"Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 407/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 66/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26977 болып тіркелді. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 30.03.2023 № 117/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 30.03.2023 № 117/НҚ (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 407/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21546 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы қағидаларында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қамтамасыз етілген цифрлық активті шығару ақпараттық жүйенің иесі немесе меншік иесі мен қамтамасыз етілген цифрлық активті шығаратын тұлға болып табылатын пайдаланушы арасындағы келісімге сәйкес ақпараттық жүйенің иесі немесе меншік иесі қамтамасыз етілген цифрлық активпен куәландырылатын құқықтары туралы жазбаны ақпараттық жүйеге енгізуі арқылы жүзеге асырылады.

      Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау жөніндегі қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға мүліктің меншік иесі немесе қамтамасыз етілген цифрлық активпен куәландырылатын құқықтар тиесілі өзге де тұлға болып табылады.

      4. Қамтамасыз етілген цифрлық активтің айналымы қамтамасыз етілген цифрлық активтерге құқықтарды куәландыру және оларға көшу, сондай-ақ цифрлық активтерді иеліктен шығаруды, сатып алуды, электрондық ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастауды қоса алғанда, ақпараттық жүйені пайдаланушылар арасындағы келісімге сәйкес ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізу арқылы оларға үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жолымен жүзеге асырылады.

      Ақпараттық жүйеге цифрлық активті немесе оған құқықтарды беру туралы мәліметтерді енгізуге мынадай шарттар орындалған кезде:

      1) мәліметтер енгізуді жүзеге асырған тұлға осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ бөлінген деректер платформасында ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке цифрлық активтерді айырбастау бойынша қызметтер ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның ақпараттық жүйесіне кіру рұқсаты болған жағдайда;

      2) цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ бөлінген деректер платформасында ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке цифрлық активтерді айырбастау бойынша қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның ақпараттық жүйесі Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады