Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 28.10.2020 № ҚР ДСМ-161/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 107-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет – ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығына 1 қосымша |
Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) емдеу – аурдың ағымын жоюға, тоқтатуға және (немесе) жеңілдетуге, сондай-ақ, оның ушығуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер кешені;
2) емдеуден бас тарту – зертханалық әдіспен расталған туберкулез диагнозы бар науқастың туберкулезге қарсы ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (бұдан әрі – ОДКК) тағайындаған емнен бас тартуы;
3) емделуден жалтару – ОДКК жазып берген жеке медициналық құжатта белгіленген күнтізбелік айдың ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз жіберу түрінде емдеу режимін бұзу;
4) мәжбүрлеп емдеу – сот шешімінің негізінде жүзеге асырылатын науқасты емдеу.
3. Туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу үшін:
1) зертханалық әдіспен расталған туберкулез диагнозы бар науқастың емнен бас тартуы және науқастың медициналық құжаттамасында белгіленген оны сендірудің (психологтың консультациясы, санитариялық ағарту әдістерін қолдану) барлық әдістерінің оң нәтижелерінің болмауы;
2) өз еркімен кетіп қалу және науқастың медициналық құжаттамасында белгіленген күнтізбелік айдың ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз үзу түріндегі емдеу режімін бұзу негіздеме болып табылады.
4. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарға оқшаулай отырып, туберкулезге қарсы және симптомдық емді қамтиды және бюджеттік қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.
2-тарау. Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмекті көрсету тәртібі
1-параграф. Туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу тәртібі
5. Зертханалық әдіспен расталған туберкулезбен ауыратын науқастар міндетті емдеуге жатқызылуға жатады.
6. Туберкулезбен ауыратын және емнен жалтарған азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді сот денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініші бойынша қабылдайды.
7. Мәжбүрлеп емдеуді тағайындау туралы мәселені шешу үшін науқастың медициналық құжаттамасын туберкулезге қарсы ұйымның (бұдан әрі – ТҚҰ) ОДКК-на:
- зертханалық расталған туберкулезбен ауыратын науқас емдеуге жатқызудан бас тартқан жағдайда – тіркелген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның фтизиатры;
- өз еркімен кетіп қалған және науқастың медициналық құжаттамасында тіркелген күнтізбелік ай ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз үзу түріндегі емдеу режімін бұзған жағдайда – емдеуші дәрігер ұсынады.
ОДКК қорытындысы бойынша ТҚҰ бас дәрігері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мәжбүрлеп емдеу туралы ұсынымға қол қояды.
8. Мәжбүрлеп емдеу туралы ұсынымға мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) денсаулық жағдайы туралы анықтама (сырқатанамадан, амбулаториялық картадан үзінді);
2) ТҚҰ өкілінің атына сот отырыстарына қатысуы үшін берілген ТҚҰ бас дәрігері бекіткен сенімхат;
3) ОДКК мәжбүрлеп емдеуді тағайындау қажеттілігі туралы қорытындысы.
Құжаттар ОДКК қорытындысы қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннің ішінде сотқа жіберіледі.
9. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу колдексінің 347-бабында айқындалған мерзімдерде қарайды.
10. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шыққан туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркеліміне № 9762 болып тіркелген) бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
2-параграф. Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмекті көрсету тәртібі
11. ТҚҰ-ға түскен кезде науқастар санитариялық тазалаудан өтеді және дәрігер қарайды.
Науқасқа "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген 003/е нысанға сәйкес медициналық карта (бұдан әрі – сырқатнама) ресімделеді.
12. "Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 994 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16381 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 994 бұйрығы) сәйкес науқасқа режим мен емнің схемасы тағайындалады.
13. Көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі – КДК) және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі – АДК) белгіленген науқас инфекциялық бақылау шараларын сақтай отырып, жағдайларына тиісті ем схемасын және режим тағайындау үшін ОДКК-ға ұсынылады.
14. Емдеуші дәрігер науқастарды күнде, демалыс және мереке күндерден бөлек, тексеріп-қарайды.
Демалыс және мереке күндері тексеріп-қарауды кезекші медициналық персонал жүзеге асырады.
15. Бөлімшенің меңгерушісі пациентті келіп түскен күні, кейіннен медициналық көрсетілімі бойынша және шығарар алдында тексеріп-қарайды. Бөлімшенің меңгерушісі пациенттерді тексеріп-қарау нәтижелерін, диагнозын және ұсынымдарын сырқатнамаға жазады, қолын қояды.
16. Науқастарды палаталарға бөлу келген кездегі және емдеу процесіндегі зертханалық зерттеу деректерін және дәрілік сезімталдығын есепке алып жүзеге асырылады.
17. Туберкулезбен, оның ішінде КДК/АДК туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу "емделіп шықты" немесе "емдеу аяқталды" деген жағымды нәтижелерімен толық емдеу курсы аяқталғанға дейін жалғасады.
18. КДК/АДК туберкулезбен ауыратын науқасты емдеуді тоқтату туралы ОДКК шешімі болған жағдайда паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымға ауыстыруға жатады.
3-параграф. Мәжбүрлеп емдеудегі науқастардың келу режимі
19. Науқастардың ТҚҰ аумағынан өз бетінше кетіп қалуының, сондай-ақ бөгде адамдардың аумаққа кіріп кетуінің алдын алу үшін МТҚҰ аумағы биіктігі кемінде 2,5 метр болатын тұтастай қақпамен қоршалады және тәуліктік ведомстволық күзетпен қамтамасыз етіледі. Науқастарға арналған жеке қоршалған серуендеу аумағы бөлінеді.
20. Мамандандырылған бөлімшелер мынадай шектелген инженерлік-техникалық құралдармен:
1) аумақты негізгі қоршаумен;
2) дабылдамамен;
3) құжаттарды сақтауға арналған сейфтермен;
4) терезелердегі тез алынатын және ашылатын металл торлармен;
5) барлық арнайы және қосалқы үй-жайлар темір есіктермен;
6) мамандандырылған күзеті бар бақылау-өткізу пунктімен;
7) бейне бақылау жүйесімен жабдықталады.
21. ТҚҰ-ның аумағы осы қызметтің түріне лицензиясы бар мамандандырылған күзет бөлімшесі (бұдан әрі – күзет қызметі) күзетіледі.
Күзет қызметі бақылау-өткізу режимін ұйымдастырады және сыртқы және ішкі күзетті қамтамасыз етеді.
22. ТҚҰ аумағына жұмыс істейтін персонал мен әкімшілік кіргізіледі.
23. Науқастардың ТҚҰ аумағынан және серуендеу ауласынан шығуы емдеу-диагностикалық іс-шараларын жүргізу үшін медицина және күзет персоналының алып жүруімен рұқсат етіледі.
24. ТҚҰ және күзет қызметінің арасында жасалған шарттың негізінде күзет қызметінің қызметкерлері медицина персоналына мәжбүрлеп емдеудегі адамға профилактикада және құқыққа қарсы іс-қимылдың алдын кесуге жәрдемдеседі.
4-параграф. Мәжбүрлеп емдеудегі туберкулезбен ауыратын науқастарды шығару тәртібі
25. Жағымды аяқталумен емдеудің толық курсын аяқтаған науқас шығардың алдында күнтізбелік 10 күннің ішінде емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі одан әрі диспансерлік бақылау жағдайлары туралы ақпаратты нақтылайды.
Науқасты шығарған кезде тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымның фтизиатрына № 907 бұйрықпен бекітілген "Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы" ТБ 01/е нысаны бойынша немесе "Туберкулезбен ауыратын IV санатты науқастың медициналық картасы"-IV санаттағы ТБ 01/е нысаны бойынша медициналық картасы, соңғы рентгенограмма және стационардың медициналық картасынан көшірме беріледі.
26. "Сәтсіз емнің" аяқталуымен емді аяқтаған науқас шығардың/ауысудың алдында күнтізбелік 10 күн бұрын емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі одан әрі паллиативтік емдеу жағдайлары туралы ақпаратты нақтылайды.
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымға науқас қабылдайтын тараппен алдын ала келісе отырып, мамандандырылған медициналық көлікпен ауыстырылады. Ұйымға соңғы рентгенограмма және стационардың медициналық картасынан көшірме беріледі.
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымға ауыстырылған науқастың № 907 бұйрықпен бекітілген "Туберкулезбен ауыратын IV санатты науқастың медициналық картасы"-IV санаттағы ТБ 01/е нысаны бойынша медициналық картасы тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымның фтизиатрына жіберіледі.
27. Науқастың сырқатнамасы шыққаннан/ауысқаннан кейін тексеріледі, ТҚҰ-ның басшылығы қол қойып, мұрағатқа тапсырылады.
28. Мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған туберкулезбен ауыратын науқастар МТҚҰ-дан шыққаннан кейін тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы ұйымға есепке тұрады.
29. Емдеу курсын толық аяқтаған туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау шаралары № 994 бұйрықтың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету қағидаларына қосымша |
|
Нысан | |
___________облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының сотына |
МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМ
Азамат (ша)
___________________________________________________________________
(пациенттің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
___________________________________________________________ туған күні,
мынадай мекенжай бойынша тұратын: __________________________________,
____________ жылғы "____" ____________ бастап _________________________
диагнозымен
диспансерлік есепте тұрған.
Қосалқы аурулары
_____________________________________________________________________
Ауру анамнезі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Науқас
____________________________________________________________________
(емдеуден бас тарту немесе бой тасалау фактілері сипатталады)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
ОДКК
қорытынды _________________________________________________________
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан
Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 107-бабына сәйкес
жазылғанның негізінде
Науқас ______________________________________________________________
(пациенттің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
МТҚҰ-ға __________________________________ мәжбүрлеп емдеуге жіберуді
(мекеменің атауы)
ӨТІНЕМІН
Қосымша: материалдар ____ парақтар.
ТҚҰ бас дәрігері ____________________________
(облыстың, қаланың) (Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Туберкулезбен ауыратын науқастарды мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеу және оларды шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 17 қарашадағы № 729 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5959 болып тіркелген).
2. "Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 17 қарашадағы № 729 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылы 1 наурыздағы № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6861 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 мамырдағы № 215-216 (26614) "Егемен Қазақстан" газетінде ресми түрде жарияланған.
3. "Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 17 қарашадағы № 729 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 318 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11425 болып тіркелген, 2015 жылы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).