Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидаларын, сондай-ақ алғашқы көмек көрсетілетін шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-138/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қазанда № 21464 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 90-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, алғашқы көмек көрсетілетін шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 19 қазаны
№ ҚР ДСМ-138/2020
Бұйрыққа 1-қосымша

Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 90-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алғашқы көмек – бұл оқиға орнында зардап шегушінің өзі (өзіне-өзі көмек көрсету) немесе жақын жердегі басқа адам (өзара көмек) медицина қызметкерлері келгенге дейін жүргізетін, шұғыл жағдайлар кезінде адамның өмірін құтқаруға, асқынулардың алдын алуға арналған, сондай-ақ кезек күттірмейтін жағдай кезінде зардап шегушінің денсаулығы мен өміріне қауіп-қатерді төмендету мақсатындағы жедел базалық іс-шаралар кешені.

      2) алғашқы көмек бойынша сертификатталған жаттықтырушы – алғашқы көмек пен базалық жүрек-өкпе реанимациясы бойынша қосымша даярлықтан өткен адам;

      3) алғашқы көмекті оқыту бойынша нұсқаушы – алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаушы сертификатын бере отырып, уәкілетті орган бекіткен алғашқы көмек бойынша нұсқаушыларды даярлаудың арнайы бағдарламасы бойынша оқытудан өткен, халықты алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытуға уәкілетті медициналық білімі бар адам;

      4) сертификат – алғашқы көмек бойынша оқудан өту фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжат.

2-тарау. Адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытуды жүргізу тәртібі

      3. Азаматтарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытуды сертификатталған жаттықтырушылар мен нұсқаушылар жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының азаматтарына алғашқы көмек көрсету дағдыларын алғашқы көмек көрсету бойынша сертификатталған жаттықтырушылар мен нұсқаушыларды даярлауды Кодекстің 90-бабының 2-тармағына сәйкес айқындайтын талаптарға сәйкес келетін "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Денсаулық сақтаумен және әлеуметтік қамсыздандырумен (медицина) байланысты пәнаралық бағдарламалар" даярлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларына және оқу жоспарларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары жүзеге асырады.

      5. Азаматтарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту шарт негізінде сертификатталған жаттықтырушылар мен нұсқаушыларды шақыру есебінен мүдделі ұйымдарда көшпелі оқытуды жүргізу мүмкіндігімен денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында жүргізіледі.

      6. Осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес оқыту алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытуға арналған симуляциялық жабдықтар тізбесін пайдалана отырып, теориялық дайындық пен практикалық сабақтар нысанында жүргізіледі.

      7. Оқытуды жүргізу үшін Кодекстің 90-бабының 6-тармағына сәйкес оқу-көрсету жиынтықтары пайдаланады.

      8. Халықты алғашқы көмек көрсету қағидаларына оқыту денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы әзірлеген және бекіткен жұмыс оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

      9. Осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша оқудан өткен адамдарға сертификат беріледі.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын алғашқы көмек
көрсету дағдыларына оқыту
қағидаларына
1-қосымша

Алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытуға арналған симуляциялық жабдықтардың тізбесі

      1. Кеуде қуысының экскурсиясымен ауаның кіруін имитациялайтын манекендер-тренажерлер (ересек, жасөспірім, бала).

      2. Манекендерге арналған батарейкалар.

      3. Ырғақты симуляторы және дефибрилляторға жаттығушы электродтары бар автоматты сыртқы дефибриллятор (бұдан әрі - АСД)

      4. АСД түріне сәйкес келетін АСД арналған батарейкалар.

      5. Жасанды тыныс алу дағдыларын дамытуға арналған тосқауыл қорғаныс құралдары: көп рет қолданылатын бет маскалары (Pocket mask) және оларға бір рет қолданылатын сүзгілер; бір рет қолданылатын бет экрандары және т.б. (қатысушылар саны бойынша)

      6. Көп реттік пайдаланылатын, алынып салынатын маскалары бар Амбу силиконды тыныс алу қабы (көлемдері - ересектерге, балаларға, неонаталды)

      7. Барлық манекендерге арналған алынбалы өкпелер жиынтығы.

      8. Манекендер мен жабдықтарды өңдеуге арналған дезинфектанттар (антисептиктер, алкогольді және дымқыл майлықтар, дөңгелек мақталар).

      9. Магниттік-маркерлік тақта, маркерлер және басқа да кеңсе керек-жарақтары.

      10. Шығын материалдары: гемостатикалық турникеттер мен турникеттер, таңу материалдары, шарфтар, шиналар, имитацияға арналған макияж және төтенше жағдайларды модельдеуге арналған басқа материалдар, қолғаптар.

      11. Кілемдер, көрпелер.

      12. Ұйымдастыру техникасы (ноутбук, мультимедиялық проектор, фотоаппарат, экран, электрондық тасымалдағыштағы оқыту материалы).

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын алғашқы көмек
көрсету дағдыларына оқыту
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________

      (оқытатын ұйымның атауы)

Алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытудан өту туралы сертификат

      № ____

      Берілді _________________________________________________________

      Осы құжат бойынша куәландырады, бұл_____________________________

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Алғашқы көмек көрсету бойынша дайындықтан өтті___________________

      ________________________________________________________________

      (оқытатын ұйымның атауы)

      жалпы көлемде _____________________ сағат

      бастап "_______" бойынша "_______" ____________ 20__ жылы

      ___________________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда), басшының қолы)

      М.О. (болған жағдайда)

      Берілген күні "____" ______________ 20__ жылы

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 19 қазаны
№ ҚР ДСМ-138/2020
Бұйрыққа 2-қосымша

Алғашқы көмек көрсетілетін шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар тізбесі

      1. Есінен тану.

      2. Тыныс алуының және қанайналымының тоқтатуы.

      3. Сыртқы қан кету.

      4. Жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде заттар.

      5. Бас және дененің әртүрлі аймақтарының жарақаттары.

      6. Күйіктер, жоғары температураның әсері, жылу сәулеленуі.

      7. Үсік шалу және төмен температуралар әсерінің басқа да әсерлері.

      8. Улану.

      9. Құрысқақ.

      10. Жануарлар мен жәндіктердің шағып алуы.

Об утверждении правил обучения граждан Республики Казахстан навыкам оказания первой помощи, а также перечня экстренных и неотложных состояний, при которых оказывается первая помощь

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 октября 2020 года № ҚР ДСМ-138/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 октября 2020 года № 21464.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 90 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) правила обучения граждан Республики Казахстан навыкам оказания первой помощи, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) перечень экстренных и неотложных состояний, при которых оказывается первая помощь, согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический Департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

  Приложение 1 к приказу
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 19 октября 2020 года
№ ҚР ДСМ-138/2020

Правила обучения граждан Республики Казахстан навыкам оказания первой помощи

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила обучения граждан Республики Казахстан навыкам оказания первой помощи (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 90 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) первая помощь – это комплекс срочных базовых мероприятий для спасения жизни человека, предупреждения осложнений при экстренных состояниях, а также в целях снижения угрозы для здоровья и жизни пострадавшего лица при неотложном состоянии, проводимых на месте происшествия самим пострадавшим (самопомощь) или другим лицом, находящимся поблизости (взаимопомощь), до прибытия медицинских работников;

      2) сертифицированный тренер по первой помощи - лицо, прошедшее дополнительную подготовку по первой помощи и базовой сердечно-легочной; реанимации

      3) инструктор по обучению первой помощи – лицо с медицинским образованием, прошедшее обучение по специальной программе подготовки инструкторов по первой помощи, утвержденной уполномоченным органом с присуждением сертификата инструктора по первой помощи, уполномоченный обучать население навыкам оказания первой помощи;

      4) сертификат - документ установленного образца, подтверждающий факт прохождения обучения по первой помощи.

Глава 2. Порядок проведения обучения граждан навыкам оказания первой помощи

      3. Обучение граждан навыкам оказания первой помощи осуществляется сертифицированными тренерами и инструкторами.

      4. Подготовка сертифицированных тренеров и инструкторов по обучению первой помощи граждан Республики Казахстан навыкам оказания первой помощи осуществляется организациями образовании в области здравоохранения, в соответствии с учебными программами и учебными планами организаций образования, реализующих образовательные программы по направлениям подготовки "Здравоохранение" и (или) "Междисциплинарные программы, связанные со здравоохранением и социальным обеспечением (медицина)", соответствующие требованиям, определяемым в соответствии с пунктом 2 статьи 90 Кодекса.

      5. Обучение граждан навыкам оказания первой помощи проводится в организациях образования в области здравоохранения с возможностью проведения выездного обучения в заинтересованных организациях за счет приглашения сертифицированных тренеров и инструкторов на договорной основе.

      6. Обучение проводится в форме теоретической подготовки и практических занятий с использованием симуляционного оборудования для обучения навыкам оказания первой помощи, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      7. Для проведения обучения используются учебно-демонстрационные комплекты определенные стандартами оказания первой помощи утвержденные в соответствии с пунктом 6 статьи 90 Кодекса.

      8. Обучение населения правилам оказания первой помощи проводится по рабочей учебной программе, разработанной и утвержденной организацией образования в области здравоохранения.

      9. Лицам, прошедшим обучение по навыкам оказания первой помощи, выдается сертификат, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

  Приложение 1
к Правилам обучения граждан
Республики Казахстан навыкам
оказания первой помощи

Перечень симуляционного оборудования для обучения навыкам оказания первой помощи

      1. Манекены-тренажеры с индикаторами компрессий и имитацией вдоха с экскурсией грудной клетки (взрослый, подросток, младенец).

      2. Батарейки для манекена.

      3. Автоматический наружный дефибриллятор (далее - АНД) с учебными электродами и симулятором ритма к дефибриллятору.

      4. Батарейки для АНД, соответствующие типу АНД.

      5. Барьерные средства защиты для отработки навыков проведения искусственного дыхания: многоразовые лицевые маски (Pocket mask) и одноразовые фильтры к ним; одноразовые лицевые экраны и др. (по количеству участников).

      6. Мешок дыхательный силиконовый Амбу со сменными масками, многоразовый (размеры: взрослый, детский, неонатальный).

      7. Комплект съемных легких для всех манекенов.

      8. Дезинфектанты для обработки манекенов и оборудования (антисептики, спиртовые и влажные салфетки, ватные шарики).

      9. Магнитно-маркерная доска, маркеры и другие канцелярские принадлежности.

      10. Расходные материалы: кровоостанавливающие жгуты и турникеты, перевязочный материал, косынки, шины, макияж для имитации и другие материалы для моделирования неотложных ситуаций, перчатки.

      11. Коврики, одеяла.

      12. Оргтехника (ноутбук, мультимедийный проектор, фотоаппарат, экран, обучающим материалом на электронных носителях).

  Приложение 2
к Правилам обучения граждан
Республики Казахстан навыкам
оказания первой помощи
  Форма

      ___________________________________
      (наименование обучающей организации)

            Сертификат о прохождении обучения навыкам оказания первой помощи

      № ____

      Выдан____________________________________________________________

      Настоящим удостоверяется, что ______________________________________

      __________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при наличии)

      прошел(а) обучение навыкам оказания первой помощи

      в ________________________________________________________________

      (название обучающей организации)

      в общем объеме _____________________ часов

      с "_______" по "_______" ____________ 20__ года

      ___________________________________

      (Ф.И.О (при наличии), подпись руководителя)

      М.П. (при наличии)

      Дата выдачи "____" ______________ 20__ года

  Приложение 2 к приказу
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 19 октября 2020 года
№ ҚР ДСМ-138/2020

Перечень экстренных и неотложных состояний, при которых оказывается первая помощь

      1. Отсутствие сознания.

      2. Остановка дыхания и кровообращения.

      3. Наружные кровотечения.

      4. Инородные тела верхних дыхательных путей.

      5. Травмы головы и различных областей тела.

      6. Ожоги, эффекты воздействия высоких температур, теплового излучения.

      7. Отморожение и другие эффекты воздействия низких температур.

      8. Отравления.

      9. Судороги.

      10. Укусы животных и насекомых.