Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 279 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 тамызда № 21094 болып тіркелді.

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабы 13-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Журналистің айырым белгілерінің нысандары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Балаева

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Ақпарат және қоғамдық
  даму министрі
  2020 жылғы 14 тамызы
  № 279 Бұйрығына
  1-қосымша

Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкiлi) қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабы 13-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкiлi) (бұдан әрі – журналист) қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Журналист бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және дайындау бойынша өз қызметін жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтарға ие болады және міндеттерді мойнына алады.

2-тарау. Бейбіт жиналыстарда болатын журналист қызметінің тәртібі

      3. Бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және дайындау бойынша өз қызметін жүзеге асыру кезінде журналистің өзімен бірге журналист куәлігі болады, сондай-ақ ол Заңның 4-3-бабының 13-4) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша бір немесе бірнеше айырым белгілерін тағуды жүзеге асырады.

      4. Журналистің кәсіби қызметін қамтамасыз ету үшін (сұхбат жүргізу, брифингтер) жергілікті атқарушы орган мынадай жағдайларда журналистерді Бұқаралық ақпарат құралдарының жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды:

      1) егер "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 және 12-баптарына сәйкес ресімделген бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламада немесе келісуді алу туралы өтініште мәлімделген бейбіт жиналысқа қатысушылардың болжамды саны 200 адамнан асса;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарының жергілікті атқарушы органға жіберетін сұрау салуы бойынша.

      Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуы бейбіт жиналыс өткізілетін күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде журналистердің санын көрсете отырып, еркін нысанда жіберіледі.

      5. Жедел баспасөз орталығы мынадай шарттарға сәйкес келетін орын (аумақ) болып табылады:

      1) лентамен шектеу;

      2) фото-, бейнетүсірілім жасау және сұхбат алу үшін жеткілікті түрде көрінуді қамтамасыз ету;

      3) электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету;

      4) өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жедел ден қою арқылы журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      6. Журналист бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдарды жинау, оларды өңдеу және дайындау бойынша өз қызметін Жедел баспасөз орталығының орнында (аумағында) да, одан тыс жерлерде де жүзеге асырады.

      7. Журналисттерді Жедел баспасөз орталығына алып бару, журналистерге бейбіт жиналыстың ұйымдастырушылары мен қатысушыларынан сұхбат, комментарийлер алуға жәрдемдесу, журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты өткізу уақытында өз өкілінің қатысуын қамтамасыз етеді.

      8. Журналистерге олардың кәсіби қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіретін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

  Қазақстан Республикасы
  Ақпарат және қоғамдық
  даму министрі
  2020 жылғы 14 тамызы
  № 279 Бұйрығына
  2-қосымша

Журналистің айырым белгілерінің нысандары

      Кеудеше, жеңдегі таңғыш, жапсырма журналистің айырым белгілерінің нысандары болып табылады. Көрсетілген айырым белгілерін тағып жүру кезінде олардың анық көрінуін қамтамасыз ету қажет.

      1. Кеудеше:

      Сипаттамасы:

      1) түсі — ашық көк;

      2) кеудешенің алдында және арқасында көлденең бойынша ені кемінде 20 миллиметр жарық шағылыстыратын екі жолақ тігіледі.

      Кеудешенің алдыңғы және артқы жағында жарық шағылыстыратын жолақтардың үстіне "PRESS" деген жазу орналасады.

      Жазудың өлшемі: "PRESS" - әріптің биіктігі алдыңғы бөлігінде кемінде 40 миллиметр, арқасында – кемінде 60 миллиметр, әріптің ені кемінде 50 миллиметр, қарптің қалыңдығы кемінде 12 миллиметр. Жазу латын әріптерімен жазылады, күміс түсті жарық шағылыстыратын матадан "Arial" қарпімен жасалады.

      Кеудешенің нысаны - 1-сурет.

      1-сурет




      2. Жеңдегі таңғыш:

      Сипаттамасы:

      1) түсі - қанық сары;

      2) ортасында "PRESS" деген жазу орналасады.

      Жазудың өлшемі: "PRESS" - әріптің биіктігі кемінде 40 миллиметр, әріптің ені кемінде 30 миллиметр, қарптің қалыңдығы кемінде 12 миллиметр.

      Жазу латын әріптерімен жазылады, қара түсті "Arial" қарпімен жасалады.

      Жеңдегі таңғыштың нысаны - 2-сурет.

      2-сурет



      3. Жапсырма:

      Сипаттамасы:

      1) жапсырма - ені кемінде 280 миллиметр, биіктігі кемінде 100 миллиметр тікбұрыш нысанында болады;

      2) реңінің түсі – көк;

      3) ортасында "PRESS" деген жазу орналасады.

      Жазудың өлшемі: "PRESS" - әріптің биіктігі кемінде 40 миллиметр, әріптің ені кемінде 30 миллиметр, қарптің қалыңдығы кемінде 12 миллиметр.

      Жазу латын әріптерімен жазылады, күміс түсті жарық шағылыстыратын матадан "Arial" қарпімен жасалады.

      Жапсырманың нысаны – 3-сурет.

      3-сурет



Об утверждении Правил деятельности журналиста (представителя средства массовой информации), присутствующего на мирных собраниях, форм отличительных знаков журналиста

Приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 14 августа 2020 года № 279. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 августа 2020 года № 21094.

      В соответствии с подпунктом 13-4) статьи 4-3 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О средствах массовой информации", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила деятельности журналиста (представителя средства массовой информации), присутствующего на мирных собраниях, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) формы отличительных знаков журналиста, согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту государственной политики в области средств массовой информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и общественного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр информации и общественного развития
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министра информации и
общественного развития
Республики Казахстан
от 14 августа 2020 года № 279

Правила деятельности журналиста (представителя средства массовой информации), присутствующего на мирных собраниях

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила деятельности журналиста (представителя средства массовой информации), присутствующего на мирных собраниях (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 13-4) статьи 4-3 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О средствах массовой информации" (далее – Закон) и определяют порядок деятельности журналиста (представителя средства массовой информации) (далее — журналист), присутствующего на мирных собраниях.

      2. Журналист, осуществляя свою деятельность по сбору, обработке и подготовке сообщений и материалов на мирных собраниях для средств массовой информации, обладает правами и несет обязанности, предусмотренные законами Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок деятельности журналиста, присутствующего на мирных собраниях

      3. При осуществлении своей деятельности по сбору, обработке и подготовке сообщений и материалов на мирных собраниях для средств массовой информации, журналист имеет при себе удостоверение журналиста, а также осуществляет ношение одного либо нескольких отличительных знаков по форме, утвержденной в соответствии с подпунктом 13-4) статьи 4-3 Закона.

      4. Для обеспечения профессиональной деятельности журналиста (интервьюирование, брифинги), местный исполнительный орган принимает меры по обеспечению журналистов Оперативным пресс-центром для средств массовой информации в следующих случаях:

      1) если предполагаемое количество участников мирного собрания, заявленное в уведомлении о проведении мирных собраний или заявлении о получении согласования, оформленными в соответствии со статьями 10 и 12 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", превышает 200 человек;

      2) по запросу средств массовой информации, направляемому в местный исполнительный орган.

      Запрос средств массовой информации направляется в срок не позднее, чем за один рабочий день до дня проведения мирного собрания, в произвольной форме с указанием количества журналистов.

      5. Оперативным пресс-центром является место (территория), которое соответствует следующим условиям:

      1) ограничение лентой;

      2) обеспечение достаточной видимости для произведения фото-, видеосъемки и получения интервью;

      3) обеспечение электроснабжением;

      4) обеспечение безопасности журналистов посредством незамедлительного реагирования сотрудников органов внутренних дел в случае угрозы жизни и здоровью.

      6. Журналист, осуществляет свою деятельность по сбору, обработке и подготовке сообщений и материалов на мирных собраниях для средств массовой информации, как на месте (территории) Оперативного пресс-центра, так и за его пределами.

      7. В целях сопровождения журналистов к Оперативному пресс-центру, содействия журналистам в получении интервью, комментариев у организаторов и участников мирного собрания, разъяснения мер, направленных на обеспечение безопасности журналистов, местный исполнительный орган обеспечивает участие своего представителя во время проведения мирного собрания.

      8. Лица, препятствующие журналистам в осуществлении их профессиональной деятельности, несут ответственность, предусмотренную законами Республики Казахстан.

  Приложение 2 к приказу
Министра информации и
общественного развития
Республики Казахстан
от 14 августа 2020 года № 279

Формы отличительных знаков журналиста

      Формами отличительных знаков журналиста являются жилет, нарукавная повязка, наклейка. При ношении указанных отличительных знаков необходимо обеспечить их ясную видимость.

      1. Жилет:

      Описание:

      1) цвет — ярко-синий;

      2) впереди и на спине жилета по горизонтали прошиты две светоотражающие полоски, шириной не менее 20 миллиметров.

      Впереди и на спине жилета над светоотражающими полосками располагается надпись "PRESS".

      Размер надписи: "PRESS" - высота буквы не менее 40 миллиметров на передней части, на спине - не менее 60 миллиметров, ширина буквы не менее 50 миллиметров, толщина шрифта не менее 12 миллиметров. Надпись выполняется латинскими буквами, изготавливается шрифтом "Arial" из светоотражающей ткани серебристого цвета.

      Форма жилета - рисунок 1.

      Рисунок 1

     



      2. Нарукавная повязка:

      Описание:

      1) цвет – ярко-желтый;

      2) в центре располагается надпись "PRESS".

      Размер надписи: "PRESS" - высота буквы не менее 40 миллиметров, ширина буквы не менее 30 миллиметров, толщина шрифта не менее 12 миллиметров.

      Надпись выполняется латинскими буквами, изготавливается шрифтом "Arial" черного цвета.

      Форма нарукавной повязки – рисунок 2.

      Рисунок 2

     



      3. Наклейка:

      Описание:

      1) наклейка представляет собой форму прямоугольника шириной не менее 280 миллиметров, высотой не менее 100 миллиметров;

      2) цвет фона — синий;

      3) в центре располагается надпись "PRESS".

      Размер надписи: "PRESS" - высота буквы не менее 40 миллиметров, ширина буквы не менее 30 миллиметров, толщина шрифта не менее 12 миллиметров.

      Надпись выполняется латинскими буквами, изготавливается шрифтом "Arial" из светоотражающей ткани серебристого цвета.

      Форма наклейки – рисунок 3.

      Рисунок 3