1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
М. Мирзагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 13 қазаны № 256 Бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)
1. "Аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7573 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журнал) нысаны осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында:
16-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"16. Кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын тұлғалар әр ауланымды, кәсіпшілік журналына аулау кезінде тіркейді.
Кәсіпшілік журнал тігіледі және нөмірленеді, балық шаруашлығы субъектісінің немесе жануарлар дүниесін пайдаланушының қолымен қойлады және аумақтық бөлімшенің мөрімен расталады.".
3. "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1058 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12888 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесінде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің мекендеу ортасын бұзу немесе жою кезінде әсер ету аумағында бір түрге қатысты зиянның мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
У сом 1 турге=У н.т.+Ус.в.+Уу.в.+Усл.в., мұнда:
Усом 1 турге - аң аулау объектісі болып табылатын жануардың бір түріне әсер ету аумағында шаруашылық және өзге қызметтен келтірілген жиынтық зиян (АЕК);
- еңсерілмес өзгеру аумағында аң аулау объектісі болып табылатын жануардың бір түріне келтірілген зиян (АЕК);
- күшті әсер ету аумағында аң аулау объектісі болып табылатын жануардың бір түріне келтірілген зиян (АЕК);
- орташа әсер ету аумағында аң аулау объектісі болып табылатын жануардың бір түріне келтірілген зиян (АЕК);
- нашар әсер ету аумағында аң аулау объектісі болып табылатын жануардың бір түріне келтірілген зиян (АЕК);
- тиісті әсер ету аумағында мекендейтін (белгіленіп отырған шаруашылық және өзге қызметтен болатын зиянның есептеме жүргізілмеген жағдайларда мекендеген) аң аулау объектісі болып табылатын жануардың бұл түрінің нақты саны (дарақтар);
- жануарлар түрлерін алу нормативі (пайызбен);
t (жыл)* - жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасының бұзылу немесе жойылу салдарынан оларға зиян келтірілетін кезең (бұдан әрі – әсер ету кезеңі).
*Мерзімсіз әсер ету кезеңінде ұзақтығы 30 жыл әсер ету кезеңі қолданылады;
Т – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 582-бабымен айқындалған Қазақстан Республикасында жануардың нақты түрін пайдалану үшін төлемақы ставкасы (АЕК);
Шаруашылық және өзге қызметтен келтірілген әсер ету аумағы үшін қайта есептеу коэффициенттерінің мәні:
0,75 – күшті әсер ету аумағы үшін қайта есептеу коэффициенті;
0,5 - орташа әсер ету аумағы үшін қайта есептеу коэффициенті;
0,25 - нашар әсер ету аумағы үшін қайта есептеу коэффициенті.".
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналы (кәсіпшілік журнал)
__________________________________________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі)
__________________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органмен келісім-шарт жасасқан балық шаруашылығы
субъектісінің атауы)
__________________________________________________________________________
(бригадирдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), басқа жауапты тұлға)
Аулау күні | Су айдынының немесе учаскенің атауы | Пайдаланылған аулау құралдарының түрлері және саны | Аулауды жүзеге асырған балықшылар саны | Ауланған балық көлемі, килограмм |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Кестенің жалғасы
Ауланған балықтың түрлік құрамы, балық түрлері, килограмм | Жіберілген балық көлемі, килограмм | Жіберу күні, жүк құжаты № автокөлік, кеме № | Ауланған балықты қабылдаушының аты-жөні, қолы |
6 | 7 | 8 | 9 |