Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 75 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 қыркүйекте № 35116 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Қаржы нарығындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2024 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 75 Қаулыға
қосымша

Қаржы нарығындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне мыналар енгізіледі, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды тұлғалар, олардың отбасы мүшелері және олардың жақын туыстары;

      2) шетелдік қаржы ұйымдары;

      3) заңды тұлғалар және қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметін айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметінің ерекше түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар (банк белгілеген КЖ/ТҚҚ жөніндегі талаптарды сақтайтын банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      тұтынушылардан қолма-қол ақша қабылдауды, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырушы қызметтерді (қаржылық қызметтерді қоспағанда) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірген);

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс онлайн-казино қызметін көрсететін не онлайн-казино қызметінен түсетін кірістерді алатын тұлғалар;

      туристік қызметтерді, сондай-ақ қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты өзге де қызметтерді көрсететін тұлғалар;

      4) адвокаттар және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қызметке қатысты ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларға қатысатын жағдайларда, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (екінші деңгейдегі банктер белгілеген, КЖ/ТҚҚ жөніндегі талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      5) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері (банк белгілеген КЖ/ТҚҚ жөніндегі талаптарды сақтайтын банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      6) қаржы лизингі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      7) қызметті сақтандыру агенттері ретінде жүзеге асыратын тұлғалар;

      8) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      9) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды өндірумен және (немесе) сатумен байланысты адамдар;

      10) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен, сондай-ақ сатып алумен-сатумен байланысты тұлғалар;

      11) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      12) Талаптардың 17-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      13) ұсынған деректерінің дәйектілігіне күмәндануға негіз бар, клиент;

      14) клиент КЖ/ТҚҚ туралы заңда көзделген клиентті тиісінше тексеру рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттер жасағанда;

      15) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар;

      16) банк шығарған он және одан да көп төлем карточкаларының ұстаушылары болып табылатын клиенттер;

      17) соңғы 6 (алты) ай ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына жалпы сомасы 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам үш және одан да көп төлем жасаған клиенттер.".

      2. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21434 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:

      1 және 2 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі -КЖ/ТҚҚ туралы заң) және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32826 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.

      2. Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы pаңда және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – қор) дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);

      2) КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару – қордың КЖ/ТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

      3) клиент – қордың қызметтерін алатын жеке тұлға, заңды тұлға;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын қаржыландыру тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ тәуекелдері) – қорды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын қаржыландыру процестеріне қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ);

      5) цифрлық актив - криптография және компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, қаржылық құрал болып табылмайтын мүлік, сондай-ақ мүліктік құқықтарды куәландырудың электрондық-цифрлық нысаны;

      6) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциясы;

      7) іскерлік қатынастар – қордың клиентке зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметке жататын қызметтер ұсынуы бойынша қатынастар.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қорда қордың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қордағы ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуы және сақталуы үшін жауапты, қордың басшы қызметкерлерінің немесе қордың тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының деңгейінен төмен емес қордың өзге басшыларының қатарынан жоғары білімі, қордың қызметін ұсынуға байланысты бөлімше басшысының лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі не КЖ/ТҚҚ саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі не қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мінсіз іскерлік беделі бар лауазымды тұлға (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚҚ мәселелері кіретін қор бөлімшесінің (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше) қызметкерлері айқындалады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды адам, олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      2) қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын ұйымдар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      тұтынушылардан қолма-қол ақшаны, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы қабылдауды жүзеге асыратын қызметтерді (қаржылық қызметтерден басқа) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірілген өкілдері);

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн-казино қызметін көрсететін не одан кіріс алатын тұлғалар;

      туристік қызметтерді, сондай-ақ қолма-қол ақшаның қарқынды айналымына байланысты өзге де қызметтерді ұсынатын тұлғалар;

      3) инвестициялық портфельді басқарушы брокер-дилерлер (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      4) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      5) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар;

      6) қаржы лизингі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      7) сақтандыру агенттері ретінде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      8) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      9) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды өндірумен және (немесе) сатумен байланысты адамдар;

      10) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен, сондай-ақ сатып алумен-сатумен байланысты тұлғалар;

      11) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      12) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      13) сенімхат бойынша олардың өкілдері атынан әрекет ететін зейнетақы төлемдерін алушылар.".

      3. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 96 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21433 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне мыналар енгізіледі, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды тұлғалар, олардың отбасы мүшелері және олардың жақын туыстары;

      2) шетелдік қаржы ұйымдары;

      3) заңды тұлғалар және қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметін айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметінің ерекше түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар (банк белгілеген КЖ/ТҚҚ жөніндегі талаптарды сақтайтын банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар;

      тұтынушылардан қолма-қол ақша қабылдауды, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырушы қызметтерді (қаржылық қызметтерді қоспағанда) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірген);

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс онлайн-казино қызметін көрсететін не онлайн-казино қызметінен түсетін кірістерді алатын тұлғалар;

      туристік қызметтерді, сондай-ақ қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты өзге де қызметтерді көрсететін тұлғалар;

      4) қаржы лизингі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      5) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар;

      6) кредиттік серіктестіктер;

      7) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      8) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды өндірумен және (немесе) сатумен байланысты адамдар;

      9) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен, сондай-ақ сатып алумен-сатумен байланысты тұлғалар;

      10) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      11) Талаптардың 18-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.".

      4. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 97 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21425 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне мыналар енгізіледі, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды тұлға, оның жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      2) қайта сақтандыру жөніндегі мәміле сақтандыру брокерінің қатысуынсыз жасалған және мұндай шетелдік қайта сақтанушыларда (цеденттерде) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен мақұлданған рейтингтік агенттіктер берген қаржылық сенімділік рейтингі немесе кредиттік рейтингі болмаған жағдайда, шетелдік қайта сақтанушылар (цеденттер);

      3) шетелдік сақтандыру брокерлері (Қазақстан Республикасында Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын еншілес ұйымы барларды қоспағанда);

      4) заңды тұлғалар және қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметін айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметінің ерекше түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ жөніндегі талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      тұтынушылардан қолма-қол ақша қабылдауды, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырушы қызметтерді (қаржылық қызметтерді қоспағанда) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірген);

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс онлайн-казино қызметін көрсететін не онлайн-казино қызметінен түсетін кірістерді алатын тұлғалар;

      туристік қызметтерді көрсететін тұлғалар;

      5) қаржы лизингі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      6) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      7) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды өндірумен және (немесе) сатумен байланысты адамдар;

      8) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен, сондай-ақ сатып алумен-сатумен байланысты тұлғалар;

      9) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      10) Талаптардың 17-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде және (немесе) ішкі аумақтарда орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      11) ұсынған деректерінің дәйектілігіне күмәндануға негіз бар, клиент;

      12) клиент КЖ/ТҚҚ туралы заңда көзделген клиентті тиісінше тексеру рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттер жасағанда;

      13) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар.".

      5. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы үшін қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21424 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы үшін қойылатын талаптарда:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне мыналар енгізіледі, бірақ олармен шектелмейді:

      1) шетелдік қаржы ұйымдары;

      2) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ осындай тұлғалардың Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;

      3) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар.".

      6. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 29 қазандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21577 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптарда:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне мыналар енгізіледі, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды тұлға, оның жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      2) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген), сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдар және осындай тұлғалардың өкілдіктері;

      3) коммерциялық емес және қайырымдылық ұйымдары, діни бірлестіктер;

      4) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады