ауданы |
77 | 11 | Глубоков ауданы |
78 | 12 | Жарма ауданы |
79 | 13 | Зайсан ауданы |
80 | 14 | Алтай ауданы |
81 | 15 | Қатон-Қарағай ауданы |
82 | 16 | Көкпекті ауданы |
83 | 17 | Күршім ауданы |
84 | 18 | Тарбағатай ауданы |
85 | 19 | Ұлан ауданы |
86 | 20 | Үржар ауданы |
87 | 21 | Шемонаиха ауданы |
88 | Н | Жамбыл облысы |
89 | 01 | Байзақ ауданы |
90 | 02 | Жамбыл ауданы |
91 | 03 | Жуалы ауданы |
92 | 04 | Қордай ауданы |
93 | 05 | Мерке ауданы |
94 | 06 | Мойынқұм ауданы |
95 | 07 | Т. Рысқұлов ауданы |
96 | 08 | Сарысу ауданы |
97 | 09 | Талас ауданы |
98 | 10 | Шу ауданы |
99 | 11 | Тараз қаласы |
100 | L | Батыс Қазақстан облысы |
101 | 01 | Ақжайық ауданы |
102 | 02 | Бөкейорда ауданы |
103 | 03 | Бөрлі ауданы |
104 | 04 | Жаңақала ауданы |
105 | 05 | Жәнібек ауданы |
106 | 06 | Зеленов ауданы |
107 | 07 | Казталов ауданы |
108 | 08 | Қаратөбе ауданы |
109 | 09 | Сырым ауданы |
110 | 10 | Тасқала ауданы |
111 | 11 | Теректі ауданы |
112 | 12 | Шыңғырлау ауданы |
113 | 13 | Орал қаласы |
114 | Р | Қостанай облысы |
115 | 01 | Алтынсарин ауданы |
116 | 02 | Амангелді ауданы |
117 | 03 | Әулиекөл ауданы |
118 | 04 | Денисов ауданы |
119 | 05 | Жангельдин ауданы |
120 | 06 | Жітіқара ауданы |
121 | 07 | Қамысты ауданы |
122 | 08 | Қарабалық ауданы |
123 | 09 | Қарасу ауданы |
124 | 10 | Қостанай ауданы |
125 | 11 | Меңдіқара ауданы |
126 | 12 | Наурызым ауданы |
127 | 13 | Сарыкөл ауданы |
128 | 14 | Таранов ауданы |
129 | 15 | Ұзынкөл ауданы |
130 | 16 | Федоров ауданы |
131 | 17 | Қостанай қаласы |
132 | 18 | Арқалык қаласы |
133 | 19 | Лисаковск қаласы |
134 | 20 | Рудный қаласы |
135 | М | Қарағанды облысы |
136 | 01 | Абай ауданы |
137 | 02 | Ақтоғай ауданы |
138 | 03 | Бұхар-Жырау ауданы |
139 | 04 | Жаңаарқа ауданы |
140 | 05 | Қарқаралы ауданы |
141 | 06 | Нұра ауданы |
142 | 07 | Осакаров ауданы |
143 | 08 | Ұлытау ауданы |
144 | 09 | Шет ауданы |
145 | 10 | Қарағанды қаласы |
146 | 11 | Балқаш қаласы |
147 | 12 | Жезқазған қаласы |
148 | 13 | Қаражал қаласы |
149 | 14 | Приозерск қаласы |
150 | 15 | Сарань қаласы |
151 | 16 | Сәтпаев қаласы |
152 | 17 | Теміртау қаласы |
153 | 18 | Шахтинск қаласы |
154 | N | Қызылорда облысы |
155 | 01 | Арал ауданы |
156 | 02 | Қазалы ауданы |
157 | 03 | Қармақшы ауданы |
158 | 04 | Жалағаш ауданы |
159 | 05 | Сырдария ауданы |
160 | 06 | Шиелі ауданы |
161 | 07 | Жаңақорған ауданы |
162 | 08 | Қызылорда қаласы |
163 | 09 | Байқоңыр қаласы |
164 | R | Маңғыстау облысы |
165 | 01 | Бейнеу облысы |
166 | 02 | Қарақиян ауданы |
167 | 03 | Маңғыстау ауданы |
168 | 04 | Тұпқараған ауданы |
169 | 05 | Ақтау қаласы |
170 | 06 | Жаңаөзен қаласы |
171 | 07 | Мұнайлы ауданы |
172 | S | Павлодар облысы |
173 | 01 | Павлодар қаласы |
174 | 02 | Ақсу қаласы |
175 | 03 | Екібастұз қаласы |
176 | 04 | Ақтоғай ауданы |
177 | 05 | Баянауыл ауданы |
178 | 06 | Железин ауданы |
179 | 07 | Ертіс ауданы |
180 | 08 | Тереңкөл ауданы |
181 | 09 | Аққулы ауданы |
182 | 10 | Май ауданы |
183 | 11 | Павлодар ауданы |
184 | 12 | Успен ауданы |
185 | 13 | Шарбақты ауданы |
186 | T | Солтүстік Қазақстан облысы |
187 | 01 | Айыртау ауданы |
188 | 02 | Ақжар ауданы |
189 | 03 | Аққайың ауданы |
190 | 04 | Есіл ауданы |
191 | 05 | Жамбыл ауданы |
192 | 06 | Мағжан Жұмабаев ауданы |
193 | 07 | Қызылжар ауданы |
194 | 08 | Мамлют ауданы |
195 | 09 | Ғабит Мүсірепов атындағы аудан |
196 | 10 | Тайынша ауданы |
197 | 11 | Тимирязев ауданы |
198 | 12 | Уәлиханов ауданы |
199 | 13 | Шал ақын ауданы |
200 | 14 | Петропавл қаласы |
201 | X | Түркістан облысы |
202 | 01 | Арыс ауданы |
203 | 02 | Бәйдібек ауданы |
204 | 03 | Қазығұрт ауданы |
205 | 04 | Мақтаарал ауданы |
206 | 05 | Ордабасы ауданы |
207 | 06 | Отырар ауданы |
208 | 07 | Сайрам ауданы |
209 | 08 | Сарыағаш ауданы |
210 | 09 | Созақ ауданы |
211 | 10 | Төлеби ауданы |
212 | 11 | Түлкібас ауданы |
213 | 12 | Шардара ауданы |
214 | 13 | Арыс қаласы |
215 | 14 | Түркістан қаласы |
216 | 15 | Кентау қаласы |
217 | 16 | Жетісай ауданы |
218 | 17 | Келес ауданы |
219 | А | Алматы қаласы |
220 | 01 | Алатау ауданы |
221 | 02 | Алмалы ауданы |
222 | 03 | Әуэзов ауданы |
223 | 04 | Бостаңдық ауданы |
224 | 05 | Жетісу ауданы |
225 | 06 | Медеу ауданы |
226 | 07 | Түрксіб ауданы |
227 | 08 | Наурызбай ауданы |
228 | Z | Нұр-Сұлтан қаласы |
229 | 01 | Алматы ауданы |
230 | 02 | Есіл ауданы |
231 | 03 | Сарыарқа ауданы |
232 | 04 | Байқоңыр ауданы |
233 | Y | Шымкент қаласы |
234 | 01 | Абай ауданы |
235 | 02 | Әл-Фараби ауданы |
236 | 03 | Еңбекші ауданы |
237 | 04 | Қаратау ауданы |
Ескертпе:
Есептік нөмір символдардан тұрады және құрылымы мынадай:
бірінші символ - елдің коды - КZ;
екінші символ – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;
үшінші символ – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;
төртінші символ - өндіріс объектісінің қызметі түрінің коды;
бесінші символ - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
алтыншы символ - Е (экспорттаушылар үшін), І (импорттаушылар үшін);
Мысалы: КZ С.01/G1-0001/Е; Мысалы: КZ С.01/G1-0001/І;
КZ - елдің коды;
С - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;
01 - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коды (реттік нөмірі);
G1 - өндіріс объектісінің қызмет түрі;
0001 - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
Е – экспорттаушы;
І – импорттаушы.
Өндіріс объектілерінің есептік нөмірлерінің электрондық тізілімі
№ р/с | Өндіріс объектісінің есептік нөмірі | Өндіріс объектісі иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Қызмет түрі | Өндіріс объектісінің санаты (стационарлық/ұтқыр) | Өндірістің ұтқыр объектісінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі |
Өндіріс объектісіне орналасқан аумақтың бұрылыс нүктелерінің координаттары | |
бойлық | ені | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кестенің жалғасы
Өндіріс объектісінің есептік нөмірін беру күні |
Өндіріс объектісінің есептік нөмірін кім берді | Өндіріс объектісін есептен шығару күні |
Өндіріс объектісін есепке алуды кім алып тастады | Мәртебесі (Белсенді)/Белсенді емес) | Экспорт/Импорт |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Ескертпе: * Өндіріс объектісі орналасқан аумақтың бұрылыс нүктелерінің координаттары (бойлық және ендік) техникалық мүмкіндік болса, геоақпараттық сервис арқылы анықталады.
________________________________________________________________
(ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствоның аумақтық бөлімшесінің атауы)
Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны және "бір өтініш" қағидаты бойынша есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш
________________________________________________________________
(объектінің типі)
ветеринариялық-санитариялық қорытынды және есепке алу нөмірін беруді сұраймын.
Объектінің атауы _________________________________________________
Объектінің мақсаты _______________________________________________
Объектінің сипаттамасы ___________________________________________
Объектінің шығу тегі ______________________________________________
Объектінің құрамы _______________________________________________
Үй-жайға меншік құқығы __________________________________________
Объектінің мекенжайы ____________________________________________
Үй-жай иесінің деректері __________________________________________
Шарт жасалған күн _______________________________________________
Шарттың қолданылу мерзімі _______________________________________
Шарттың ерекше талаптары _______________________________________
Үй-жайға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі, күні
өндіріс объектісі қызметінің түрі: ___________________________________
Экспортты/импортты жүзеге асыру: _________________________________
өндіріс объектісінің құрамы:
№№ п/п | Өндіріс объектісі орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің (жер учаскесінің, ғимараттың, құрылыстың, құрылысжайдың) кадастрлық нөмірі |
Өндіріс объектісіне орналасқан аумақтың бұрылыс нүктелерінің координаттары | Ветеринариялық-санитариялық қорытындының деректемелері (нөмірі, күні және берген орган) | Ескертпе | |
бойлық | ендік | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескертпе: * Өндіріс объектісі орналасқан аумақтың бұрылыс нүктелерінің координаттары (бойлық және ендік) техникалық мүмкіндік болса, геоақпараттық сервис арқылы анықталады.
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
заңды тұлға үшін:
атауы: __________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ______________________________________
басшының жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі:
________________________________________________________________
мекенжайы: _____________________________________________________
телефон нөмірі (факс): ____________________________________________
жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: __________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________________________
________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі: _________________________________________________________
кім берді: _______________________________________________________
берілген күні: ___________________________________________________
мекенжайы: _____________________________________________________
телефон нөмірі (факс): ____________________________________________
Мына құжаттарды қоса беремін: ___________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Көрсетілетін қызметті алушы 20__ жылғы " " ______ сағат___-де қол қойып, жіберді.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) деректері:
___________________________________
ЭЦҚ қою күні мен уақыты: _____________________________
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
Өтініш 20__ жылғы " " ______ сағат___-де қабылданды
Ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің ЭЦҚ деректері: _________________________
ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты: __________________________