Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 тамыздағы № 71 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 тамызда № 21073 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 3 тамыздағы № 71
қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтерде және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесінде:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Өз қызметін 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырған және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жарғылық капиталды көрсетілген мерзімге дейін мүлкімен толтырған ломбардтарға жарғылық капиталдың есебіне мүлікке, оның ішінде ақшамен енгізілген капитал сомасын енгізуге жол беріледі.

      Өз қызметін 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырған және бір заңды тұлғаға қайта ұйымдастыру процесінде тұрған ломбардтарға жарғылық капиталдың есебіне қайта ұйымдастырылған ломбардтар капиталдарының сомасын қосуға жол беріледі.".

      2. "Ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 226 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19709 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:

      "8-2. Егер ломбардтың қызметі микрокредиттерді жылжымалы мүлік кепілімен берумен ғана байланысты болған жағдайда, бұл ретте кепіл мүлкі кепіл берушінің иелігінде және пайдалануында қалса, заттарды сақтауға арналған орынның болуы талап етілмейді.

      Сауда, ойын-сауық кешендерінде және күзет пен күзет сигнализациясы қондырғыларын қоса алғанда, ғимаратқа заңсыз кірудің алдын алуға арналған қорғау жүйесі бар өзге ғимараттарда орналасқан ломбардтың заттарын сақтауға арналған орынды Қағидалардың 8-1-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, ломбардтың ішкі құжаттарына сәйкес жайластыруға жол беріледі.".

      3. "Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 наурыздағы № 21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20163 болып тіркелген, 2020 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларында:

      3-тармақ алып тасталсын.

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар бермейді.

      Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көзделген таяудағы үш жылға арналған бизнес-жоспарды ұсыну Қағидалардың 4-тармағының 8) тармақшасына сәйкес қаржылық есептілікті ұсынған жағдайда талап етілмейді.".

О внесении изменения и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования деятельности организаций, осуществляющих микрофинансовую деятельность

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 3 августа 2020 года № 71. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 августа 2020 года № 21073

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 4.

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций", от 26 ноября 2012 года "О микрофинансовой деятельности", от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях", Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Перечень нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам регулирования деятельности организаций, осуществляющих микрофинансовую деятельность, в которые вносятся изменение и дополнения, согласно приложению к настоящему постановлению (далее – Перечень).

      2. Департаменту методологии и регулирования финансовых организаций в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования, за исключением пункта 3 Перечня, который вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 июня 2020 года.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан по регулированию и развитию
финансового рынка
М. Абылкасымова

  Приложение к постановлению
Правления Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
от 3 августа 2020 года № 71

Перечень нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам регулирования деятельности организаций, осуществляющих микрофинансовую деятельность, в которые вносятся изменение и дополнения

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 14 ноября 2019 года № 192 "Об утверждении пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению организацией, осуществляющей микрофинансовую деятельность, норм и лимитов, методики их расчетов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19629, опубликовано 27 ноября 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее дополнение:

      в Пруденциальных нормативах и иных обязательных к соблюдению организацией, осуществляющей микрофинансовую деятельность, нормах и лимитах, методике их расчетов, утвержденных указанным постановлением:

      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Ломбардам, осуществлявшим свою деятельность до 1 января 2020 года и пополнившим уставный капитал имуществом до указанного срока в соответствии с Законом Республики Казахстан от 22 апреля 1998 года "О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью", допускается включать в расчет уставного капитала сумму капитала, внесенного имуществом, в том числе деньгами.

      Ломбардам, осуществлявшим свою деятельность до 1 января 2020 года и находящимся в процессе реорганизации в одно юридическое лицо, допускается в расчет уставного капитала включать сумму капиталов реорганизованных ломбардов.".

      2. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 ноября 2019 года № 226 "Об утверждении Правил организации деятельности ломбардов, включая вопросы хранения вещей в ломбарде, установления требований по обеспечению безопасности и технической укрепленности помещений ломбардов, мер по противодействию обороту в ломбардах незаконно добытых вещей" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19709, опубликовано 12 декабря 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее дополнение:

      в Правилах организации деятельности ломбардов, включая вопросы хранения вещей в ломбарде, установления требований по обеспечению безопасности и технической укрепленности помещений ломбардов, мер по противодействию обороту в ломбардах незаконно добытых вещей, утвержденных указанным постановлением:

      дополнить пунктом 8-2 следующего содержания:

      "8-2. В случае если деятельность ломбарда связана исключительно с предоставлением микрокредитов под залог движимого имущества, при котором заложенное имущество остается во владении и пользовании залогодателя, наличие места для хранения вещей не требуется.

      Допускается устройство места для хранения вещей ломбарда, расположенного в торговых, развлекательных комплексах и иных зданиях, имеющих систему защиты для предотвращения несанкционированного доступа в здание включая охрану и устройства охранной сигнализации, без соблюдения требований подпунктов 1), 2) и 3) пункта 8-1 Правил в соответствии с внутренними документами ломбарда.".

      3. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 24 марта 2020 года № 21 "Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации организаций, осуществляющих микрофинансовую деятельность, включая перечень документов, представляемых для прохождения учетной регистрации, а также ведения и исключения из реестра организаций, осуществляющих микрофинансовую деятельность" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20163, опубликовано 25 марта 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменение и дополнение:

      в Правилах прохождения учетной регистрации организаций, осуществляющих микрофинансовую деятельность, включая перечень документов, представляемых для прохождения учетной регистрации, а также ведения и исключения из реестра организаций, осуществляющих микрофинансовую деятельность, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3 исключить;

      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:

      "4-1. Документы, предусмотренные частью первой подпункта 2) пункта 4 Правил, не предоставляются юридическими лицами, зарегистрированными в качестве ломбардов, до 1 января 2020 года.

      Предоставление бизнес-плана на ближайшие три года предусмотренного подпунктом 5) пункта 4 Правил, не требуется в случае предоставления финансовой отчетности в соответствии с подпунктом 8) пункта 4 Правил.".