"Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 787 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 340/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21260 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 787 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12151 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Радиоәуесқойлық қызмет – тиісті хабарлама жіберген жеке тұлғалар жүзеге асыратын, өздігінен үйрену, сөйлесу байланысы және техникалық зерттеу мақсаттарына арналған радиобайланыс қызметі.

      Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентінің (International Telecommunication Union, ITU, Женева 2012 жыл) ережелері және Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстары ескерілді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әуесқойлық радиостанцияларды пайдалану әуесқойлық радиостанцияның санатына байланысты қуатқа сәйкес Қазақстан Республикасында әуесқойлық радиобайланыс үшін бөлінген жиілік белдеулерінде жүзеге асырылады.

      Радиоәуесқойлық қызметтің санаты келесідей айқындалады:

      үшінші санат - хабарлама жіберілген сәттен;

      екінші санат - хабарлама жіберілген сәттен бір жылдан бұрын емес;

      бірінші санат - хабарлама жіберілген сәттен екі жылдан бұрын емес;

      экстра санаты - хабарлама жіберілген сәттен үш жылдан бұрын емес.

      Тиісті санаттың шақыру сигналы хабарламада көрсетіледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану тәртібі";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      5. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-2-бабына сәйкес жеке тұлғалар радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құрылғылары және жоғары жиілікті құралдарын пайдалануды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) "Хабарламалар нысандарын және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) жіберуге міндетті.

      Хабарлама "электрондық үкіметтің": www.elicense.kz порталы арқылы жіберіледі.

      6. Хабарламаны жеке тұлғалар жібереді.

      7. Егер жабдықтың техникалық параметрлері осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген байланыс класындағы әуесқойлық радиостанцияларына рұқсат етілген жиілік жолақтарына, қуатына және сәуле шығару түрлеріне сәйкес келетін болса, радиоәуесқойлар хабарлама негізінде әуесқойлық радиостанцияларды жасайды және пайдаланады.";

      8 және 9-тармақтар алып тасталсын;

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ұжымдық пайдалану үшін хабарлама оның басшысының атынан жолданады.

      11. Әуесқойлық радиостанцияны ауыстыру, сондай-ақ оның пайдаланушысы, пайдалану аумағы өзгерген жағдайда әуесқойлық радиостанция иесі осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес хабарлама жолдайды.";

      12 және 13-тармақтар алып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Әуесқойлық радиостанция хабарламада көрсетілген мекенжайда орналастырылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жеке әуесқойлық радиостанция иесі өз радиостанциясында жұмыс істеуге Қазақстан Республикасында жеке пайдаланылатын хабарламасы бар кез келген тұлғаны жібере алады. Аталған пайдаланушы өз санатына рұқсат етілген жиіліктер диапазонында, қуатпен, сәуле шығару түрімен өз шақыру сигналымен жұмыс істей алады.

      Ұжымдық радиостанция басшысы ұжымдық радиостанцияда жұмыс істеуге осы радиостанция операторларына және жеке радиостанция иелеріне рұқсат ете алады. Ұжымдық радиостанциядағы жұмыс тек қана оның шақыру сигналымен немесе осы шақыру сигналының иесіне рұқсат етілген жиілік диапазонында, қутында, сәулену түріне жеке шақыру сигналымен жүргізіледі.";

      34-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ұжымдық немесе жеке радиостанциялардан хабар тарату жұмысына хабарлама жібермеген, ұжымдық радиостанцияның мүшесі болып табылмайтын тұлғаларды жіберуге;";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Әуесқойлық радиостанцияның арнайы шақыру сигналын алу үшін эфирдегі жұмыс басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей уәкілетті органға арнайы шақыру сигналын беру туралы өтініш беріледі.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Жұмыс істеу каналының нөмірі және шақыру сигналдын берумен бірге радиоәуесқойлық ретрансляторды орнату хабарлама негізінде жүзеге асырылады.";

      3, 4, 5 және 6-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 787 "Об утверждении Правил эксплуатации радиоэлектронных средств радиолюбительских служб"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 17 сентября 2020 года № 340/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 сентября 2020 года № 21260

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 787 "Об утверждении Правил эксплуатации радиоэлектронных средств радиолюбительских служб" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12151, опубликован 6 ноября 2015 года в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет"), следующие изменения:

      в Правилах эксплуатации радиоэлектронных средств радиолюбительских служб, утвержденных указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Радиолюбительская служба – служба радиосвязи для целей самообучения, переговорной связи и технических исследований, осуществляемая физическими лицами, направившими соответствующее уведомление.

      В Правилах предусмотрены положения Регламента радиосвязи Международного союза электросвязи (International Telecommunication Union, ITU, Женева 2012 год) и рекомендации Межведомственной комиссии по радиочастотам Республики Казахстан.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Эксплуатация любительских радиостанции осуществляется в полосах частот, выделенных в Республике Казахстан для любительской радиосвязи согласно мощности в зависимости от категории любительской радиостанции.

      Категория любительской радиостанции определяется следующим образом:

      третья категория - с момента уведомления;

      вторая категория - не ранее, чем через год с момента уведомления;

      первая категория - не ранее, чем через два года с момента уведомления;

      категория экстра - не ранее, чем через три года с момента уведомления.

      Позывной сигнал соответствующей категорий, указывается в уведомлении.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок эксплуатации радиоэлектронных средств радиолюбительских служб";

      пункты 5, 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "5. Согласно статье 16-2 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2004 года "О связи", физические лица до начала или прекращения эксплуатации радиоэлектронных средств радиолюбительских служб, обязаны направить уведомление о начале или прекращении эксплуатации радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств радиолюбительских служб (далее - уведомление) в территориальные подразделения Комитета телекоммуникации Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан (далее – территориальные подразделения) по форме, утвержденной приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 "Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10194).

      Уведомление направляется посредством веб-портала "электронного правительства": www.elicense.kz.

      6. Уведомления направляются физическими лицами.

      7. На основании уведомления радиолюбители строят и эксплуатируют любительские радиостанции, если технические параметры оборудования соответствуют полосам частот, мощностям и видам излучения, разрешенным любительским радиостанциям связного класса, указанным в приложении 1 к настоящим Правилам.";

      пункты 8 и 9 исключить;

      пункты 10 и 11 изложить в следующей редакции:

      "10. Для коллективного пользования, уведомление направляется от ее руководителя.

      11. В случае замены любительской радиостанции, а также смены ее владельца, изменения территории эксплуатации, владелец любительской радиостанции направляет уведомление в порядке, установленном пунктом 5 настоящих Правил.";

      пункты 12 и 13 исключить;

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Любительская радиостанция размещается по адресу, указанному в уведомлении";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Владелец индивидуальной любительской радиостанции допускает для работы на своей радиостанции любое лицо, имеющее уведомление на эксплуатацию любительской радиостанции индивидуального пользования Республики Казахстан. Указанный пользователь работает со своим позывным в диапазонах частот, мощностью, видом излучения, разрешенных для его категории.

      Руководитель коллективной радиостанции допускает к работе на коллективной радиостанции операторов этой радиостанции и владельцев индивидуальных радиостанций. Работа на коллективной радиостанции ведется только ее позывным сигналом или личным позывным сигналом в диапазонах частот, мощностью, видом излучения, разрешенных владельцу этого позывного сигнала.";

      подпункт 3) пункта 34 изложить в следующей редакции:

      "3) допуск к работе на передачу с коллективной или индивидуальной радиостанции лиц, не направивших уведомление не являющихся членами коллективной радиостанции;";

      пункт 44 изложить в следующей редакции:

      "44. Для получения специального позывного сигнала любительской радиостанции не позднее, чем за один месяц до начала работы в эфире, представляются заявление о выдаче специального позывного сигнала.";

      пункт 48 изложить в следующей редакции:

      "48. Установка радиолюбительского ретранслятора с выдачей позывного сигнала и номера рабочего канала осуществляется на основании уведомления.";

      приложения 3, 4, 5 и 6 исключить.

      2. Комитету телекоммуникаций Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан