Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-161/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21538 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 158-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. "Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18482 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндеттерін атқарушы
М. Шоранов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің міндеттерін
атқарушы
2020 жылғы 28 қазаны
№ ҚР ДСМ-161/2020
Бұйрығымен
бекітілген

Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 158-бабының 3-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленеді және туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген адамдарға медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) емдеу – ауруды жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе) оның ағымын жеңілдетуге, сондай-ақ оның өршуінің алдын алуға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

      2) емдеуден бас тарту – зертханалық әдіспен расталған туберкулез диагнозы бар науқастың фтизиопульмонологиялық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясы тағайындаған емнен бас тартуы;

      3) емдеуден жалтару – фтизиопульмонологиялық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясы жазып берген жеке медициналық құжатта белгіленген күнтізбелік айдың ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз өткізу түрінде емдеу режимін бұзу;

      4) мәжбүрлеп емдеу – науқасты сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын емдеу;

      3. Кодекстің 158-бабының 2-тармағына сәйкес туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеуге мыналар негіздер болып табылады:

      1) пациенттің медициналық құжаттамасында тіркеп-белгіленген, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастың емделуден бас тартуы;

      2) пациенттің медициналық құжаттамасында тіркеп-белгіленген, өз бетінше кетуі және күнтізбелік бір айдың ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз өткізу түрінде емдеу режимін бұзуы.

      4. Кодекстің 158-бабының 1-тармағына сәйкес туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу фтизиопульмонологиялық ұйымдарда оқшаулаумен бірге туберкулезге қарсы және симптоматикалық емдеуді қамтиды және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген адамдарға медициналық көмек көрсету тәртібі

1-параграф. Туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу тәртібі

      5. Туберкулезбен ауыратын, емделуден бас тартқан немесе жалтарған науқастар орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (бұдан-әрі – ОДКК) негізінде сот шешімі бойынша міндетті емдеуге жатқызылады.

      ОДКК республикалық және облыстық (қалалық) фтизиопульмонология орталықтарының жанындағы консультациялық-диагностикалық бөлімдердің құрамында құрылады.

      ОДКК құрамына бас дәрігер жоқ қезінде бас дәрігердің орынбасары, ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімнің, туберкулезбен, дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу бөлімшілерінің меңгерушілері, фамацевт (провизор) кіреді.

      6. Туберкулезбен ауыратын науқастардың медициналық құжаттамасын фтизиопульмонологиялық ұйымның ОДКК-на:

      1) зертханалық әдіспен расталған диагнозы бар туберкулезбен ауыратын науқас емдеуге жатудан бас тартқан жағдайда – тіркелген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның фтизиатры;

      2) медициналық құжаттамасында тіркеп-белгіленген, өз бетінше кетуі және күнтізбелік бір айдың ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз өткізу түрінде емдеу режимі бұзылған жағдайда – емдеуші дәрігер ұсынады.

      Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы бойынша фтизиопульмонологиялық ұйымның бас дәрігері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мәжбүрлеп емдеу туралы арызға қол қояды.

      7. Мәжбүрлеп емдеу туралы арызға мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) фтизиопульмонологиялық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының адамды туберкулезбен ауырады деп тану туралы қорытындысы;

      2) науқастың дәрігер тағайындаған емнен бас тартуын және жалтарып жүргенін растайтын құжаттар;

      3) фтизиопульмонологиялық ұйымның бас дәрігерімен бекітілген, сот отырысына қатысу үшін фтизиопульмонологиялық ұйымның өкіліне берілетін сенімхат.

      Құжаттар фтизиопульмонологиялық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы қабылданған күннен бастап күнтізбелік 5 күннің ішінде сотқа жіберіледі.

      8. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдар сотпен 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР АПК) 347-бабында белгіленген мерзімдерде қаралады.

      9. Кодекстің 158-бабының 1-тармағына сәйкес туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген науқастарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының арызы бойынша қабылдайды.

      10. Туберкулезбен ауыратын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен емделуі аяқталмай босап шыққан адамдарды мәжбүрлеп емдеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9762 болып тіркелген) Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

2-параграф. Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмекті көрсету тәртібі

      11. ҚР АПК 348-бабының 4-бөліміне сәйкес фтизиопульмонологиялық ұйымға жеткізілген науқас түскен кезде санитариялық тазалаудан өтеді және дәрігер тексеріп-қарайды.

      Науқасқа Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес айқындалған нысан бойынша медициналық карта (бұдан әрі – сырқатнама) ресімделеді.

      12. Палаталарға бөлу келген кездегі және емдеу процесіндегі зертханалық зерттеу деректерін және дәрілік сезімталдығын есепке алып жүзеге асырылады.

      13. Науқасқа фтизиопульмонологиялық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешіміне сәйкес емдеу режимі мен схемасы тағайындалады.

      14. Туберкулезбен, оның ішінде дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастың құжаттары инфекциялық бақылау шараларын сақтай отырып, жағдайларына тиісті ем схемасын және режим тағайындау үшін фтизиопульмонологиялық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның отырысына ұсынылады.

      15. Емдеуші дәрігер науқастарды күнде, демалыс және мереке күндерден бөлек, тексеріп-қарайды.

      Демалыс және мереке күндері тексеріп-қарауды кезекші медициналық персонал жүзеге асырады.

      16. Бөлімшенің меңгерушісі пациентті келіп түскен күні, кейіннен медициналық көрсетілімі бойынша және шығарар алдында тексеріп-қарайды. Бөлімшенің меңгерушісі пациенттерді тексеріп-қарау нәтижелерін, диагнозын және ұсынымдарын сырқатнамаға жазады, қолын қояды.

      17. Туберкулезбен, оның ішінде дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу "емделіп шықты" немесе "емдеу аяқталды" деген жағымды нәтижелерімен толық емдеу курсы аяқталғанға дейін жалғасады.

      18. Дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқасты емдеуді тоқтату туралы фтизиопульмонологиялық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі болған жағдайда науқас паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымға ауыстыруға жатады.

      19. Науқастардың фтизиопульмонологиялық ұйымның аумағынан өз бетінше кетіп қалуының, сондай-ақ бөгде адамдардың аумаққа кіріп кетуінің алдын алу үшін фтизиопульмонологиялық ұйымның аумағы биіктігі кемінде 2,5 метр болатын тұтастай қақпамен қоршалады және тәуліктік ведомстволық күзетпен қамтамасыз етіледі. Науқастарға арналған жеке қоршалған серуендеу аумағы бөлінеді.

      20. Фтизиопульмонологиялық ұйымдар мынадай шектелген инженерлік-техникалық құралдармен:

      1) аумақты негізгі қоршаумен;

      2) дабылдамамен;

      3) құжаттарды сақтауға арналған сейфтермен;

      4) терезелердегі тез алынатын және ашылатын металл торлармен;

      5) барлық арнайы және қосалқы үй-жайлар темір есіктермен;

      6) мамандандырылған күзеті бар бақылау-өткізу пунктімен;

      7) бейне бақылау жүйесімен жабдықталады.

      21. Фтизиопульмонологиялық ұйымның аумағы осы қызметтің түріне лицензиясы бар мамандандырылған күзет бөлімшесі (бұдан әрі – күзет қызметі) күзетіледі.

      Күзет қызметі бақылау-өткізу режимін ұйымдастырады және сыртқы және ішкі күзетті қамтамасыз етеді.

      22. Фтизиопульмонологиялық ұйымның аумағына жұмыс істейтін персонал мен әкімшілік кіргізіледі.

      23. Науқастардың фтизиопульмонологиялық ұйымның аумағынан және серуендеу ауласынан шығуы емдеу-диагностикалық іс-шараларын жүргізу үшін медицина және күзет персоналының алып жүруімен рұқсат етіледі.

      24. Фтизиопульмонологиялық ұйымның және күзет қызметінің арасында жасалған шарттың негізінде күзет қызметінің қызметкерлері медицина персоналына мәжбүрлеп емдеудегі адамға профилактикада және құқыққа қарсы іс-қимылдың алдын кесуге жәрдемдеседі.

3-параграф. Мәжбүрлеп емдеудегі туберкулезбен ауыратын науқастарды шығару тәртібі

      25. Жағымды аяқталумен емдеудің толық курсын аяқтаған науқас шығардың алдында күнтізбелік 10 күннің ішінде емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі одан әрі диспансерлік бақылау жағдайлары туралы ақпаратты нақтылайды.

      Науқасты шығарған кезде тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымның фтизиатрына Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес медициналық картасы, соңғы рентгенограмма және стационардың медициналық картасынан көшірме беріледі.

      26. "Сәтсіз емнің" аяқталуымен емді аяқтаған науқас шығардың/ауысудың алдында күнтізбелік 10 күн бұрын емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі одан әрі паллиативтік емдеу жағдайлары туралы ақпаратты нақтылайды.

      Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымға науқас қабылдайтын тараппен алдын ала келісе отырып, мамандандырылған медициналық көлікпен ауыстырылады. Ұйымға соңғы рентгенограмма және стационардың медициналық картасынан көшірме беріледі.

      Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымға ауыстырылған науқастың Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес айқындалған нысан бойынша медициналық картасы тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымның фтизиатрына жіберіледі.

      27. Науқастың сырқатнамасы шыққаннан/ауысқаннан кейін тексеріледі, фтизиопульмонологиялық ұйымның басшылығы қол қойып, мұрағатқа тапсырылады.

      28. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар Кодекстің 158-бабының 3-тармағына сәйкес фтизиопульмонологиялық ұйымнан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша фтизиопульмонологиялық ұйымға есепке тұрады.

  Туберкулезбен ауыратын,
мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
адамдарға медициналық көмек
көрсету қағидаларына
қосымша
  Нысан
  ___________облысының, Нұр-
Сұлтан,Алматы, Шымкент
қалаларының сотына

МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУ ТУРАЛЫ АРЫЗ

      Науқас _______________________________________________________

      (пациенттің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      _________________________________________________________ туған күні,

      мынадай мекенжай бойынша тұратын: _______________________________

      _________________________________________________________________

      жылғы "____" ____________ бастап___________________________________________

      _____________________________________ диагнозымен диспансерлік есепте тұрған.

      Қосалқы аурулары: ________________________________________________________

      Ауру анамнезі: _____________________________________________________________

      Науқас ___________________________________________________________________

                        (емдеуден бас тарту немесе бой тасалау фактілері сипатталады)

      __________________________________________________________________________

      фтизиопульмонологиялық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік

      -консультациялық комиссиясының қорытындысы:_______________________________

      __________________________________________________________________________

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 158-бабына сәйкес

      жазылғанның негізінде

      Науқас ___________________________________________________________________

                        (пациенттің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      фтизиопульмонологиялық ұйымға____________________________________________

      (мекеменің атауы)

      мәжбүрлеп емдеуге жіберуді

      ӨТІНЕМІН.

      Қосымша: материалдар ____ парақ.

      Фтизиопульмонологиялық ұйымның бас дәрігері

      __________________________________________________________________________

                  (облыстың, қаланың) (болған жағдайда Т.А.Ә.)

Об утверждении правил оказания медицинской помощи лицам, больным туберкулезом, направленным на принудительное лечение

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 октября 2020 года № ҚР ДСМ-161/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 октября 2020 года № 21538.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 158 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить правила оказания медицинской помощи лицам, больным туберкулезом, направленным на принудительное лечение согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № ҚР ДСМ-14 "Об утверждении Правил оказания медицинской помощи больным туберкулезом, направленным на принудительное лечение, и признании утратившими силу некоторых приказов Министерства здравоохранения Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18482, опубликован 14 апреля 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативно правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности министра
здравоохранения Республики Казахстан
М. Шоранов

  Утвержден приказом
Исполняющий обязанности
министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 28 октября 2020 года
№ ҚР ДСМ-161/2020

Правила оказания медицинской помощи лицам, больным туберкулезом, направленным на принудительное лечение

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 158 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяют порядок оказания медицинской помощи лицам, больным туберкулезом, направленным на принудительное лечение (далее – Правила).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия и определения:

      1) лечение – комплекс медицинских услуг, направленных на устранение, приостановление и (или) облегчение течения заболевания, а также предупреждение его прогрессирования;

      2) отказ от лечения – отказ больного с диагнозом туберкулез, подтвержденный лабораторным методом, от лечения, назначенного централизованной врачебно-консультативной комиссией фтизиопульмонологической организации;

      3) уклонение от лечения – нарушение режима лечения, предписанного централизованной врачебно-консультативной комиссией фтизиопульмонологической организации в виде беспричинного пропуска приема семи суточных доз противотуберкулезных препаратов в течение календарного месяца, зафиксированного в медицинской документации;

      4) принудительное лечение – лечение лица, больного туберкулезом, осуществляемое на основании решения суда.

      3. В соответствии с пунктом 2 статьи 158 Кодекса основаниями для принудительного лечения лиц, больных туберкулезом, являются:

      1) отказ от лечения лица, больного заразной формой туберкулеза, зафиксированный в медицинской документации пациента;

      2) самовольный уход и нарушение режима лечения в виде беспричинного пропуска приема семи суточных доз противотуберкулезных препаратов в течение календарного месяца, зафиксированного в медицинской документации пациента.

      4. Принудительное лечение лиц, больных туберкулезом в соответствии с пунктом 1 статьи 158 Кодекса включает противотуберкулезное и симптоматическое лечение с изоляцией во фтизиопульмонологических организациях и осуществляется в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи.

Глава 2. Порядок оказания медицинской помощи лицам, больным туберкулезом, направленным на принудительное лечение

Параграф 1. Порядок направления лиц, больных туберкулезом, на принудительное лечение

      5. Лица, больные туберкулезом, отказавшиеся или уклоняющиеся от лечения, подлежат обязательной госпитализации по решению суда на основании заключения централизованной врачебно-консультативной комиссии (далее – ЦВКК).

      ЦВКК создается в составе консультативно-диагностических отделов при республиканском и областных (городских) центрах фтизиопульмонологии.

      В состав ЦВКК входят главный врач при отсутствии заместитель главного врача, заведующие организационно-методическим отделом, отделениями для лечения больных туберкулезом, туберкулезом с лекарственной устойчивостью, фармацевт (провизор).

      6. Медицинскую документацию больных туберкулезом на заседание ЦВКК фтизиопульмонологической организации представляет:

      1) фтизиатр организации, оказывающей амбулаторно-поликлиническую помощь, по месту регистрации – в случае отказа от госпитализации больного туберкулезом, с диагнозом, подтвержденным лабораторным методом;

      2) лечащий врач – в случае самовольного ухода и нарушения режима лечения в виде беспричинного пропуска приема семи суточных доз противотуберкулезных препаратов в течение календарного месяца, зафиксированного в медицинской документации.

      По заключению централизованной врачебно-консультативной комиссии главный врач фтизиопульмонологической организации подписывает заявление о принудительном лечении в двух экземплярах по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      7. К заявлению о принудительном лечении прилагаются следующие документы:

      1) заключение централизованной врачебно-консультативной комиссии фтизиопульмонологической организации о признании лица больным туберкулезом;

      2) документы, подтверждающие отказ и уклонение больного от лечения, назначенного врачом;

      3) доверенность на представителя фтизиопульмонологической организации для участия в судебном заседании, заверенная главным врачом фтизиопульмонологической организации.

      Документы направляются в суд в течение 5 календарных дней со дня принятия заключения централизованной врачебно-консультативной комиссии фтизиопульмонологической организации.

      8. Материалы о направлении на принудительное лечение рассматриваются судом в сроки, определенные статьей 347 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан от 31 октября 2015 года (далее – ГПК РК).

      9. Решение о принудительном лечении больных туберкулезом и уклоняющихся от лечения, в соответствии с пунктом 4 статьи 158 Кодекса принимается судом по заявлению организаций здравоохранения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      10. Принудительное лечение лиц, больных туберкулезом, освобождающихся из учреждений уголовно-исполнительной системы с незавершенным лечением, осуществляется в соответствии с Правилами организации противотуберкулезной помощи в учреждениях уголовно-исполнительной системы, утвержденными приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 августа 2014 года № 530 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9762).

Параграф 2. Порядок оказания медицинской помощи лицам, больным туберкулезом, направленным на принудительное лечение

      11. Больной, доставленный во фтизиопульмонологическую организацию в соответствии с частью 4 статьи 348 ГПК РК при поступлении проходит санитарную обработку и осматривается врачом.

      На больного оформляется медицинская карта (далее – история болезни) по форме, определяемой в соответствии с подпунктом 31) статьи 7 Кодекса.

      12. Распределение в палаты осуществляется с учетом данных лабораторных исследований и лекарственной чувствительности на момент поступления и в процессе лечения.

      13. Больному назначается режим и схема лечения в соответствии с решением централизованной врачебно-консультативной комиссии фтизиопульмонологической организации.

      14. Документы на больного, у которого установлен туберкулез, в том числе с лекарственной устойчивостью, представляются на заседание централизованной врачебно-консультативной комиссии фтизиопульмонологической организации для назначения соответствующего режима и схемы лечения с соблюдением мер инфекционного контроля.

      15. Лечащий врач осматривает больных ежедневно, кроме выходных и праздничных дней.

      В выходные и праздничные дни осмотр осуществляется дежурным медицинским персоналом.

      16. Заведующий отделением осматривает пациента в день поступления, в последующем – по медицинским показаниям и перед выпиской. Результаты осмотра пациента с диагнозом и рекомендациями заведующий отделением заносит в историю болезни и подписывает.

      17. Принудительное лечение лиц, больных туберкулезом, в том числе туберкулезом с лекарственной устойчивостью, продолжается до завершения полного курса лечения с благоприятными исходами "вылечен" или "лечение завершено".

      18. В случае решения централизованной врачебно-консультативной комиссии фтизиопульмонологической организации о прекращении лечения лица, больного туберкулезом с лекарственной устойчивостью, больной подлежит переводу в организации, оказывающие паллиативную помощь и сестринский уход.

      19. Для предотвращения самовольного ухода больных за пределы фтизиопульмонологической организации, а также проникновения на территорию посторонних лиц, территория фтизиопульмонологической организации ограждается сплошным забором высотой не менее 2,5 метров и обеспечивается круглосуточной охраной и системой видеонаблюдения. Выделяется отдельная огражденная прогулочная территория для больных.

      20. Фтизиопульмонологические организации оборудуются следующими инженерно-техническими средствами:

      1) основным ограждением территории;

      2) сигнализацией;

      3) сейфом для хранения документов;

      4) металлическими легкосъемными и открывающимися решетками на окнах;

      5) металлическими дверями во всех специализированных и вспомогательных помещениях;

      6) контрольно-пропускным пунктом со специализированной охраной;

      7) системой видеонаблюдения.

      21. Территория фтизиопульмонологической организации охраняется специализированным охранным подразделением, имеющим лицензию на данный вид деятельности (далее – служба охраны).

      Служба охраны организует контрольно-пропускной режим и обеспечивает наружную и внутреннюю охрану.

      22. На территорию фтизиопульмонологической организации допускаются работающий персонал и администрация.

      23. Выход больных с территории фтизиопульмонологической организации и прогулочного двора разрешается в сопровождении охраны и медицинского персонала для проведения лечебно-диагностических мероприятий.

      24. Сотрудники службы охраны оказывают содействие медицинскому персоналу в профилактике и пресечении противоправных действий лиц, находящихся на принудительном лечении, на основании договора, заключаемого между фтизиопульмонологической организацией и службой охраны.

Параграф 3. Порядок выписки лиц, больных туберкулезом, находящихся на принудительном лечении

      25. За 10 календарных дней до выписки больного, завершающего полный курс лечения с благоприятным исходом, лечащий врач и заведующий отделением уточняют порядок дальнейшего диспансерного наблюдения.

      При выписке больного фтизиатру амбулаторно-поликлинической помощи по месту жительства передается медицинская карта, последняя рентгенограмма и выписка из медицинской карты стационарного больного по форме, определяемой в соответствии с подпунктом 31) статьи 7 Кодекса.

      26. За 10 календарных дней до выписки/перевода больного, завершившего лечение с исходом "неудача лечения", лечащим врачом и заведующим отделением уточняется порядок дальнейшего паллиативного лечения.

      В организацию, оказывающую паллиативную помощь и сестринский уход, больной переводится на специализированном медицинском транспорте по предварительному согласованию с принимающей стороной, куда передаются выписка из медицинской карты стационарного больного и рентгенограммы.

      Медицинская карта по форме, определяемой в соответствии с подпунктом 31) статьи 7 Кодекса, больного, переведенного в организацию, оказывающую паллиативную помощь и сестринский уход, направляется фтизиатру амбулаторно-поликлинической организации по месту жительства.

      27. История болезни больного после выписки/перевода проверяется, подписывается руководством фтизиопульмонологической организации и сдается в архив.

      28. Лица, больные туберкулезом, подвергавшиеся принудительному лечению, после выписки встают на учет во фтизиопульмонологической организации по месту жительства в соответствии пунктом 3 статьи 158 Кодекса.

  Приложение
к Правилам оказания
медицинской помощи лицам,
больным туберкулезом, направленным
на принудительное лечение
  Форма
  В суд ___________области,
городов Нур-Султан, Алматы, Шымкент

ЗАЯВЛЕНИЕ О ПРИНУДИТЕЛЬНОМ ЛЕЧЕНИИ

      Больной(ая) ______________________________________________________________

                  (фамилия имя отчество (при его наличии) пациента/законного представителя)

      __________________________________________________________________ дата рождения,

      проживающий(ая) по адресу: ______________________________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      состоящий(ая) на диспансерном учете с "______" _________________________ _______ года,

      с диагнозом:_____________________________________________________________________

      Сопутствующее заболевание: ______________________________________________________

      Анамнез заболевания: ____________________________________________________________

      Больной(ая) ________________________________________________________________________________

      (описываются факты отказа или уклонения от лечения)

      ______________________________________________________

      Заключение централизованной врачебно-консультативной комиссии фтизиопульмонологической организации:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      На основании изложенного, в соответствии со статьей 158 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРОШУ:

      Направить на принудительное лечение во фтизиопульмонологическую организацию ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (наименование организации)

      Больного(ую) ____________________________________________________________________

      (фамилия имя отчество (при его наличии) пациента/законного представителя)

      Приложение: материалы на ____ листах

      Главный врач фтизиопульмонологической организации ____________________

      (области, города)

      ________________________________________________________________

      (Ф.И.О. при наличии)