Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 14.10.2022 № 916 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18256 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалану бойынша өндірістік бақылауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының қазандықтарды қадағалау және көтеру механизмдері бөліміне (бұдан әрі – қазандықтарды қадағалау бөлімі) жүктеледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Әскери бөлімдер жыл сайын 30 қарашаға дейін талдау жүргізеді және қауіпті техникалық құрылғыларды күтіп-ұстау және пайдалану туралы жеткізілімдерді осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазандықтарды қадағалау бөліміне жолдайды.";
18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Жүк көтеру механизмдері, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстар осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес әскери бөлімдерде есепке алынуға тиіс.
19. Әскери бөлім осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды қауіпсіз пайдалануға бақылауды жүзеге асыру үшін қауіпті техникалық құрылғылар туралы мәліметті қазандықтарды қадағалау бөліміне жолдайды.
20. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды есепке қойғаннан (тіркелгеннен) кейін паспортта (формулярда) мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) есепке алу (тіркеу) нөмірі;
2) техникалық куәландыру нәтижелері.";
21-тармақ алып тасталсын;
37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Белгіленген мерзімдері өткен қауіпті техникалық құрылғыларды қолдану мерзімдерін ұзартуды Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында және Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген тәртіппен осы қызмет түрімен айналысуға құқығы бар аттестатталған ұйым жүзеге асырады.
38. Қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландыру қорытындылары бойынша әскери бөлімнің қадағалау жөніндегі лауазымды адамы осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті техникалық құрылғыларды куәландыруды және қарап-тексеруді есепке алу журналында жазба жасайды және осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес қазандықты қадағалау бөліміне жеткізілімді жолдайды.";
Осы Нұсқаулыққа 6-қосымшада:
"Астана қаласы, Манас көшесі, 15" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Нұр-Сұлтан қ., Манас көшесі, 15";
"ҚР ҚМ Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы қазандықтарды қадағалау және көтеру механизмдері бөлімінде тіркеу үшін қауіпті техникалық құрылғылардың құжаттамасын ұсынамын:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери бөлімнің қауіпті техникалық құрылғылары жөніндегі мәліметті ұсынамын:".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |