Хирургиялық стерилизиция жасау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-185/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 қарашада № 21615 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 151-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес хирургиялық стерилизация жасау қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      2. "Азаматтарға хирургиялық стерилизациялауды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 625 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 қарашада № 5881 болып тіркелген, 2010 жылы № 7 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді:

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 6 қарашасы
№ ҚР ДСМ-185/2020
бұйрығына қосымша

Хирургиялық стерилизация жасау қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Хирургиялық стерилизация жасау қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 151-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілерінің хирургиялық стерилизация жасау тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Хирургиялық стерилизация жасаудың алдында емдеуші дәрігер осы процестің қайтымсыздығын, моральдық-этикалық, психологиялық және жағымсыз физиологиялық салдарлары мен асқынуларды түсіндіруге бағытталған әңгімелер жүргізеді.

2-тарау. Хирургиялық стерилизация жасау тәртібі

      3. Қаламаған жүктіліктің алдын алу мақсатында хирургиялық стерилизацияны пайдаланғысы келетін азаматтарға жүгінген жері бойынша Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес амбулаториялық пациенттің медициналық картасы толтырылады .

      4. Медициналық ұйымдардың акушер-гинеколог және уролог-андролог дәрігерлері азаматтар хирургиялық стерилизациялау үшін жолдама алуға жүгінген кезде операцияға медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығын анықтау үшін зерттеп-қарау жүргізеді.

      5. Пациенттерге хирургиялық стерилизация тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жасалады.

      6. Хирургиялық араласу пациентке жазбаша ақпараттандырылған келісім алғаннан кейін ұсынылады.

      7. Хирургиялық стерилизациялау бойынша операциялар жасауға байланысты азаматтарға іш қуысы хирургиялық операциялары үшін регламенттелген медициналық зерттеп-қарау жүргізіледі.

      8. Хирургиялық стерилизация операциясына медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған кезде, сондай-ақ пациенттің жазбаша келісімі болған кезде азаматтарға пациентті зерттеп-қарау нәтижелері бар амбулаториялық науқастың картасынан үзінді көшірмемен емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы медициналық ұйымға жолдама беріледі.

      9. Азаматтардың хирургиялық стерилизация жасауға медициналық көрсетілімдерді медициналық ұйымдарда құрамында денсаулық сақтау ұйымының басшысы, акушер-гинеколог немесе уролог-андролог дәрігер, саласына ауру тиісті мамандықтың дәрігері бар дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі-ДКК) белгілейді.

      10. Медициналық көрсетілімдер кезінде азаматтарға көрсетілген мамандардың қолдарымен және медициналық ұйымның толық клиникалық диагнозы бар қорытынды беріледі.

      11. Азаматтар медициналық ұйымға жүгінген кезде:

      1) емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жолдаманы;

      2) ДКК қорытындысын, егер осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілсе;

      3) пациентті зерттеп-қарау нәтижелері бар амбулаториялық науқастың картасынан үзінді көшірмені ұсынуы қажет.

      12. Хирургиялық стерилизация жасағаннан кейін пациенттің медициналық ұйымда болу мерзімін емдеуші дәрігер пациенттің денсаулық жағдайына байланысты жеке айқындайды.

3-тарау. Хирургиялық стерилизация жасау шарттары

      13. Қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде хирургиялық стерилизацияның шарты 35 жастан кіші емес немесе екі баласы бар азаматтың жазбаша келісімі, медициналық көрсетілімдер болған кезде, жасына және балаларының болуына қарамастан пациенттің келісімі болып табылады.

      14. Хирургиялық стерилизация жасауға арналған медициналық көрсетілімдер:

      1) қазіргі немесе өткен уақыттағы барлық орындағы қатерлі ісіктер;

      2) қайталанған кесарь тілігі және балалары болған кезде гинекологиялық операциядан кейінгі жатырда тыртықтың болуы;

      3) эндокриндік жүйе аурулары:

      тиреотоксикоз;

      туа біткен немесе жүре біткен гипотиреоз;

      ауыр нысандағы қант диабеті;

      жұбайлардың екеуінде де қант диабетінің болуы;

      гиперпаратиреоз, гипопаратиреоз;

      қантсыз диабет;

      бүйрек үсті безі аурулары (белсенді фазасы немесе арнайы емдеуден кейін айқын қалдық құбылыстар);

      амилоидоз;

      4) қан және қан өндіру ағзаларының аурулары:

      апластикалық анемия;

      өршу сатысындағы тромбопениқалық және тромбопатикалық жағдайлар:

      өршу сатысындағы геморрагиялық жағдайлар;

      5) психикалық бұзылулар (болашақ баланың анасы мен әкесінің психоневрологиялық ұйымда куәлануы):

      психоздар, оның ішінде алкогольдық дәрілік, шизофрениялық және басқа да неорганикалық психоздар;

      органикалық аурулардың нәтижесінде туындайтын өтпелі және созылмалы психоневрологиялық жағдайлар;

      шизофрения;

      параноидтық жағдай;

      жеке басының бұзылуы;

      созылмалы алкоголизм;

      ақыл-ес кемістігі.

      6) нерв жүйесі мен сезім ағзаларының аурулары:

      орталық нерв жүйесінің ауыр асқыну ауруларын (менингит, энцефалит, миелит пен энцефаломиелит) бастан өткізгендер;

      орталық нерв жүйесінің тұқым қуалаушылық және дегенеративтік аурулары;

      бытыраңқы склероздың барлық нысаны, орталық нерв жүйесінің басқа миеленсіздендіру аурулары;

      эпилепсия - барлық нысаны;

      каталепсия және нарколепсия - барлық нысаны;

      асқынған және уытты невропатия - өршу сатысындағы барлық нысаны;

      бұлшықет дистрофиясы және миопатияның басқа да түрлері;

      тор қабықтың бөлінуі, нұрлы қабықтың аурулары - ауыр нысаны, көру жүйесінің невриті, кератит, көру өткірлігінің өршімелі төмендеуі, туа біткен катаракта;

      вестибулярлық аппарат аурулары;

      отосклероз – есту қабілеті барлық нысаны, үдемелі төмендеген жүйесінің аурулары кезде есту нервісінің аурулары, туа біткен саңыраулық, мылқаулық;

      7) қанайналым жүйесінің аурулары:

      үзіліссіз қайталанатын миокардит;

      жүрек қысылуы белгісі бар созылмалы перикардит;

      митральдық, аорталық, үш жармалы қақпақша кемістіктері, 2-3 дәрежедегі қанайналым функциясының жеткіліксіздігі бар көп қақпақшалы кемістіктер;

      11-сатыдағы жиі кризисі бар (А дәрежелі, 2 – б – 3) дәрежедегі қатерлі гипертония ауруы;

      жүректің ишемиялық ауруы – барлық нысан;

      өкпе гипертензиясының болуы 2-3 дәрежелі;

      жүрек ырғағы мен өткізгіштіктің бұзылуы: 3-дәрежелі атриовентрикулярлық блокадалар, жыбырлақ аритмия, жиі ұстамалары бар пароксизмальдық тахикардия;

      аорта аневризмі;

      артерия тромбозы мен эмболиясы;

      түйінді периартериит және ұқсас жағдайлар;

      қанайналым жүйесінің басқа да туа біткен аномалиялары;

      өкпе гипертензиясы симптомдары кезінде жүргізілген кемшіліктерді хирургиялық түзетуден кейнгі жағдайлар, туа біткен кемістіктерді толық емес хирургиялық түзетулер, септалдық кемістіктер мен ашық артериялық түтікті реканализациялау;

      жүректің басқа қақпақшаларының қанағаттанарлықсыз жағдайы кезінде жүректің қақпақшаларын протездегеннен кейінгі жағдай;

      8) тыныс алу ағзаларының аурулары:

      қолқа, трахея немесе бронхтың стенозы;

      бронх демікпесі - ауыр нысан;

      бронхоэктатикалық ауру - ауыр, гормонға тәуелді нысан;

      өкпе-жүрек функцияларының жеткіліксіздігі бар өкпе және плевра аурулары ішкі мүшелердің амилоидозы;

      өкпе поликистозы;

      2-б және 3-дәрежелі тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі бар тыныс алу ағзаларының аурулары;

      өкпе туберкулезінің ауыр нысандарын бастан өткерген науқастар;

      9) ас қорыту ағзаларының аурулары:

      сүмбілеуге келмейтін өңештің тарылуы және стенозы;

      жасанды өңеш;

      анамнезінде стенозы және қан кетуі бар асқазан мен ұлтабар жарасы;

      алдыңғы қуыс іш қабырғасы алшақтаған елеулі мөлшердегі іш қуысының жарығы;

      ішек қан кетулері бар оңалту сатысындағы жиі өршитін инфекциялық энтериттер мен колиттер;

      операция жасалған асқазан синдромы;

      функциясы бұзылған бауыр мен өт жолдарының созылмалы аурулары және бауыр циррозы;

      ішек дисбактериозы, ауыр түрі.

      10) несеп-жыныс жүйесінің аурулары:

      созылмалы қайталанатын гломерулонефрит;

      жіті және созылмалы бүйрек функциясының жеткіліксіздігі;

      бүйрек және басқа ағзалардың функциясы бұзылған бүйрек паренхимдерінің аурулары (тұрақты гипертония), жалғыз бүйректің созылмалы қайталанатын пиелонефриті;

      бүйрек функциясы бұзылған гидронефроз (екі жақты, жалғыз бүйрек, туа біткен)

      бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар бүйрек поликистозы;

      әйелдердің жыныс ағзаларындағы жыланкөздер және оларды түзету операциясынан кейінгі жай-күй.

      11) сүйек-бұлшықет жүйесінің және дәнекерлік тіндердің аурулары:

      дәнекерлік тіндерден таралған ауруы;

      буындар функциясы ауыр бұзылған ревматоидтық артрит және басқа да асқынудан тыс қабыну артропаттар;

      функциясы бұзылған тірек-қозғалыс аппаратының аурулары (анкилозды спондилит; остеохондропатия);

      аяқты, табанды (толық) ампутациялау.

      12) пренаталдық молекулярлық-генетикалық диагностиканың болмауы кезіндегі моногендік тұқым қуалаушылық ауырулар.

      15. Хирургиялық стерилизация жасау үшін қарсы көрсетілімдер:

      1) кез келген орындағы жіті (немесе асқыну сатысындағы созылмалы) инфекциялық аурулар;

      2) кез келген жерде орналасқан жіті (немесе асқыну сатысындағы созылмалы) қабынған аурулар;

      3) декомпенсация сатысындағы өмірлік маңызды ағзалардың созылмалы аурулары;

      4) жүрек-қантамырлық жүйесі аурулары кезіндегі гемодинамика көрсеткіштерінің бұзылуы;

      5) қан және қан өндіру ағзаларының аурулары кезіндегі гематологиялық көрсеткіштердің бұзылуы.

Об утверждении правил и условий проведения хирургической стерилизации

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 6 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-185/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 ноября 2020 года № 21615.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 151 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить правила и условия проведения хирургической стерилизации согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Признать утратившим силу приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 625 "Об утверждении Правил проведения хирургической стерилизации граждан" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 ноября 2009 года № 5881, опубликован в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан 2010 года №1).

      3. Департаменту охраны здоровья матери и ребенка Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

  Приложение к приказу
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 6 ноября 2020 года
№ ҚР ДСМ-185/2020

Правила и условия проведения хирургической стерилизации

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения хирургической стерилизации разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 151 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяют порядок и условия проведения хирургической стерилизации субъектами здравоохранения, имеющими лицензию на осуществление медицинской деятельности (далее - субъекты здравоохранения).

      2. Перед проведением хирургической стерилизации лечащий врач проводит беседу для разъяснения необратимости данного процесса, морально-этических, психологических и негативных физиологических последствий и осложнений.

Глава 2. Порядок проведения хирургической стерилизации

      3. Гражданам, желающим использовать хирургическую стерилизацию по месту прикрепления заполняется медицинская карта амбулаторного пациента, по форме утвержденной в соответствии с подпунктом 31) статьи 7 Кодекса.

      4. Врачи акушер-гинекологи и урологи-андрологи медицинских организаций при обращении граждан за направлением для хирургической стерилизации производят обследование для установления отсутствия медицинских противопоказаний к операции.

      5. Хирургическая стерилизация пациентам осуществляется в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования.

      6. Хирургическая стерилизация проводятся пациенту после получения письменного информированного согласия.

      7. Для проведения операции по хирургической стерилизации гражданам проводится медицинское обследование, регламентированное для полостных хирургических операций.

      8. При отсутствии медицинских противопоказаний к операции хирургической стерилизации, а также при наличии письменного согласия пациента, гражданам выдается направление в субъекты здравоохранения, через портал бюро госпитализации, с выпиской из карты амбулаторного больного с наличием результатов обследования пациента.

      9. Медицинские показания к хирургической стерилизации граждан устанавливаются в медицинских организациях врачебно-консультативной комиссией (далее - ВКК) в составе руководителя организации здравоохранения, врача акушера-гинеколога или уролога-андролога, врача той специальности, к области которой относится заболевание.

      10. При медицинских показаниях гражданам выдается заключение с полным клиническим диагнозом, заверенное подписями указанных специалистов медицинской организации.

      11. При обращении граждан в медицинскую организацию необходимо предоставить:

      1) направление через портал бюро госпитализации;

      2) заключение ВКК, в случае предусмотренного в пункте 9 настоящих правил;

      3) выписка из карты амбулаторного больного с наличием результатов обследования пациента.

      12. Сроки пребывания пациента в медицинской организации после проведения хирургической стерилизации определяется лечащим врачом индивидуально в зависимости от состояния здоровья пациента.

Глава 3. Условия проведения хирургической стерилизации

      13. Условием хирургической стерилизации как метода предупреждения нежелательной беременности является письменное согласие гражданина не моложе тридцати пяти лет или имеющего двух детей, а при наличии медицинских показаний, с согласия пациента независимо от возраста и наличия детей.

      14. Медицинские показания для проведения хирургической стерилизации:

      1) наличие в настоящем или в прошлом злокачественных новообразований всех локализаций;

      2) повторное кесарево сечение или наличие рубца на матке после гинекологических операций при наличии детей;

      3) болезни эндокринной системы:

      тиреотоксикоз;

      врожденный или приобретенный гипотиреоз;

      сахарный диабет тяжелая форма;

      сахарный диабет у обоих супругов;

      гиперпаратиреоз, гипопаратиреоз;

      несахарный диабет;

      болезни надпочечников (активная фаза или выраженные остаточные явления после специфического лечения);

      амилоидоз;

      4) болезни крови и кроветворных органов:

      апластическая анемия;

      тромбопенические и тромбопатические состояния в стадии ремиссии;

      геморрагические состояния в стадии ремиссии;

      5) психические расстройства (удостоверенные психоневрологической организацией у матери или у отца будущего ребенка):

      психозы, в том числе алкогольные, лекарственные, шизофренические и другие неорганические психозы;

      преходящие и хронические психоневротические состояния, возникающие в результате органических заболеваний;

      шизофрения;

      параноидные состояния;

      расстройства личности;

      хронический алкоголизм;

      умственная отсталость;

      6) болезни нервной системы и органов чувств:

      перенесшие тяжелые воспалительные болезни центральной нервной системы (менингит, энцефалит, миелит и энцефаломиелит);

      наследственные и дегенеративные болезни центральной нервной системы;

      все формы рассеянного склероза, другие демиелинизирующие болезни центральной нервной системы;

      эпилепсия - все формы;

      каталепсия и нарколепсия - все формы;

      воспалительные и токсические невропатии - все формы, в стадии ремиссии;

      мышечная дистрофия и другие виды миопатий;

      отслойка сетчатки болезни радужной оболочки - тяжелые формы, неврит зрительного нерва, кератит, врожденная катаракта, прогрессирующее снижение остроты зрения;

      болезни вестибулярного аппарата;

      отосклероз - все формы, болезни слухового нерва при наличии прогрессирующего понижения слуха, врожденная глухота, глухонемота;

      7) болезни системы кровообращения:

      непрерывно рецидивирующий миокардит;

      хронический перикардит с признаками сдавления сердца;

      пороки митрального, аортального, трехстворчатого клапана, многоклапанные пороки с недостаточностью кровообращения 2-3 степени;

      гипертоническая болезнь, стадии - 11 А степени с частыми кризами, 2-б-3 степени, злокачественная;

      ишемическая болезнь сердца - все формы;

      наличие легочной гипертензии 2-3 степени;

      нарушения сердечного ритма и проводимости: атрио-вентрикулярные блокады 3 степени, мерцательная аритмия, пароксизмальная тахикардия с частыми приступами;

      аневризма аорты;

      эмболия и тромбоз артерий;

      узелковый периартериит и сходные состояния;

      другие врожденные аномалии системы кровообращения;

      состояние после хирургической коррекции пороков, произведенных при симптомах легочной гипертензии, неполной хирургической коррекции врожденного порока, реканализации септальных дефектов и открытого артериального протока;

      состояния после протезирования клапанов сердца при неудовлетворительном состоянии других клапанов сердца;

      8) болезни органов дыхания:

      стеноз гортани, трахеи или бронхов;

      бронхиальная астма - тяжелая форма;

      бронхоэктатическая болезнь - тяжелая, гормонозависимая форма;

      болезни легких и плевры с легочно-сердечной недостаточностью, амилоидозом внутренних органов;

      поликистоз легких;

      заболевания органов дыхания с дыхательной недостаточностью 2-б и 3 степени;

      перенесшие тяжелые формы туберкулеза легких;

      9) болезни органов пищеварения:

      сужение и стеноз пищевода, не поддающиеся бужированию;

      искусственный пищевод;

      язва желудка и двенадцатиперстной кишки с наличием стеноза и кровотечения в анамнезе;

      грыжа брюшной полости значительных размеров с расхождением передней брюшной стенки;

      инфекционные энтериты и колиты с кишечным кровотечением, с частыми обострениями в стадии ремиссии;

      синдром оперированного желудка;

      хронические болезни печени и желчных путей с нарушением функции и цирроз печени;

      дисбактериоз кишечника, тяжелая форма.

      10) болезни мочеполовой системы:

      хронический рецидивирующий гломерулонефрит;

      острая и хроническая почечная недостаточность;

      заболевание паренхимы почек с нарушением функции почек и других органов (стойкой гипертонией), хронический рецидивирующий пиелонефрит единственной почки;

      гидронефроз (двусторонний, единственной почки, врожденный) с нарушением функции почек;

      поликистоз почек с почечной недостаточностью;

      свищи с вовлечением женских половых органов и состояния после операций по поводу их коррекции.

      11) болезни костно-мышечной системы и соединительной ткани:

      диффузная болезнь соединительной ткани;

      ревматоидный артрит с тяжелым нарушением функции сустава и другие воспалительные артропатии вне обострения;

      заболевания опорно-двигательного аппарата с нарушением функции (анкилозирующий спондилит; остеохондропатия);

      ампутация ноги, стопы (полная).

      12) моногенные наследственные заболевания при отсутствии пренатальной молекулярно-генетической диагностики.

      15. Противопоказания для проведения хирургической стерилизации:

      1) острые (или хронические в стадии обострения) инфекционные заболевания любой локализации;

      2) острые (или хронические в стадии обострения) воспалительные заболевания любой локализации;

      3) хронические заболевания жизненно важных органов в стадии декомпенсации;

      4) нарушения показателей гемодинамики при заболеваниях сердечно-сосудистой системы;

      5) нарушения гематологических показателей при заболеваниях крови и кроветворных органов.