"Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 375/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қазанда № 21386 болып тіркелді.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-6-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2020 жылғы 6 қазаны
№ 375/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-6-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы (бұдан әрі – жобалардың салалық сараптамасы) жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының аумағында электрондық өнеркәсіп саласындағы жобаны іске асыруды жоспарлайтын жеке немесе заңды тұлға;

      2) электрондық өнеркәсіп саласындағы жоба – электрондық өнімдерді жасау немесе өсуін дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

      3) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – электрондық өнеркәсіп саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3. Уәкілетті орган жобалардың салалық сараптамасын қауымдастықтар мен ұйымдарды тарта отырып, орындылығын, техникалық мүмкіндігін, экономикалық тиімділігін айқындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес жүзеге асырады.

2-тарау. Жобалардың салалық сараптамасын жүзеге асыру тәртібі

      4. Жобалардың салалық сараптамасын жүргізу үшін өтініш беруші уәкілетті органға құжаттардың тізімдемесін қоса бере отырып, қағаз тасығыштарда және өндірістік қажеттілік кезінде электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) электрондық өнеркәсіп саласындағы жобаның негізгі бағыттарының сипаттамасын қамтитын түсіндірме жазба;

      3) техникалық тапсырма (бар болған кезде);

      4) бұйрыққа сәйкес әзірленген мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсыныстары және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері және (немесе) бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелері.

      5. Жобалардың салалық сараптамасы жоба бойынша материалдар уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      6. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтару себептері көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      7. Өтініш беруші ұсынған материалдардың негізінде, сондай-ақ бұйрықтың талаптарына сәйкес ресімделген қорытынды жобалардың салалық сараптамасының нәтижесі болып табылады.

      8. Жобалардың салалық сараптамасының нәтижелері бойынша қорытындыға уәкілетті органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.

      9. Қорытынды шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган өтініш берушіні жобаға қатысты қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.

      10. Егер жобалардың салалық сараптамасының нәтижелері бойынша уәкілетті орган жоюды талап ететін ескертулер берген жағдайда, өтініш беруші материалдарды пысықтайды және оларды қайталама салалық сараптамаға ұсынады.

      11. Жобалардың қайталама салалық сараптамасы кезінде уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес толықтығын тексереді.

      12. Жоба қайтадан салалық сараптамаға ұсынылған жағдайда материалдарға бұрын берілген қорытындының көшірмесі қоса беріледі.

      13. Жобалардың қайталама салалық сараптамасы материалдарды уәкілетті органға ұсынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

  Электрондық өнеркәсіп
саласындағы салалық
сараптаманы жүзеге асыру
қағидаларына
қосымша
  ____________________________
ұсынылады
(уәкілеттік органның атауы)

Өтініш

      __________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      жобаның толық атауы

      __________________________________________________________________________

      қызмет түрі

      __________________________________________________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      _________________________________

      БСН/ЖСН _________________________________

      СЭҚ ТН _________________________________

      СЭҚ КП _________________________________

      ТЖҚ БНА __________________________________

      тіркелген заңды мекенжайы:

      _________________________

      байланыс тел. нөмірі (E-maіl):

      Қосымша:

      1) ________________________________________________________________

      2) ________________________________________________________________

      3) ________________________________________________________________

      ________________________________________             20 жылғы " " ___________

      (заңды тұлғаның атауы және басшының А.Т.Ә.

                  (ол болған жағдайда)

                        (қолы

"Об утверждении Правил осуществления отраслевой экспертизы в сфере электронной промышленности"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 6 октября 2020 года № 375/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 октября 2020 года № 21386.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 7-6 Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "Об информатизации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления отраслевой экспертизы в сфере электронной промышленности.

      2. Департаменту развития электронной промышленности Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом
Министра цифрового
развития, инноваций и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 6 октября 2020 года № 375/НҚ
 

Правила осуществления отраслевой экспертизы в сфере электронной промышленности

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления отраслевой экспертизы в сфере электронной промышленности (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 7-6 Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "Об информатизации" (далее – Закон) и определяют порядок осуществления отраслевой экспертизы в сфере электронной промышленности (далее – отраслевая экспертиза проектов).

      2. В настоящих Правилах используются следующие определения:

      1) заявитель – физическое или юридическое лицо, планирующее осуществить реализацию проекта в сфере электронной промышленности на территории Республики Казахстан;

      2) проект в сфере электронной промышленности – совокупность мероприятий, направленных на создание или развитие роста продукции электронной промышленности;

      3) уполномоченный орган в сфере электронной промышленности (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий государственное регулирование в сфере электронной промышленности.

      3. Отраслевая экспертиза проектов осуществляется уполномоченным органом с привлечением ассоциаций и организаций в целях определения целесообразности, технической возможности, экономической эффективности, а также проводится в соответствии с Правилами разработки или корректировки, проведения необходимых экспертиз инвестиционного предложения государственного инвестиционного проекта, а также планирования, рассмотрения, отбора, мониторинга и оценки реализации бюджетных инвестиций и определения целесообразности бюджетного кредитования, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 декабря 2014 года № 129 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9938) (далее – приказ).

Глава 2. Порядок осуществления отраслевой экспертизы проектов

      4. Для проведения отраслевой экспертизы проектов заявитель представляет в уполномоченный орган на бумажных носителях с приложением описи документов, при производственной необходимости в электронном виде, следующие документы:

      1) заявление по форме, согласно приложению, к настоящим Правилам;

      2) пояснительная записка, содержащая характеристику основных направлений проекта в сфере электронной промышленности;

      3) техническое задание (при наличии);

      4) инвестиционные предложения государственного инвестиционного проекта и (или) технико-экономические обоснования бюджетного инвестиционного проекта и (или) финансово-экономические обоснования бюджетных инвестиций, разработанные в соответствии с приказом.

      5. Отраслевая экспертиза проектов проводится в сроки, не превышающие 30 (тридцать) рабочих дней со дня представления в уполномоченный орган материалов по проекту.

      6. В случае неполноты представленных документов, заявителю направляется уведомление с указанием причин возврата в течение 3 (три) рабочих дней со дня поступления заявления.

      7. Результатом отраслевой экспертизы проектов является заключение уполномоченного органа на основании представленных заявителем материалов, а также оформленных в соответствии с требованиями приказа.

      8. Заключение по результатам отраслевой экспертизы проектов подписывается первым руководителем уполномоченного органа либо лицом, его замещающим.

      9. В течение 3 (три) рабочих дней со дня вынесения заключения, уполномоченный орган письменно информирует заявителя о принятом решении относительно проекта.

      10. В случае, если по результатам отраслевой экспертизы проектов уполномоченным органом даны замечания, требующие устранения, заявитель дорабатывает материалы и представляет их на повторную отраслевую экспертизу.

      11. При повторной отраслевой экспертизе проектов, уполномоченный орган в течение 3 (три) рабочих дней со дня поступления заявления проверяет предоставленные документы на полноту согласно пункту 4 настоящих Правил.

      12. К материалам в случае представления на повторную отраслевую экспертизу проектов, прилагается копия ранее выданного заключения.

      13. Повторная отраслевая экспертиза проектов, проводится в сроки, не превышающие 7 (семь) рабочих дней со дня представления материалов в уполномоченный орган.

  Приложение
к Правилам осуществления
отраслевой экспертизы в сфере
электронной промышленности

      представляется __________________________________________________
(наименование уполномоченного органа)

Заявление

      ______________________________________________________________________________
(наименование юридического лица/ фамилия, имя, отчество (при его наличии)
______________________________________________________________________________
полное наименование проекта
______________________________________________________________________________
вид деятельности
______________________________________________________________________________
фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя
_________________________________ БИН/ИИН __________________________________
ТН ВЭД ________________________ КП ВЭД ____________________________________
ЕНС ТРУ _____________________________________________________________________
юридический адрес регистрации:
_________________________________ контактный номер тел. (E-mail):

      Приложение:

      1) ____________________________________________________________________________
2) ____________________________________________________________________________
3) ____________________________________________________________________________
_____________________________________ "____" _________ 20 __ года
(наименование юридического лица и ФИО (при его наличии) руководителя (подпись)