Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 26 қазандағы № 776 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қазанда № 33573 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағы және 27-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) "Полиция стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 358 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20500 болып тіркелген);

      2) "Полицей стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 358 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 658 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21330 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады