ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2020 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2020 жылғы "___" "_____________"
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 95 қаулысымен бекітілді |
Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
Ескерту. Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі -КЖ/ТҚҚ туралы заң) және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32826 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.09.2024 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы pаңда және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен көрсетілген мағыналарда қолданылады.
Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – қор) дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);
2) КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару – қордың КЖ/ТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);
3) клиент – қордың қызметтерін алатын жеке тұлға, заңды тұлға;
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын қаржыландыру тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ тәуекелдері) – қорды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын қаржыландыру процестеріне қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ);
5) цифрлық актив - криптография және компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, қаржылық құрал болып табылмайтын мүлік, сондай-ақ мүліктік құқықтарды куәландырудың электрондық-цифрлық нысаны;
6) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциясы;
7) іскерлік қатынастар – қордың клиентке зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметке жататын қызметтер ұсынуы бойынша қатынастар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.09.2024 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) мақсатында қор ішкі бақылауды:
1) қордың КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;
2) қордың ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;
3) қорды, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде қордың басқару немесе атқарушы органы қордың ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптар кіретін ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді және қабылдайды.
Қор ішкі бақылау қағидаларын қор қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, мөлшерін, сипаты мен күрделілігін бағалау нәтижелерін ескере отырып орындайды.
Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалардан тұрады, қор оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және олар қордың ішкі құжаты не қордың басқару органы немесе атқарушы органы бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
5. Қорда қордың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қордағы ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуы және сақталуы үшін жауапты, қордың басшы қызметкерлерінің немесе қордың тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының деңгейінен төмен емес қордың өзге басшыларының қатарынан жоғары білімі, қордың қызметін ұсынуға байланысты бөлімше басшысының лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі не КЖ/ТҚҚ саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі не қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мінсіз іскерлік беделі бар лауазымды тұлға (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚҚ мәселелері кіретін қор бөлімшесінің (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше) қызметкерлері айқындалады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.09.2024 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;
2) нысаналы қаржы санкцияларын қолдану және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес жасалған терроризмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) болуы тұрғысынан клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тексеру тәртібі;
3) Тізбеден және ЖҚҚТҚ тізбесінен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер алып тасталған кезде нысаналы қаржы санкцияларын қолдануды тоқтату тәртібі;
4) қор қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің, қордың басқару органының және атқарушы органының өздеріне белгілі болған, қор қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;
5) қорды (қордың бас ұйымын) бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚҚ жөніндегі талаптарды сипаттау (бар болса);
6) КЖ/ТҚҚ мақсатында қордың ішкі аудит қызметінің ішкі бақылау тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті дайындау және қордың басқару органы мен атқарушы органына ұсыну, оның ішінде қаржылық топ (бар болса) шеңберінде шоғырландырылған негізде ұсыну тәртібі;
7) КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі;
8) бөлімшенің КЖ/ТҚ бойынша функцияларының, оның ішінде КЖ/ТҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде қордың басқа бөлімшелерімен, филиалдарымен, еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің, сондай-ақ жауапты қызметкердің функцияларының, өкілеттіктерінің, жауапты қызметкердің қордың басқару органымен және атқарушы органымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің сипаттамасы;
9) қордың Қазақстан Республикасында және сол сияқты одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру тәртібі, оның ішінде КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару және оларды төмендету жөнінде қосымша шаралар мен рәсімдер қолдану тәртібі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. КЖ/ТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) әзірленген және қордың басқару органымен немесе атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың), сондай-ақ қорда олардың сақталуына мониторингтің болуын қамтамасыз ету;
2) КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес уәкілетті органға хабарлар ұсынуды ұйымдастыру және олардың ұсынылуын бақылау;
3) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және қордың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға хабарлар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;
4) уәкілетті органды анықталған клиенттер мен нысаналы қаржылық санкциялар қолдану бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар ету;
5) КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) шарттарда көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттердің операциялар жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау не келісу;
6) қордың басқару органына және (немесе) атқарушы органына КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) қордың ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сұратулар жіберу;
7) қордың басқару органын анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы қордың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабардар ету;
8) қордың басқару органына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚҚ мақсатында, оның ішінде қаржылық топ шеңберінде (бар болса) КЖ/ТҚҚ тәуекелдерін басқару жүйесін жақсарту бойынша ұсынылатын шаралар мен ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты дайындау;
9) қордың КЖ/ТҚ процестеріне тартылу тәуекелін бағалау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға сұратылып отырған ақпарат беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау бойынша жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей үйлестіру.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Жауапты қызметкерге және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлеріне жүктелген функцияларды орындау үшін мынадай:
1) өз функцияларын толық көлемде және қордың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте қордың барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;
2) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;
3) қордың бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету өкілеттіктер беріледі, бірақ олармен шектелмейді.
9. Қордың филиалдарында Талаптардың 7 және 8-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толығымен немесе ішінара жүктелген қызметкерлер бар болса осындай қызметкерлердің қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.
10. Жауапты қызметкердің, КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің, сондай-ақ қордың Талаптардың 7-тармағында көзделген функциялар жүктелген қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің функцияларымен, сондай-ақ қордың операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің функцияларымен қоса атқарылмайды.
11. Қор КЖ/ТҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін қордың ішкі бақылау талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3- тарау. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы
12. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында қор КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.
Тәуекелдерді бағалау нәтижелері "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша ұсынылады
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) қордың КЖ/ТҚ тәуекелдерін оның құрылымдық бөлімшелері бөлінісінде басқаруды ұйымдастыру тәртібі;
2) клиент тәуекелінің деңгейіне;
қор қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттің типі, елдік тәуекел және қызметтер/өнімдер тәуекелі бойынша) ескере отырып, КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;
3) алдын алу іс-шараларының тізбесін, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылауды көздейтін клиенттердің тәуекелдеріне және қор өнімдерінің (қызметтерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін тұрақты мониторингтеуді, талдауды және бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
4) клиенттердің тәуекел деңгейлерін қайта қарау үшін беру тәртібі, мерзімдері мен негіздері.
14. Қор жыл сайынғы негізде кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің типі бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, қызмет (өнім) және (немесе) оны ұсыну тәсілінің тәуекелін ескере отырып, қор қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалауды жүзеге асырады.
Қор қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингтеу рәсімдерін өзгертуді, операцияларды жүргізуге лимиттерді белгілеуді, қызметтерді ұсыну шарттарын өзгертуді, қызметтерді ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.
15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) жария лауазымды адам, олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
2) қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын ұйымдар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
тұтынушылардан қолма-қол ақшаны, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы қабылдауды жүзеге асыратын қызметтерді (қаржылық қызметтерден басқа) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірілген өкілдері);
ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн-казино қызметін көрсететін не одан кіріс алатын тұлғалар;
туристік қызметтерді, сондай-ақ қолма-қол ақшаның қарқынды айналымына байланысты өзге де қызметтерді ұсынатын тұлғалар;
3) инвестициялық портфельді басқарушы брокер-дилерлер (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);
4) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);
5) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар;
6) қаржы лизингі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);
7) сақтандыру агенттері ретінде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
8) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
9) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды өндірумен және (немесе) сатумен байланысты адамдар;
10) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен, сондай-ақ сатып алумен-сатумен байланысты тұлғалар;
11) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;
12) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
13) сенімхат бойынша олардың өкілдері атынан әрекет ететін зейнетақы төлемдерін алушылар.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.09.2024 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Қор осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерден клиенттерге қызмет көрсетуге және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
Мыналар өздерімен жасалатын операциялар КЖ/ТҚ тәуекелін ұлғайтатын шет мемлекеттер болып табылады:
1) уәкілетті орган КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);
2) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);
3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметінің және бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің өзге де лицензияланатын түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметінің және бағалы қағаздар рыногы ұйымдарының қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" 2002 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген);
4) қор факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзит деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер) негізінде КЖ/ТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар) болып табылады.
17. Қордың КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын қызметтері, сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) дербес компьютерлер, телефондар, электрондық терминалдар арқылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсету;
2) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметтер;
3) қолданыстағы, сондай-ақ енгізілетін өнімдер үшін жаңа және дамушы технологияларды пайдалана отырып беру тетіктерін қамтитын жаңа өнімдер мен іскерлік тәжірибелер.
18. Қор қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау кезінде Талаптардың 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекелдер санаттарына және факторларына сәйкес мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, қор тәуекелдің қорытынды дәрежесіне әсер ететін қосымша мәліметтерді ескереді:
1) қордың уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны;
2) қордың уәкілетті органға клиенттердің шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.
19. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде қор Талаптардың 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын, сондай-ақ қор белгілейтін өзге де санаттар мен тәуекелдер факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Қор клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қорда бар клиент (клиенттер) туралы мәліметтер мен ақпаратты талдау нәтижелері бойынша белгілейді және кемінде екі деңгейден тұратын кор әзірлеген тәуекел деңгейін айқындау шкаласы бойынша бағаланады.
Қор клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай жүзеге асырады).
20. Талаптардың 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекел санаттары мен факторларын пайдалана отырып, тәуекелді бағалау клиенттерге (клиенттер топтарына) қатысты операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелері негізінде жүргізіледі.
Тәуекелді бағалау бұрын жүргізілмеген және (немесе) іскерлік қатынастар бұрын орнатылмаған клиенттер (клиенттер топтары) бойынша қор іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін алынған деректер негізінде тәуекелді бастапқы бағалауды жүргізеді.
21. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру кезінде қор КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 6-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ тәуекелдері есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.
21-1. Қор:
1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер және жаңа іскерлік практика әзірлеуге;
2) жаңа, сол сияқты қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамушы технологияларды пайдалануға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚ тәуекелдерін айқындайды және бағалайды.
КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға дейін немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.
Ескерту. Талаптар 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
22. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында қор клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.
Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру қордың зейнетақы жарналары салымшысы (оның өкілі), зейнетақы төлемдерін алушы (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және олардың анықтығын тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ зейнетақы жарналары салымшысы, зейнетақы төлемдерін алушы және олардың өкілдері туралы Талаптарда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуінен тұрады.
Бенефициарлық меншік иесін анықтау жөніндегі іс-шараларды қор зейнетақы жарналарының салымшысына қатысты, ал ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезінде осындай зейнетақы төлемдерін алушыға да қатысты жүргізеді.
Заңды тұлға-клиенттің жарғылық капиталына қатысу үлесінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды есептемегенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмән келтіру үшін негіздер болған жағдайда, заңды тұлға-клиентке өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесіне клиент-заңды тұлға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайды жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып танылуына жол беріледі.
Егер шаралар қабылдау нәтижесінде заңды тұлға-клиенттің бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, бенефициарлық меншік иесі ретінде жеке дара атқарушы органды не заңды тұлға-клиенттің алқалы атқарушы органының басшысын тануға рұқсат етіледі.
КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес қор тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиентке қатысты клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады не оларға қатысты тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.22-1. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2, 3-1-тармақтарының және 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қор:
1) клиент шекті операция (мәміле) жасаған;
2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет жасаған);
3) клиент КЖ/ТҚ типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операция (мәміле) жасаған;
4) клиент ерекше операция (мәміле) жасаған;
5) клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің анықтығына күмән келтіру үшін негіздер болған жағдайларда клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді алу мен тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы алынған мәліметтердің анықтығына тексеру жүргізеді.
Клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің дәйектілігіне күмән келтіру үшін негіз болған жағдайда, клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту қаржы мониторингі субъектісі мұндай күмәннің болуы туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операциялар жасау кезінде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3, 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейіне және Талаптарға сәйкес бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту не алу қажеттігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастарды белгілеу кезінде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.
Ескерту. Талаптар 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.23. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 6-бабының талаптарын ескерумен қор клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін іскерлік қатынастар орнатқанға дейін сәйкестендіру жүргізеді.
24. Талаптардың 22-1 және 23-тармақтарына сәйкес алынған мәліметтерді қор клиенттің досьесіне енгізеді, ол қорда клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақталады.
Қор ішкі құжаттарға сәйкес досье жүргізетін клиенттердің топтары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) жеке тұлғалар;
2) заңды тұлғалар.
Қор КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде қор клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттерін тиісінше тексеру шараларына қор сүйенетін басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрату бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе қаржы мониторингінің басқа субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.
Шетелдік қаржы ұйымы қабылдаған клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенетін қор осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және шетелдік қаржы ұйымы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының талаптарына ұқсас тиісінше тексеру шараларын қолданатынын, сондай-ақ тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтайтынын белгілейді.
Қаржы тобының қатысушысы болып табылатын қор қажет болған жағдайда КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-1-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда осындай топтың басқа қатысушылары тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенеді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.25. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде қор Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің болуына тексеру жүргізеді.
Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (Тізбенің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.
Қор клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің лауазымды тұлғаларға және олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.
Қор КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-2) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:
1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;
2) қордың басшы қызметкерлерінің осындай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қарым-қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;
3) осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің қаражат көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;
4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде күшейтілген шараларды тұрақты негізде қабылдайды.
Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты қор КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қосымша қолданады.
Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты көші-қон карточкалары туралы мәліметтер талап етілмейді.
Қор жеке тұлғаны (заңды тұлғаның басшысын, құрылтайшыларын (қатысушыларын), бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
азаматтығы;
туған күні мен жері;
бенефициарлық меншік иесінің мекенжайын қоспағанда, заңды мекенжайы;
жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге құжаттың деректемелері,
жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда);
қызмет түрі (дара кәсіпкерлер үшін).
Қор заңды тұлға-клиентті (заңды тұлға-клиенттің құрылтайшыларын (қатысушыларын) сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
атауы;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі және тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар болған кезде);
орналасқан және тіркелген жері;
бизнес сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент-заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір;
басшы (заңды тұлға-клиенттің атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер
қызмет сипаты;
бенефициарлық меншік иесі туралы деректер.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.26. Клиент (оның өкілі) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында ұсынылатын құжаттар олардың түпнұсқалығына тексеріледі.
27. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:
1) қордың іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау рәсімін, негіздері мен мерзімдерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау тәртібі;
2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде тиісті тексерудің жеңілдетілген және күшейтілген шаралары;
3) қордың клиенттер (олардың өкілдері) арасынан қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жария лауазымды тұлғаларды, олардың жұбайларын (зайыптарын) және жақын туыстарын анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;
4) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру тәртібі;
5) іскерлік қатынастарды қашықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;
6) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚҚ бойынша (бар болса) талаптарды орындау аясында сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу, сондай-ақ осындай мәліметтерді сақтау және құпиялылығын қамтамасыз ету ерекшеліктері;
7) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау ерекшеліктері;
8) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру тәртібі;
9) клиенттің досьесін жүргізу нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптар, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартулар;
10) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, мұндай тәуекелді бағалау негіздері;
11) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша және тәртіпте клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді қордың сұрау салуы бойынша алу және ұсыну тәртібі.
Егер қор КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға клиенттерге қатысты КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, қор мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді, олар мыналарды:
қордың сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ мұндай шарттар жасасуға уәкілетті қордың лауазымды тұлғаларының тізбесін;
қор мен сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар арасындағы шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;
сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді қорға беру рәсімі мен мерзімдерін;
қорға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қор қабылдайтын шараларды қоса алғанда, сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды қордың жүзеге асыру рәсімін;
сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, алынған мәліметтерді қорға беру мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, қордың сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздерін, рәсімін және мерзімдерін;
сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті қордың лауазымды тұлғаларының тізбесін;
қор сәйкестендіру жүргізуді тапсырған тұлғалардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін, алынған мәліметтерді қорға беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, жауапкершілігі туралы ережелерді;
қордың сәйкестендіру талаптарын орындау мақсатында оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша клиентті (оның өкілін) және бенефициар меншік иесін сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау рәсімін қамтиды.
Қорға өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша талаптарды енгізуіне рұқсат етіледі.
Шетелдік қаржы ұйымы шартының негізінде КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларын қолдануды тапсырған қор қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) ықтимал тәуекелдерін ескереді және терроризмді қаржыландыру.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.27-1. Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді көздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мекенжайға баруды қоса алғанда, мәліметтерді басқа да тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. Талаптар 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.27-2. Қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатумен күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болған немесе болған жағдайда, Қор КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасамайды.
Ескерту. Талаптар 27-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5-бөлім. Клиенттер операцияларының мониторингі және оны зерделеу бағдарламасы
28. КЖ/ТҚҚ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру бойынша, сондай-ақ шекті және күдікті операцияларды анықтау және уәкілетті органға жіберу бойынша талаптарды іске асыру мақсатында қор клиенттер операцияларының мониторингі және оны зерделеу бағдарламасын әзірлейді.
29. Клиенттер операцияларының мониторингі және оны зерделеу бағдарламасы аясында қор клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді алу және (немесе) жаңарту бойынша, сондай-ақ клиенттерді зерделеу және шекті, күрделі, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.
Қор клиенттер операцияларының мониторингін және оларды зерделеу нәтижелерін қор қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне бейімділігі дәрежесін жыл сайын бағалау, сондай-ақ клиенттер тәуекелдерінің деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.
Клиенттер операцияларының мониторингі және оны зерттеп-зерделеу бағдарламасы аясында алынған мәліметтер Талаптардың 24 тармағында көзделген клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) клиенттермен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі бойында және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл қорда сақталады.
30. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді алу және (немесе) жаңарту кезеңділігін қор клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын қор қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне бейімділігі дәрежесін ескерумен белгілейді.
Тәуекел деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.
31. Клиенттің операцияларын зерделеу дәрежесін қор клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін ескере отырып, сондай-ақ қордың қолда бар КЖ/ТҚ сценарийлерін (схемаларын) және (немесе) күрделі, ерекше, күдікті операциялардың белгілерін ескере отырып айқындайды.
Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда қор клиент белгілі бір уақыт кезеңінде, бірақ кемінде соңғы айда жүргізетін (жүргізген) операцияларды зерделейді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.32. Клиенттер операцияларының мониторингі және оны зерделеу бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, күдікті операцияларды анықтау белгілерінің негізінде жасалған, сондай-ақ қор дербес әзірлеген күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;
2) қор бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту және (немесе) қосымша мәліметтер алу бойынша міндеттерді Талаптарда көзделген жағдайларда бөлу;
3) қор бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында шекті, күрделі, әдеттегіден тыс, күдікті операцияларды анықтау бойынша міндеттерді бөлу және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында беру;
4) жауапты қызметкердің клиент операциясының біліктілігі туралы шешім қабылдау тәртібі, негіздері және мерзімі;
5) күрделі, әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар (оның ішінде, операцияның сомасы) туралы мәліметтерді тіркеу (оның ішінде тіркеу тәсілдері) тәртібі;
6) клиент жүйелі түрде және (немесе) айтарлықтай көлемде әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда клиентке және оның операцияларына қатысты шаралар қабылдау тәртібі және қабылданатын шаралардың сипаты;
7) уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарлар беру тәртібі;
8) шекті және күдікті операцияның анықталғаны туралы қордың басқару органын, атқарушы органын және қордың лауазымды адамдарын хабардар ету (қажет болған кезде) тәртібі.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.33. Операцияны шекті ретінде жіктеудің заңдылығы бөлігінде күмән туындаған, сондай-ақ әдеттегіден тыс немесе күдікті операция анықталған жағдайда, көрсетілген операцияны анықтаған қор қызметкері қордың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте, нысанда және мерзімде жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚК жөніндегі бөлімшеге) мұндай операция туралы хабарлама жолдайды.
Бір хабарламада бірнеше операция туралы ақпарат болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламалар, сондай-ақ оларды зерделеу нәтижелерін қор клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.
6-бөлім. Қор қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы
34. Қор қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты қор қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ саласындағы ішкі бақылау қағидаларының және өзге де ішкі құжаттардың талаптарын орындау үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыруы болып табылады.
35. Оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабының 8-тармағында көрсетілген КЖ/ТҚҚ саласында даярлау және оқыту бойынша қаржы мониторингі субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.36. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.