Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 407/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21546 болып тіркелді. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 30.03.2023 № 117/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 30.03.2023 № 117/НҚ (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ""Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 20-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2020 жылғы 29 қазаны
№ 407/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 20-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) цифрлық актив – криптография және компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, қаржылық құрал болып табылмайтын мүлік, сондай-ақ мүліктік құқықтарды куәландырудың электрондық-цифрлық нысаны;

      3) қамтамасыз етілген цифрлық актив – цифрлық токен және қамтамасыз етілген цифрлық актив шығарған тұлға шығаратын (беретін) тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге мүліктік құқықтарды куәландыратын цифрлық құрал болып табылатын өзге де цифрлық активтер жатады;

      4) цифрлық токен – мүліктік құқықтарды есепке алудың, айырбастаудың және куәландырудың цифрлық құралы болып табылатын цифрлық активтің түрі.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналым тәртібі

      3. Қамтамасыз етілген цифрлық активті шығару ақпараттық жүйенің иесі немесе меншік иесі мен қамтамасыз етілген цифрлық активті шығаратын тұлға болып табылатын пайдаланушы арасындағы келісімге сәйкес ақпараттық жүйенің иесі немесе меншік иесі қамтамасыз етілген цифрлық активпен куәландырылатын құқықтары туралы жазбаны ақпараттық жүйеге енгізуі арқылы жүзеге асырылады.

      Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау жөніндегі қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға мүліктің меншік иесі немесе қамтамасыз етілген цифрлық активпен куәландырылатын құқықтар тиесілі өзге де тұлға болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 25.02.2022 № 66/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қамтамасыз етілген цифрлық активтің айналымы қамтамасыз етілген цифрлық активтерге құқықтарды куәландыру және оларға көшу, сондай-ақ цифрлық активтерді иеліктен шығаруды, сатып алуды, электрондық ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастауды қоса алғанда, ақпараттық жүйені пайдаланушылар арасындағы келісімге сәйкес ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізу арқылы оларға үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жолымен жүзеге асырылады.

      Ақпараттық жүйеге цифрлық активті немесе оған құқықтарды беру туралы мәліметтерді енгізуге мынадай шарттар орындалған кезде:

      1) мәліметтер енгізуді жүзеге асырған тұлға осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ бөлінген деректер платформасында ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке цифрлық активтерді айырбастау бойынша қызметтер ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның ақпараттық жүйесіне кіру рұқсаты болған жағдайда;

      2) цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ бөлінген деректер платформасында ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке цифрлық активтерді айырбастау бойынша қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның ақпараттық жүйесі Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жол беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 25.02.2022 № 66/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ақпараттық жүйенің меншік иесі, иеленушісі және пайдаланушысы деректер валидациясының берілген алгоритіміне сәйкес өзгерістер енгізудің тең құқықтарына ие болады. Бұл ретте өзгерістер ақпараттық жүйенің барлық пайдаланушысында синхрондалады.

      6. Қамтамасыз етілген цифрлық актив қаржы құралдарының құқықтарын қамтамасыз етпейді және оны заңды тұлғаға қатысты пайда үлесіне құқықтары немесе басқару құқықтары бар меншік иесіне немесе иеленушіге бермейді.

Об утверждении Правил выпуска и оборота обеспеченных цифровых активов

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 октября 2020 года № 407/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 октября 2020 года № 21546. Утратил силу приказом и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 30 марта 2023 года № 117/НҚ

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 30.03.2023 № 117/НҚ (вводится в действие с 01.04.2023).

      В соответствии с подпунктом 20-3) статьи 7-1 Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "Об информатизации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выпуска и оборота обеспеченных цифровых активов.

      2. Комитету по информационной безопасности Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан
Б. Мусин

  Утверждены
приказом Министра цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 29 октября 2020 года № 407/НҚ

Правила выпуска и оборота обеспеченных цифровых активов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выпуска и оборота обеспеченных цифровых активов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 20-3) статьи 7-1 Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "Об информатизации" (далее – Закон) и определяют порядок выпуска и оборота обеспеченных цифровых активов.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) информационная система – организационно-упорядоченная совокупность информационно-коммуникационных технологий, обслуживающего персонала и технической документации, реализующих определенные технологические действия посредством информационного взаимодействия и предназначенных для решения конкретных функциональных задач;

      2) цифровой актив – имущество, созданное в электронно-цифровой форме с применением средств криптографии и компьютерных вычислений, не являющееся финансовым инструментом, а также электронно-цифровая форма удостоверения имущественных прав;

      3) обеспеченный цифровой актив – цифровой токен и иные цифровые активы, являющиеся цифровым средством удостоверения имущественных прав на товары и (или) услуги, выпускаемые (предоставляемые) лицом, выпустившим обеспеченный цифровой актив;

      4) цифровой токен – вид цифрового актива, являющийся цифровым средством учета, обмена и удостоверения имущественных прав.

      Иные понятия, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок выпуска и оборота обеспеченных цифровых активов

      3. Выпуск обеспеченного цифрового актива осуществляется путем внесения записи в информационную систему ее владельцем или собственником о правах, удостоверяемых обеспеченным цифровым активом, в соответствии с соглашением между владельцем или собственником информационной системы и пользователем, являющимся лицом, выпускающим обеспеченный цифровой актив.

      Лицом, осуществляющим деятельность по выпуску цифровых активов, организации торгов ими, а также предоставлению услуг по обмену цифровых активов на деньги, ценности и иное имущество, является собственник имущества или иное лицо, которому принадлежат права, удостоверяемые обеспеченным цифровым активом.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 25.02.2022 № 66/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Оборот обеспеченного цифрового актива осуществляется путем удостоверения и перехода прав на обеспеченные цифровые активы, а также их обременение правами третьих лиц, включая отчуждение, приобретение, обмен цифровых активов на электронные деньги, ценности и иное имущество, посредством внесения в информационную систему сведений, в соответствии с соглашением между пользователями информационной системы.

      Внесение в информационную систему сведений о передаче цифрового актива или прав на него допускается при выполнении следующих условий:

      1) лицо, осуществившее внесение сведений, обладает доступом в информационную систему лица, осуществляющего деятельность по выпуску цифровых активов, организации торгов ими, а также предоставлению услуг по обмену цифровых активов на деньги, ценности и иное имущество на распределенной платформе данных, в порядке, определенном настоящими Правилами;

      2) информационная система лица, осуществляющего деятельность по выпуску цифровых активов, организации торгов ими, а также предоставлению услуг по обмену цифровых активов на деньги, ценности и иное имущество на распределенной платформе данных, отвечает требованиям, установленным Законом.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 25.02.2022 № 66/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Собственник, владелец и пользователь информационной системы обладают равными правами на внесение изменений в данные в соответствии с заданным алгоритмом валидации данных. При этом изменения синхронизируются у всех пользователей информационной системы.

      6. Обеспеченный цифровой актив не обеспечивает права на финансовые инструменты и не предоставляет его собственнику или владельцу прав на долю прибыли или прав на управление в отношении юридического лица.