Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.10.2023 № 776 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Полицей стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20500 болып тіркелген, 2020 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Полицей стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Полицей азаматтардың, қоғамның және жалпы мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, заңдылық, әділеттілік және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алатын қызметке шын берілген өз елінің патриоты болуы тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайтбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |