БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (мемлекеттік құқықтық нормативтік актілердің тіркеу тізіліміне № 12880 болып тіркелген, "Егеменді Қазақстан" газетіне 2016 жылғы 18 ақпанда № 32 (28158) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және осы Заңмен белгіленген тәртіпте тиісті мәртебесін алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері";
2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) этникалық қазақ - ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.";
14-тармақтың 3-абзацының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде КҚП АЖ арналары арқылы есептік іс облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің (бұдан әрі – ПД КҚҚБ) Көші-қон қызметі басқармасына келісімге жолданады";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18) осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес қызмет көрсетуші рұқсаттың күшін жою үшін негіз болып табылатын әрекеттерді жасаған кезде, Заңның 49-бабына сәйкес нысан бойынша бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы қорытынды шығарылады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. қабылданған шешім туралы қызметті алушыға Осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күшін жою туралы хабарлама жіберіледі.);
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде елімізден шығып кетуге міндетті."
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Рұқсаттың күшін жойған кезде, көрсетілетін қызмет алушыға елімізден шығып кетуді жүзеге асыру үшін қажетті мерзімде уақытша тұруға рұқсат беріледі.";
"Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында;
3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн. |
"; |
8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Рұқсат беру туралы өтінішті қызмет көрсетуші немесе Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде: |
."; |
9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз |
Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту: |
"; |
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде оның Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ – САУАЛНАМА _______________________________________________________________________ полиция органының атауы
Фотосуреттің
орны
(35 x 45 мм)
Маған және/немесе менің қамқорлығымдағы тұлғаға (қажет емесі сызылсын)
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруді сұраймын.
Осы өтінішпен жүгінуге себеп болған уәждер ____________________________
________________________________________________________________________
Өтініш беруші (өтініш берушілер) туралы мәліметтер
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _________________________________
________________________________________________________________________
(тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен жағдайда бұрынғы тегін,
атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), өзгерту себебі мен күнін көрсетсін,
жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі мен аты орыс және
(латын алфавиттерінің әріптерімен жазылады)
2. Туған күні, айы, жылы және жері __________________________________________
3. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар (бұрын болды ма)
________________________________________________________________________
(қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды)
4. Жынысы ______________________________________________________________
(ер, әйел)
5. Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________________
________________________________________________________________________
(құжаттың нөмірі және сериясы, кім және қашан берді)
6. Ұлты _________________________________________________________________
(қалауы бойынша көрсетіледі)
7. Діни нанымы __________________________________________________________
(қалауы бойынша көрсетіледі)
8. Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз ба және КСРО азаматтығында
тұрдыңыз ба немесе Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз (қажет емесі
сызылсын) ______________________________________________________________
(көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)
9. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішпен
жүгіндіңіз ба ____________________________________________________________
егер иә болса, онда қандай органға және қашан, қандай шешім қабылданды
10. Отбасы жағдайы ______________________________________________________
(үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),
________________________________________________________________________
ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)
11. Кәмелеттік жасқа толмаған (оның ішінде асырап алынған, қамқорындағы,
қарамағындағы) балаларын қоса алғанда:
Өтініш берушіге қатысы | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған жылы және жері | Азаматтығы (тиесілігі) | Тұратын, оқитын жерінің мекенжайы | ЖСН ол болған жағдайда | Жұмыс орны |
12. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Қабылданған және босатылған күні (айы және жылы) | Мекемені көрсете отырып, лауазымы | Жұмыс орнының мекенжайы |
13. Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса ________________________________
(куәлік нөмірі, берген күні мен орны, берген органның атауы)
14. Сіз Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік елден шығаруға не болмаса
бес жыл алдында елден қууға ұшырадыңыз ба ("Шетелдіктердің құқықтық жағдайы
туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғандарға)
________________________________________________________________________
егер ұшырасаңыз, неше рет және қашан
15. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыстық әрекет не болмаса қауіпті деп танылған
қылмысты қайта жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба
________________________________________________________________________
егер сотталсаңыз, неше рет және қашан)
16. Қазақстан Республикасының аумағында не болмаса одан тыс жерлерде ауыр немесе
аса ауыр қылмыстық теріс қылық жасағаныңыз үшін өтелмеген немесе алынбаған
соттылығыңыз бар ма ___________________________________________
егер болса, неше рет және қашан
17. Бір жылдан артығырақ уақыт ішінде Сіз, Шетелдіктердің Қазақстан
Республикасында болу (тұру) режимін қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзғаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке
тартылдыңыз ба, _________________________________________________________
________________________________________________________________________
егер тартылсаңыз, неше рет және қашан
18. Сізде мынадай сырқаттар болды ма: нашақорлық, психикалық ауытқулар (сырқат);
туберкулез; лепра (Гансеннің сырқаты); жыныс жолдарымен арқылы берілетін
инфекциялар (ЖЖБИ) – мерез, мерез лимфогранулемасы (донованоз), шанкроид; жіті
инфекциялық аурулар (жіті респираторлық вирустық инфекциясы (тыныс
органдарының жіті вирустық инфекциясынан) және грипптан басқа).
________________________________________________________________________
егер иә, онда қандай түрімен
19. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы рұқсат алған кезде
жазылатын/дербес рұқсат алатын бала туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған
күні мен жері, азаматтығы) ________________________________________________
________________________________________________________________________
Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы/қамқоршысы туралы мәлімет (тегі, аты,
әкесінің аты, туған күні азаматтығы, тұрғылықты жері) _________________________
________________________________________________________________________
20. Уақытша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны ___________________________
Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын: ________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Маған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға "Халықтың көші-қоны туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен көзделген жағдайларда рұқсат беруден
бас тартылуы не болмаса берілген тұруға ықтиярхаттың күші жойылуы мүмкін екені
туралы ескертілді. Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған
мәліметтердің шынайылығын растаймын.
20__ жылғы "___" _________________________.
(өтініш берілген күні) (өтініш берушінің қолы, лауазымды адам болған кезде қойылады)
20__ жылғы "___" ________________ _________ өтініш қарауға қабылданды.
Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар- жоғын
тексердім, өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш берушінің қолының
түпнұсқалығын растаймын ________________________________________
________________________________________________________________________
арнаулы атағы (егер бар болса),
________________________________________________________________________
құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)
________________________________________________________________________
(лауазымды адамның қолы)
Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады.
Сұрақтарға жауап жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.
Өтінішті қабылдаған көші-қон қызметі бөлінісінің мөртабаны қойылады.
Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, онда тіркеу туралы туралы куәліктің нөмірі, тіркеген органның атауы және берілген орны көрсетіледі.
Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі, зейнетақы куәлігіні нөмірі, оны кім және қашан бергені көрсетіледі.