Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 384/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қазанда № 21445 болып тіркелді. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 30.03.2023 № 117/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 30.03.2023 № 117/НҚ (ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-1-бабының 20-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2020 жылғы 13 қазандағы
№ 384/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.04.2022 № 146/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 20-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) серверлік үй-жай (деректерді өңдеу орталығы) – серверлік, активті және пассивті желі жабдығын (телекоммуникациялық) және құрылымдалған кәбілдік жүйелердің жабдығын орналастыруға арналған үй-жай;

      4) тұлғалар – цифрлық майнинг бойынша қызметті жоспарлаған/жүзеге асыратын/тоқтататын жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар, сондай-ақ есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қызметтер көрсетуді жоспарлайтын/жүзеге асыратын/тоқтататын жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар;

      5) цифрлық майнинг – блокчейн арқылы ақпараттандыру объектілеріндегі деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін, деректерді шифрлеудің және өңдеудің берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік, энергетикалық қуаттарды пайдалана отырып есептеу операцияларын жүргізу процесі.

2-тарау. Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру тәртібі

      3. Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуді жоспарлаған тұлғалар қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын уәкілетті органды ақпараттық жүйе арқылы мынадай мазмұндағы ақпаратпен хабардар етеді:

      1) заңды тұлғаның/ЖК-ның атауы;

      2) БСН/ЖСН;

      3) заңды тұлғаның/ ЖК-ның заңды мекенжайы;

      4) байланыс деректері (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы);

      5) заңды тұлғаның/ЖК-ның банктік деректемелері;

      6) цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалардың есептеу операцияларын орындауы және деректерді өңдеуі үшін кешенді есептеу инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша цифрлық майнинг/қызметтер көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыруға мегаваттағы (МВт/) қажетті қуат;

      7) жоспарланған жұмыс орындарының саны;

      8) жоспарланған инвестициялар (теңге);

      9) IP-мекенжайы (бөлінген IP мекенжайларының пулы);

      10) кедендік жүк декларациясының көшірмесі және/немесе меншік құқығында немесе басқа заңды негізде цифрлық майнинг саласында жабдықтың болуын растайтын құжат;

      11) цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін деректерді өңдеу орталығының орналасқан жері туралы ақпарат;

      12) цифрлық майнинг саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаты;

      13) цифрлық майнинг саласындағы қызметті жүзеге асыруға электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың көшірмесі.

      Уәкілетті орган цифрлық майнинг саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы жауапты ұсынады.

      4. Цифрлық майнингті жүзеге асыратын, сондай-ақ цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін уәкілетті органды ақпараттық жүйе арқылы мынадай мазмұндағы ақпаратпен хабардар етеді:

      1) заңды тұлғаның/ЖК-ның атауы;

      2) БСН/ЖСН;

      3) заңды тұлғаның/ ЖК-ның заңды мекенжайы;

      4) байланыс деректері (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы);

      5) есепті кезеңдегі тұтыну, кВт/сағат (цифрлық майнинг/(немесе) цифрлық майнинг үшін инфрақұрылымды ұсыну бойынша қызметтер көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыруға тұтынылатын электр энергиясы туралы ақпарат);

      6) цифрлық майнинг үшін пайдаланылатын жабдықтың атауы;

      7) цифрлық майнинг үшін пайдаланылатын жабдықтар саны;

      8) жұмыс орындарының саны;

      9) ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған инвестициялар (теңге);

      10) жақын арадағы 12 айға жоспарланған инвестициялар (теңге);

      11) IP мекенжайы (бөлінген IP мекенжайларының пулы);

      12) кедендік жүк декларациясының көшірмесі және/немесе меншік құқығында немесе басқа заңды негізде цифрлық майнинг саласында жабдықтың болуын растайтын құжат;

      13) цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін деректерді өңдеу орталығының орналасқан жері туралы ақпарат;

      14) цифрлық майнинг саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжат;

      15) цифрлық майнинг саласындағы қызметті жүзеге асыруға электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың көшірмесі.

      5. Цифрлық майнинг бойынша, сондай-ақ цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсететін, қызметін тоқтататын тұлғалар, цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызметі немесе цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету қызметі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде, бұл туралы уәкілетті органды ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.

      6. Уәкілетті орган цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерден және (немесе) заңды тұлғалардан, сондай-ақ есептеу операцияларын орындау және цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсететін ақпаратты алғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде электрондық құжат нысанында электрэнергетикасы саласына басшылық ететін мемлекеттік органды мынадай мазмұндағы ақпаратпен хабардар етеді:

      1) кедендік жүк декларациясының көшірмесі және/немесе меншік құқығында немесе басқа заңды негізде цифрлық майнинг саласында жабдықтың болуын растайтын құжат;

      2) цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін деректерді өңдеу орталығының орналасқан жері туралы ақпарат;

      3) цифрлық майнинг саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжат;

      4) цифрлық майнинг саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың көшірмесі.

      6-1. Уәкілетті орган цифрлық майнингті жүзеге асыратын, сондай-ақ цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсететін тұлғалардан ақпарат алғаннан кейін есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інші (он бес) күніне дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 402 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27557 болып тіркелген) Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемі туралы мәліметтер нысанына сәйкес қаржы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар етеді.


On approval of the Rules for informing about digital mining activities

Order of the Minister of Digital Development, Innovations and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan dated October 13, 2020 No. 384/НҚ. Registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on October 16, 2020 No. 21445. Abolished by the order of the Acting Minister of Digital Development, Innovation and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan dated March 30, 2023 No. 117/NK

      Unofficial translation

      Footnote. Abolished by the order of the Acting Minister of Digital Development, Innovation and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan dated March 30, 2023 No. 117/NK (effective sixty calendar days after the date of its first official publication).

      In accordance with subclause 20-2) of article 7-1 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated November 24, 2015 “In Informatization”, I HEREBY ORDER:

      1. To approve the attached Rules for informing about digital mining activities.

      2. The Information Security Committee of the Ministry of Digital Development, Innovation and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan, in accordance with the procedure, established by law, shall ensure:

      1) state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) placement of this order on the Internet resource of the Ministry of Digital Development, Innovations and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan after its official publication;

      3) within ten working days after the state registration of this order, submission to the Legal Department of Digital Development, Innovations and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan of information about implementation of measures, stipulated by subclauses 1) and 2) of this clause.

      3. Control over execution of this order shall be entrusted to the supervising Vice Minister of Digital Development, Innovations and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan.

      4. This order shall come into force upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication.

      Minister of Digital Development,
Innovations and Aerospace Industry
of the Republic of Kazakhstan
B.Mussin

      "AGREED"
Ministry of Industry and
Infrastructural Development
of the Republic of Kazakhstan

      "AGREED"
Ministry of Energy
of the Republic of Kazakhstan

  Approved
by the order of the Minister
of Digital Development,
Innovations and Aerospace
Industry of the
Republic of Kazakhstan
dated October 13, 2020
No. 384/НҚ

Rules for informing about digital mining activities

Chapter 1. General Provisions

      1. These Rules for informing about digital mining activities (hereinafter referred to as the Rules) have been developed in accordance with subclause 20-2) of article 7-1 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated November 24, 2015 “In Informatization” (hereinafter referred to as the Law) and shall determine the procedure for informing about digital mining activities.

      2. The following basic concepts are used in these Rules:

      1) authorized body in information security (hereinafter referred to as the authorized body) – central executive body responsible for leadership and cross-sectoral coordination in information security;

      2) server room (data center) - a room designed to accommodate server, active and passive network (telecommunications) equipment and equipment for structured cabling systems;

      3) digital mining - a process of carrying out computational operations using computer, energy capacities in accordance with specified encryption and data processing algorithms, which ensures confirmation of the integrity of data blocks in objects of informatization by means of a blockchain.

Chapter 2. Procedure for informing about digital mining activities

      3. Legal entities carrying out digital mining activities shall inform within 30 (thirty) calendar days about the planned activities (before design) for the construction of data processing centers in the form of an appeal on paper or in the form of an electronic document to the authorized body.

      Information shall be provided on the planned location, the amount of power consumed in megawatts (MW), the potential for expanding the design electric power capacity of the data centers, investments in data center equipment and bank details of the legal entity.

      4. Legal entities for existing data processing centers on a quarterly basis, by the tenth day of the next month, shall submit information about digital mining activities in the form of a reference on paper or in the form of an electronic document to the authorized body.

      Information shall be provided on the current amount of power consumption in megawatts (MW), planned investments in data center equipment, investment potential planned for the current year to develop data center infrastructure, and the number of jobs for maintenance personnel of data centers.

      5. Legal entities that terminate the implementation of digital mining shall inform within 10 (ten) calendar days from the end of the digital mining activities in the form of a reference on paper or in the form of an electronic document to the authorized body.

      6. The authorized body, upon receipt of a reference on paper or in the form of an electronic document from the legal entity, that carry out digital mining activities, shall inform the state body, carrying out management in electric power industry, within 5 (five) calendar days in the form of an electronic document, about the planned location, the volume of power consumption in megawatts (MW), the potential for expanding the design power capacity of data centers.