"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 27-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
1) "Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа келуге рұқсаттаманы беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 302 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11103 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа келуге рұқсаттаманы беру" және "Қазақстан Республикасына уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 500 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11537 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі