Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21532 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 26 қазаны
№ ҚР ДСМ-153/2020
Бұйрығымен бекітілген

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 9-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру тәртібі

      2. Шұғыл хабархат Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес есепке алынуға жататын инфекциялық және паразиттік аурулардың, уланулардың әрбір оқиғасына жасалады.

      3. Инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабархат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      4. Шұғыл хабархат 12 сағаттың ішінде аурудың, уланудың тіркелген орны бойынша (науқастың тұрғылықты жеріне қарамастан) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) жіберіледі. Ақпарат телефон арқылы аумақтық бөлімшеге 3 сағаттың ішінде хабарланады.

      5. Медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) немесе МАЖ-мен интеграцияланған басқа ақпараттық жүйе болған кезде шұғыл хабархат электронды түрде ресімделеді.

      6. Инфекциялық және паразиттік аурулар кезінде шұғыл хабархат беру мынадай схема бойынша жүргізіледі:

      1) адамның обамен, тырысқақпен, сары қызбамен, Денге қызбасымен, Батыс Ніл қызбасымен, Конго-Қырым геморагиялық қызбасымен, шұбар қызбамен, Эбола қызбасымен, Зика қызбасымен, шистозомоздармен және Қазақстан Республикасында бұрын тіркелмеген инфекциялық аурумен ауырудың әрбір оқиғасы және оларға күдіктену туралы науқасты анықтаған медицина қызметкері 3 сағаттың ішінде аумақтық бөлімшеге шұғыл хабархата жібереді. Сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына кезектен тыс ақпарат жіберіледі;

      2) Алғаш рет белсенді туберкулез ауруы диагнозы қойылған әрбір науқасқа осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шұғыл хабархат толтырылады, ол күнтізбелік 3 күннің ішінде аудандық (қалалық) фтизиопульмонологиялық ұйымға (бөлімшеге, кабинетке) және аумақтық бөлімшеге жіберіледі. Өліміне себепші болған "Белсенді туберкулез" диагнозы қайтыс болғаннан кейін анықталған жағдайда диагнозды дәрігер-фтизиатрдың растауы ұсынылады және аумақтық бөлімшеге шұғыл хабархат беріледі.

      Туберкулездің бациллярлық түрімен ауыратын науқастар анықталған кезде туберкулездің белсенді емес түрімен ауыратын науқастарда бацилла бөлу пайда болған кезде, сондай-ақ тірі кезінде есепке тұрмаған науқастар туберкулезден қайтыс болған жағдайда осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес шұғыл хабархат толтырылады, ол 24 сағаттың ішінде науқастың тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшеге жіберіледі.

      3) денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық көмек көрсетумен байланысты, пациенттерде, донорларда, қан реципиенттерінде, оның компоненттері мен препараттарында, тіндерде (тіндердің бөліктерінде) және (немесе) ағзаларда (ағзалардың бөліктерінде) анықталған АИТВ-ның әрбір жағдайына АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары 12 сағаттың ішінде аумақтық бөлімшеге шұғыл хабархат жібереді.

      4) микроспория, трихофития, фавус, қышыманың әрбір жағдайына және оларға күдіктену кезінде екі данадан тұратын шұғыл хабархат толтырылады: бір данасы аумақтық бөлімшеге, екіншісі – күнтізбелік 3 күннің ішінде аудандық (қалалық) тері-венерологиялық диспансеріне (бөлімше, кабинет) жіберіледі.

      7. Шұғыл хабархат денсаулық сақтау, сот-медициналық сараптама ұйымдарында меншік нысанына және ведомcтволық тиістілігіне қарамастан ауруды, улануды анықтаған немесе оған күдіктенген медицина қызметкері, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар толтырады.

      8. Фельдшерлік-акушерлік пункттің, медициналық пункттің медицина қызметкерлері шұғыл хабархатты екі данада толтырады: бірінші данасы аумақтық бөлімшеге, екіншісі – қарамағында осы фельдшерлік-акушерлік пункті, медициналық пункті бар медициналық ұйымға (аудандық, қалалық ауруханаға, дәрігерлік амбулаторияға, емханаға және басқаға) жіберіледі.

      9. Білім беру ұйымдарына баратын балалардың арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулар, улану оқиғаларына шұғыл хабархатты беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) білім беру ұйымына қызмет көрсететін медицина қызметкері шұғыл хабархатты ұйымның персоналы инфекциялық немесе паразиттік ауруды, улануды анықтаған (күдіктенген) жағдайда аумақтық бөлімшеге жібереді;

      2) денсаулық сақтау объектілерінің медицина қызметкері білім беру ұйымдарына баратын балаларда инфекциялық немесе паразиттік ауруларды, улануды анықтаған кезде шұғыл хабархатты осы денсаулық сақтау объектілерінің қызметкері аумақтық бөлімшеге жібереді;

      3) қаланың сыртындағы аймаққа шыққан балаларды сауықтыру ұйымдарына қызмет көрсететін медицина қызметкерлері шұғыл хабархатты сауықтыру ұйымының уақытша орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшеге жібереді.

      10. Инфекциялық немесе паразиттік ауруды, улануды анықтаған немесе оған күдіктенген жедел медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлері науқастың тіркелген орны бойынша емханаға (амбулаторияға) анықталған науқас туралы хабарлайды. Науқас емдеуге жатқызылмаған жағдайларда шұғыл хабархатты аумақтық бөлімшеге науқастың үйіне баратын емхананың медицина қызметкері, науқас емдеуге жатқызылған жағдайларда – стационардың медицина қызметкері жібереді.

      11. Инфекциялық немесе паразиттік аурулармен ауыратын, уланған науқастардың келіп түсуі туралы, инфекциялық ауру диагнозын нақтылау немесе өзгерту туралы ақпаратты беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) инфекциялық аурулар ауруханасы (инфекциялық аурулар бөлімшесі бар көп бейінді аурухана) ауданында науқасты емдеуге жатқызуға жіберген медициналық ұйым орналасқан аумақтық бөлімшеге науқас келіп түскен сәттен бастап 12 сағаттың ішінде инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын, уланған науқастардың түскені туралы хабарлайды;

      2) диагнозды нақтылаған немесе өзгерткен медициналық ұйым жаңа шұғыл хабархатты толтырады және өзгертілген (нақтыланған) диагнозды, оны қойған күнін, бастапқы диагнозбен зертханалық зерттеу нәтижелерін көрсете отырып, 12 сағаттың ішінде ауруды, улануды анықтаған орны бойынша аумақтық бөлімшеге жібереді.

      12. Аумақтық бөлімше өзінің аумағында басқа өңірлерден келген адамдарда инфекциялық немесе паразиттік ауру оқиғалары анықталған кезде аурулардың ошақтарында тиісті санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін науқастардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік органға
инфекциялық аурулар, улану
оқиғалары туралы ақпарат
(шұғыл хабархат) беру
қағидаларына
1-қосымша

Инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы ШҰҒЫЛ ХАБАРХАТ ЭКСТРЕННОЕ ИЗВЕЩЕНИЕ об инфекционном и паразитарном заболевании, отравлении

      1. Диагнозы (диагноз) ________________________________________________

      зертханалық жолмен расталды: иә, жоқ (астын сызыңыз)

      (подтвержден лабораторно: да, нет (подчеркнуть)

      2. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (Фамилия, имя, отчество (при наличии)

      ___________________________________________________________

      3. Жұмыс орны, лауазымы (Место работы, должность) ____________________

      4. Жынысы (Пол) ____________________________________________________

      5. Жасы (14 жасқа дейінгі балалар үшін - туған күні) Возраст (для детей до 14 лет - дата

      рождения) _________________________________________________

      6. Мекенжайы, елді мекен (Адрес, населенный пункт) _____________________

      көшесі (улица) ______үй (дом ), ______ пәтер (квартира ) жеке,

      коммуналдық, жатақхана-толықтырып жазыңыз (индивидуальная,

      коммунальная, общежитие - писать) ____________________________________

      7. Жұмыс орнының (оқу, балалар мекемесі) атауы және мекенжайы

      (Наименование и адрес места работы (учебы, детского учреждения)

      ___________________________________________________________________

      8. Ауырған, уланған күндері (Даты заболевания, отравления) _______________

      алғашқы келуі (анықталу күні) (первичного обращения, (выявления)

      ___________________________________________________________________

      диагноз қойылған (установления диагноза) _____________________________

      балалар мекемесіне, мектепке келесі баруы (последующего посещения

      детского учреждения, школы ________________________________________

      емдеуге жатқызу (госпитализации) _____________________________________

      9. Емдеуге жатқызу орны (Место госпитализации) ________________________

      10. Егер уланса – қайда, немен уланғанын көрсету (Если отравление –указать,

      где, чем отравлен пострадавший)_______________________________________

      11. Жүргізілген алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар және қосымша

      мәліметтер (Проведенные первичные противоэпидемические мероприятия и

      дополнительные сведения) ___________________________________________

      12. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

      мемлекеттік орган ведомствасының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі –

      аумақтық бөлімше) алғашқы сигнал берілген күні, сағаты (телефон арқылы

      және тағы басқа)

      (Дата и час первичной сигнализации (по телефону и прочие) в

      территориальное подразделение ведомства государственного органа в сфере

      санитарно-эпидемиологического благополучия населения (далее –

      территориальное подразделение)______________________________________

      Хабарлаушының тегі (Фамилия сообщившего) ___________________________

      Хабарламаны кім қабылдады (Кто принял сообщение)_____________________

      13. Мәлімдеменің жіберілген күні мен сағаты (Дата и час отсылки извещения)

      ___________________________________________________________________

      Мәлімдемені жіберген адамның қолы (Подпись пославшего извещение)

      ___________________________________________________________________

      Аумақтық бөлімшеде журналдағы тіркеу нөмірі (Регистрационный номер в

      журнале в территориальных подразделениях) ____________________________

      Мәлімдемені алған адамның қолы (Подпись получившего извещение) _______

      Инфекциялық және паразиттік ауруды, улануды анықтаған немесе күдіктенген барлық оқиғаларда, сондай-ақ диагнозы өзгерген кезде медицина қызметкері толтырады.

      Науқасты анықтаған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірмей науқастың анықталған орны бойынша аумақтық бөлімшеге жіберіледі.

      Диагнозы өзгергені туралы хабарланған жағдайда шұғыл хабархаттың 1-тармағында өзгерген диагнозы, оның қойылған уақыты және алғашқы диагнозы көрсетіледі.

      Шұғыл хабархат сондай-ақ үй және жабайы жануарлар тістіген,тырнаған, сілекейін жұқтырған жағдайларда жасалады, ол құтырма ауруына күдік ретінде қаралуы керек.

      Составляется медработником, выявившим при любых обстоятельствахинфекционное и паразитарное заболевание, отравление или подозревающих их, а также при изменении диагноза.

      Посылается в территориальное подразделение по месту выявления больного не позднее 12 часов с момента обнаружения больного.

      В случае сообщения об изменении диагноза в пункте 1 экстренного извещения указывается измененный диагноз, дата его установления и первоначальный диагноз.

      Экстренное извещение составляется также на случаи укусов, оцарапывание, ослюнения домашними или дикими животными, которые следует рассматривать как подозрение на заболевание бешенством.

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік органға
инфекциялық аурулар, улану
оқиғалары туралы ақпарат
(шұғыл хабархат) беру
қағидаларына
2-қосымша

Алғаш рет белсенді туберкулез ауруы диагнозы қойылған науқас туралы ШҰҒЫЛ ХАБАРХАТ ЭКСТРЕННОЕ ИЗВЕЩЕНИЕ о больном c впервые установленным диагнозом активного туберкулеза

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (Фамилия, имя, отчество

      (при наличии)

      _______________________________________________________________________

      2. Жұмыс орны (Место работы) ____________________________________________

      лауазымы (должность) _________________________________________________

      3. Жынысы (Пол) ________________________________________________________

      4. Туған күні (Дата рождения) _____________________________________________

      5. Отбасы жағдайы: үйленген (тұрмыс құрған), бойдақ (тұрмыс құрмаған),

      ажырасқан, жесір (Семейное положение: (женат, (замужем), холост

      (не замужем), разведен (а), вдовец (вдова) _________________________________

      6. Қаралу күні (Дата обращения) ___________________________________________

      жылы, айы, күні (год, месяц, число)

      7. Диагноз қойылған күн (Дата установления диагноза) _______________________

      8. Мекенжайы, елді мекен (Адрес, населенный пункт) ________________________

      көшесі (улица) ____________үй (дом), ______ пәтер (квартира)

      9. Қала тұрғыны, ауыл тұрғыны (жазыңыз) (Городской житель, сельский

      житель (вписать) _______________________________________________________

      10. Толық диагнозы (Полный диагноз) _____________________________________

      ______________________________________________________________________

      11. Болжамды жұқтыру ошағы (Предпологаемый источник заражения)

      ______________________________________________________________________

      12. Диагноздың зертханалық зерттеумен расталуы, рентген нәтижелері,

      туберкулез науқастарында Кох бацилласының (КБ) болуы; (Подтвержден ли

      диагноз лабораторным исследованием, данными рентгена, для туберкулезных

      больных указать наличие бациллы Коха (БК) _______________________________

      13. Аурудың анықталуы: жүгінген кезінде, профилактикалық қаралу

      кезінде, стационарда тексерілу кезінде (астын сызыңыз, жетпегенін

      жазыңыз) (Заболевание выявлено: при обращении, при профилактическом

      осмотре, при обследовании в стационаре (подчеркнуть, вписать

      недостающее) _________________________________________________

      14. Байланыста болған адамдар туралы деректер (Данные о контактных лицах)

Р/с
№ п/п

ТӘА
(ФИО)

Туған күні
(Дата рождения)

Ауруға қатысы
(Отношение к больному)

Мекен-жайы
(Адрес)

Шақырту күні
(Дата вызова)

Зерттеп білуге келген күні
(Дата привлечения к обследованию)

Диагнозы









































      Дәрігер (Врач) _________________________________________________________

                              ТАӘ (ФИО)

      Қолы (Подпись врача) __________________________________________________

      Хабархат мынадай аурулардың түрлеріне толтырылады:

      (Извещение составляется на следующие формы заболеваний):

      1. Алғашқы туберкулез инфекциясы (Первичная туберкулезная инфекция)

      ______________________________________________________________________

      2. Өкпе туберкулезі (Туберкулез легких) ___________________________________

      3. Тыныс алу ағзалары туберкулезінің басқа түрлері (Другие формы

      туберкулеза органов дыхания) ___________________________________________

      4. Ми қабықтары мен орталық жүйке жүйелерінің туберкулезі (Туберкулез

      мозговых оболочек и центральной нервной системы) _______________________

      5. Ішек, ішперде, шажырқай бездері туберкулезі (Туберкулез кишечника,

      брюшины и брызжеечных желез) ________________________________________

      6. Сүйек және буын туберкулезі (Туберкулез костей и суставов) _______________

      _____________________________________________________________________

      7. Несеп-жыныс ағзалары туберкулезі (Туберкулез мочеполовых органов)

      _____________________________________________________________________

      8. Басқа ағзалар туберкулезі (Туберкулез других органов) ____________________

      9. Милиард туберкулезі (Милиарный туберкулез) __________________________

Об утверждении правил предоставления в государственный орган в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения информации (экстренного извещения) о случаях инфекционных заболеваний, отравлений

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 октября 2020 года № ҚР ДСМ-153/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 октября 2020 года № 21532.

      В соответствии с подпунктом 14) статьи 9 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления в государственный орган в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения информации (экстренного извещения) о случаях инфекционных заболеваний, отравлений.

      2. Комитету санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

  Утверждены приказом
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 26 октября 2020 года
№ ҚР ДСМ-153/2020

Правила предоставления в государственный орган в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения информации (экстренного извещения) о случаях инфекционных заболеваний, отравлений

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила предоставления в государственный орган в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения информации (экстренного извещения) о случаях инфекционных заболеваний, отравлений (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 14) статьи 9 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяют порядок предоставления в государственный орган в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения информации (экстренного извещения) о случаях инфекционных заболеваний, отравлений.

Глава 2. Правила предоставления информации (экстренного извещения) о случаях инфекционных заболеваний, отравлений

      2. Экстренное извещение составляется на каждый случай инфекционного и паразитарного заболевания, отравления подлежащего учету согласно пункта 3 статьи 105 Кодекса.

      3. Экстренное извещение об инфекционном и паразитарном заболевании, отравлении составляется по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      4. Экстренное извещение в течение 12 часов направляется в территориальное подразделение ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения (далее – территориальное подразделение) по месту регистрации заболевания, отравления (независимо от места постоянного жительства больного). В течение 3 часов информация сообщается по телефону в территориальное подразделение.

      5. При наличии медицинской информационной системы (далее - МИС) или другой информационной системы интрегрированной с МИС, экстренное извещение оформляется в электронном виде.

      6. Предоставление экстренного извещения при инфекционных и паразитарных заболеваниях проводится по следующей схеме:

      1) о каждом случае заболевания человека чумой, холерой, желтой лихорадкой, лихорадкой Денге, лихорадкой Западного Нила, Конго-Крымской геморрагической лихорадкой, пятнистой лихорадкой, лихорадкой Эбола, лихорадкой Зика, шистосомозами, инфекционным заболеванием ранее не регистрировавшимся в Республике Казахстан и подозрения на них медицинским работником, выявившим больного, в течение 3 часов экстренное извещение направляется в территориальное подразделение. Также направляется внеочередная информация в местный орган государственного управления здравоохранением областей, городов республиканского значения и столицы;

      2) на каждого больного, которому впервые установлен диагноз активного туберкулеза, заполняется экстренное извещение согласно приложению 2 к настоящим правилам, которое в течение 3 календарных дней направляется в районную (городской) фтизиопульмонологическую организацию (отделение, кабинет) и территориальное подразделение. В случае установления посмертно диагноза "Активный туберкулез", явившегося причиной смерти, предоставляется подтверждение диагноза врачом-фтизиатром и подается экстренного извещения в территориальное подразделение.

      При выявлении больных бациллярной формой туберкулеза, при появлении бацилловыделения у больных неактивной формой туберкулеза, а также в случае смерти от туберкулеза больных, не состоявших при жизни на учете, заполняется экстренное извещение согласно приложениям 1 и 2 к настоящим правилам, которое в течение 24 часов направляется в территориальное подразделение по месту жительства больного.

      3) на каждый случай ВИЧ-инфекции, связанный с оказанием медицинской помощи в организации здравоохранения, выявленный у пациентов, доноров, реципиентов крови, ее компонентов и препаратов, тканей (части тканей) и (или) органов (части органов) организациями здравоохранения, осуществляющими деятельность в сфере профилактики ВИЧ-инфекции направляется экстренное извещение в территориальное подразделение в течение 12 часов;

      4) на каждый случай микроспории, трихофитии, фавуса, чесотки и подозрения на них заполняется экстренное извещение, которое составляют в двух экземплярах: первый экземпляр отсылается в территориальное подразделение, второй - в течение 3 календарных дней в районный (городской) кожно-венерологический диспансер (отделение, кабинет).

      7. Экстренное извещение заполняется медицинским работником, выявившим или заподозрившим заболевание, отравление в организациях здравоохранения, судебно-медицинской экспертизы, независимо от форм собственности и ведомственной принадлежности, а также физическими лицами, занимающимися частной медицинской практикой.

      8. Медицинские работники фельдшерско-акушерского пункта, медицинского пункта экстренное извещение составляют в двух экземплярах: первый экземпляр отсылается в территориальное подразделение, второй - медицинскую организацию, в ведении которой находится данный фельдшерско-акушерский пункт, медицинский пункт (районную, городскую больницу, врачебную амбулаторию, поликлинику).

      9. Представление экстренного извещения на случаи инфекционных и паразитарных заболеваний, отравлений среди детей, посещающих организации образования, проводится в следующем порядке:

      1) медицинский работник, обслуживающий организации образования, направляет экстренное извещение в территориальное подразделение, когда инфекционное или паразитарное заболевание, отравление выявлено персоналом организаций;

      2) при выявлении инфекционного или паразитарного заболевания, отравления медицинским работником объектов здравоохранения у детей, посещающих организации образования экстренное извещение направляется в территориальное подразделение работником этих объектов здравоохранения;

      3) медицинские работники, обслуживающие детские оздоровительные организации, выехавшие в загородную зону, экстренное извещение направляют в территориальное подразделение по месту временной дислокации оздоровительной организации.

      10. Медицинские работники, оказывающие скорую медицинскую помощь, выявившие или заподозрившие инфекционное или паразитарное заболевание, отравление сообщают о выявленном больном в поликлинику (врачебную амбулаторию) по месту прикрепления больного. В случаях, когда больной не госпитализируется, экстренное извещение в территориальное подразделение направляет медицинский работник поликлиники, который посещает больного на дому, в случае госпитализации больного - медицинский работник стационара.

      11. Представление информации о поступлении больных с инфекционными или паразитарными заболеваниями, отравлениями об уточнении или изменении диагноза инфекционного и паразитарного заболевания, отравления проводится в следующем порядке:

      1) инфекционная больница (многопрофильная больница, имеющая инфекционное отделение) сообщает о поступлении больного инфекционным или паразитарным заболеванием, отравлением в течение 12 часов с момента поступления больного в территориальное подразделение, в районе которой расположена медицинская организация, направившая больного на госпитализацию;

      2) медицинская организация, уточнившая или изменившая диагноз, составляет новое экстренное извещение и в течение 12 часов направляет его в территориальное подразделение по месту обнаружения заболевания, отравления указав измененный (уточненный) диагноз, дату его установления, первоначальный диагноз и результаты лабораторного исследования.

      12. Территориальное подразделение при выявлении на его территории случая инфекционного или паразитарного заболевания, отравлении у лиц, прибывших из других регионов, информирует территориальное подразделение по месту постоянного жительства больных для проведения соответствующих санитарно-профилактических и санитарно-противоэпидемических мероприятий в очагах заболеваний.

  Приложение 1
к Правилам предоставления в
государственный орган в сфере
санитарно-эпидемиологического
благополучия населения
информации (экстренного
извещения) о случаях
инфекционных заболеваний

            Инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы

                        ШҰҒЫЛ ХАБАРХАТ

                        ЭКСТРЕННОЕ ИЗВЕЩЕНИЕ
            об инфекционном и паразитарном заболевании, отравлении

      1. Диагнозы (диагноз) ________________________________________________
                        зертханалық жолмен расталды: иә, жоқ (астын сызыңыз)
                              (подтвержден лабораторно: да, нет (подчеркнуть)
2. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(Фамилия, имя, отчество(при наличии)
_________________________________________________________________________
3. Жұмыс орны, лауазымы
(Место работы, должность) __________________________________________________
4. Жынысы (Пол) __________________________________________________________
5. Жасы (14 жасқа дейінгі балалар үшін – туған күні)
Возраст (для детей до 14 лет - дата рождения) __________________________________
6. Мекенжайы, елді мекен (Адрес, населенный пункт) ____________________________
көшесі (улица) ______үй (дом ), ______ пәтер (квартира ) жеке, коммуналдық, жатақхана -
толықтырып жазыңыз (индивидуальная, коммунальная, общежитие - вписать)
__________________________________________________________________________
7. Жұмыс орнының (оқу, балалар мекемесі) атауы және мекенжайы
(Наименование и адрес места работы (учебы, детского учреждения)
___________________________________________________________________________
8. Ауырған, уланған күндері (Даты заболевания, отравления) ______________________
алғашқы келуі (анықталу күні) (первичного обращения, (выявления)
___________________________________________________________________________
диагноз қойылған (установления диагноза) ______________________________________
балалар мекемесіне, мектепке келесі баруы
(последующего посещения детского учреждения, школы)___________________________
емдеуге жатқызу (госпитализации) _____________________________________________
9. Емдеуге жатқызу орны (Место госпитализации) ________________________________
10. Егер уланса – қайда, немен уланғанын көрсету (Если отравление – указать, где, чем
отравлен пострадавший)______________________________________________________
11. Жүргізілген алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар және қосымша мәліметтер
(Проведенные первичные противоэпидемические мероприятия и дополнительные сведения)
___________________________________________________________________________
12. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік
орган ведомствасының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) алғашқы
сигнал берілген күні, сағаты (телефон арқылы және тағы басқа)
(Дата и час первичной сигнализации (по телефону и прочие) в территориальное
подразделение ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического
благополучия населения (далее – территориальное подразделение)
____________________________________________________________________________
Хабарлаушының тегі (Фамилия сообщившего) ____________________________________
Хабарламаны кім қабылдады (Кто принял сообщение)______________________________
13. Мәлімдеменің жіберілген күні мен сағаты (Дата и час отсылки извещения)
_____________________________________________________________________________
Мәлімдемені жіберген адамның қолы (Подпись пославшего извещение)
_____________________________________________________________________________
Аумақтық бөлімшеде журналдағы тіркеу нөмері (Регистрационный номер в журнале в
территориальных подразделениях) _______________________________________________
Мәлімдемені алған адамның қолы (Подпись получившего извещение) _________________

      Инфекциялық және паразиттік ауруды, улануды анықтаған немесе күдіктенген барлық оқиғаларда, сондай-ақ диагнозы өзгерген кезде медицина қызметкері толтырады.

      Науқасты анықтаған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірмей науқастың анықталған орны бойынша аумақтық бөлімшеге жіберіледі.

      Диагнозы өзгергені туралы хабарланған жағдайда шұғыл хабархаттың 1-тармағында өзгерген диагнозы, оның қойылған уақыты және алғашқы диагнозы көрсетіледі.

      Шұғыл хабархат сондай-ақ үй және жабайы жануарлар тістіген, тырнаған, сілекейін жұқтырған жағдайларда жасалады, ол құтырма ауруына күдік ретінде қаралуы керек.

      Составляется медработником, выявившим при любых обстоятельствах инфекционное и паразитарное заболевание, отравление или подозревающих их, а также при изменении диагноза.

      Посылается в территориальное подразделение по месту выявления больного не позднее 12 часов с момента обнаружения больного.

      В случае сообщения об изменении диагноза в пункте 1 экстренного извещения указывается измененный диагноз, дата его установления и первоначальный диагноз.

      Экстренное извещение составляется также на случаи укусов, оцарапывание, ослюнения домашними или дикими животными, которые следует рассматривать как подозрение на заболевание бешенством.

  Приложение 2
к Правилам предоставления в
государственный орган в сфере
санитарно-эпидемиологического
благополучия населения
информации (экстренного
извещения) о случаях
инфекционных заболеваний

      Алғаш рет белсенді туберкулез ауруы диагнозы қойылған науқас туралы
                  ШҰҒЫЛ ХАБАРХАТ ЭКСТРЕННОЕ

                              ИЗВЕЩЕНИЕ
      о больном c впервые установленным диагнозом активного туберкулеза

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(Фамилия, имя, отчество (при наличии)
____________________________________________________________________________
2. Жұмыс орны (Место работы) ________________________________________________
лауазымы (должность) ________________________________________________________
3. Жынысы (Пол) _____________________________________________________________
4. Туған күні (Дата рождения) __________________________________________________
5. Отбасы жағдайы: үйленген (тұрмыс құрған), бойдақ (тұрмыс құрмаған), ажырасқан, жесір
(Семейное положение: (женат, (замужем), холост (не замужем), разведен (а), вдовец (вдова)
____________________________________________________________________________
6. Қаралу күні (Дата обращения) ________________________________________________
жылы, айы, күні (год, месяц, число)
7. Диагноз қойылған күн (Дата установления диагноза) _____________________________
8. Мекенжайы, елді мекен (Адрес, населенный пункт) ______________________________
көшесі (улица) ____________үй (дом), ______ пәтер (квартира)
9. Қала тұрғыны, ауыл тұрғыны (жазыңыз)
(Городской житель, сельский житель (вписать) ______________________________________
10. Толық диагнозы (Полный диагноз) _____________________________________________
_______________________________________________________________________________
11. Болжамды жұқтыру ошағы (Предполагаемый источник заражения)
_______________________________________________________________________________
12. Диагноздың зертханалық зерттеумен расталуы, рентген нәтижелері, туберкулез
науқастарында Кох бацилласының (КБ) болуы;
(Подтвержден ли диагноз лабораторным исследованием, данными рентгена, для
туберкулезных больных указать наличие бациллы Коха (БК)
_______________________________________________________________________________
13. Аурудың анықталуы: жүгінген кезінде, профилактикалық қаралу кезінде, стационарда
тексерілу кезінде (астын сызыңыз, жетпегенін жазыңыз)
(Заболевание выявлено: при обращении, при профилактическом осмотре, при обследовании
в стационаре (подчеркнуть, вписать недостающее)
_______________________________________________________________________________
14. Байланыста болған адамдар туралы деректер (Данные о контактных лицах)

Р/с
№ п/п

ТӘА
(ФИО)

Туған күні
(Дата рождения)

Ауруға қатысы
(Отношение к больному)

Мекенжайы
(Адрес)

Шақырту күні
(Дата вызова)

Зерттеп білуге келген күні
(Дата привлечения к обследованию)

Диагнозы









































      Дәрігер (Врач) ____________________________________________________________
ТАӘ (ФИО) Қолы (Подпись врача) _________________________________________________
Хабархат мынадай аурулардың түрлеріне толтырылады:
(Извещение составляется на следующие формы заболеваний):
1. Алғашқы туберкулез инфекциясы (Первичная туберкулезная инфекция)
_______________________________________________________________________________
2. Өкпе туберкулезі (Туберкулез легких) ____________________________________________
3. Тыныс алу ағзалары туберкулезінің басқа түрлері
(Другие формы туберкулеза органов дыхания) _______________________________________
4. Ми қабықтары мен орталық жүйке жүйелерінің туберкулезі
(Туберкулез мозговых оболочек и центральной нервной системы) ______________________
5. Ішек, ішперде, шажырқай бездері туберкулезі
(Туберкулез кишечника, брюшины и брызжеечных желез) _____________________________
6. Сүйек және буын туберкулезі (Туберкулез костей и суставов) ________________________
_______________________________________________________________________________
7. Несеп-жыныс ағзалары туберкулезі (Туберкулез мочеполовых органов)
_______________________________________________________________________________
8. Басқа ағзалар туберкулезі (Туберкулез других органов) _____________________________
9. Милиард туберкулезі (Милиарный туберкулез) ____________________________________