Азаматтарға хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 30 қазандағы N 625 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5881 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-185/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.11.2020 № ҚР ДСМ-185/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 103-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтарға хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (келісім бойынша) осы бұйрықты іске асыру бойынша шараларды қабылдасын.

      5. "Азаматтарға хирургиялық стерилдеуді жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 7 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3352 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. N 3-8, 21-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Б. Садықов


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2009 жылғы 30 қазандағы
N 625 бұйрығымен бекітілген

Азаматтарға хирургиялық стерилизациялауды
жүргізу ережесі

      1. Хирургиялық стерилизациялау қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде отыз бес жастан асқан немесе кемінде екі баласы бар азаматтарға қатысты, ал медициналық айғақтары мен жасына және балаларының бар-жоғына қарамастан жасалуы мүмкін.

      2. Хирургиялық стерилизациялауды тек азаматтардың келісімімен, денсаулық сақтау ұйымдары, жеке медициналық практикамен айналысатын, осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғалар осы операцияның біржола жасалатындығы туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, азаматтың жазбаша келісімі бойынша ғана жүргізеді.

      3. Медициналық ұйымдарда хирургиялық стерилизациялау жүргізу туралы шешім осы ережеге қосымшаға сәйкес медициналық айғақтар мен қарсы айғақтарға сәйкес құрамында денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, дәрігер акушер-гинеколог, ауру бойынша маман дәрігер бар дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ДКК) белгілейді.

      Медициналық айғақтары болған жағдайда көрсетілген мамандар қол қойған және медициналық ұйымның мөрімен куәландырылған толық клиникалық диагнозы қойылған қорытынды беріледі. Бұл қорытынды отыз күнтүзбелік күнге жарамды.

      Әйелдерге акушерлік-гинекологиялық стационар жағдайында медициналық айғақтары анықталған жағдайда сырқатнамаға әйелдің ауруына (жай-күйіне) қарай маман дәрігердің, емдеуші дәрігердің және денсаулық сақтау ұйымының (бөлімшесінің) басшысының қолдарымен бекітіліп, тиісті жазбалар жазылады.

      4. Хирургиялық стерилизациялау хирургиялық стерилизациялау әдісі бойынша арнайы даярлықтан өткен дәрігерлер (минилапоротомия, лапроскопия, вазектомия) жүргізеді.

      5. Емдеу - алдын алу ұйымдарының акушер-гинеколог, уролог-андролог дәрігерлері азаматтар хирургиялық стерилизациялауға жолдама алу үшін өтініш жасаған кезде операцияға медициналық қарсы айғақтарының жоқтығын анықтау үшін тексеру жүргізеді.

      Тексерудің деректері амбулаториялық науқастың медициналық картасына жазылады.

      Хирургиялық стерилизациялау бойынша операциялар жасауға байланысты азаматтарға іш қуысы хирургиялық операциялары үшін регламенттелген толық клиникалық тексеру өткізіледі.

      6. Хирургиялық стерилизациялау операцияларын жасау үшін медициналық қарсы айғақтары болмаған жағдайда азаматтарға ұйымдардың атауы мен мекен-жайы, науқасты тексерудің қорытындысы, ДКК қорытындысы, сондай-ақ науқастың жазбаша келісімі көрсетіле отырып азаматтарға медициналық ұйымға жолдама беріледі. Бұл қорытынды отыз күнтізбелік күнге жарамды.

  Азаматтарға хирургиялық
стерилизациялау жүргізу
ережесіне қосымша

Хирургиялық стерилизациялау жүргізу үшін медициналық
айғақтар мен қарсы айғақтар тізбесі

      1. Хирургиялық стерилизациялау жүргізу үшін медициналық айғақтар.

      1. Қазіргі немесе өткен уақыттағы барлық орындағы қатерлі ісіктер.

      2. Қайталанған кесер тілігі және балалары болған кезде гинекологиялық операциядан кейінгі жатырда тыртықтың болуы.

      3. Эндокриндік жүйе аурулары:

      1) тиреотоксикоз;

      2) туа біткен немесе жүре біткен гипотиреоз;

      3) ауыр нысандағы қант диабет;

      4) жұбайлардың екеуінде де қант диабетінің болуы;

      5) гиперпаратиреоз, гипопаратиреоз;

      6) қантсыз диабет;

      7) бүйрекүсті безі аурулары (белсенді фазасы немесе арнайы емдеуден кейін айқын қалдық құбылыстар);

      8) амилоидоз.

      4. Қан және қан өндіру мүшелерінің аурулары:

      1) апластикалық анемия;

      2) өршу сатысындағы тромбопеникалық және тромбопатикалық жағдайлар;

      3) өршу сатысындағы геморрагиялық жағдайлар.

      5. Психикалық бұзылулар (болашақ баланың анасы мен әкесінің психоневрологиялық ұйымда куәлануы):

      1) психоздар, оның ішінде алкогольдық, дәрілік, шизофрениялық және басқа да неорганикалық психоздар;

      2) органикалық аурулардың нәтижесінде туындайтын өтпелі және созылмалы психоневрологиялық жағдайлар;

      3) шизофрения;

      4) параноидтық жағдай;

      5) жеке басының бұзылуы;

      6) созылмалы маскүнемдік;

      7) ақыл-ес кемістігі.

      6. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің аурулары:

      1) орталық жүйке жүйесінің ауыр асқыну ауруларынан өтуі (менингит, энцефалит, миелит пен энцефаломиелит);

      2) орталық жүйке жүйесінің тұқымқуалаушылық және дегенеративтік аурулары;

      3) бытыраңқы склероздың барлық нысаны, орталық жүйке жүйесінің басқа да миелинсіздендіру аурулары;

      4) эпилепсия - барлық нысаны;

      5) каталепсия мен нарколепсия - барлық нысаны;

      6) асқынған және уытты невропатия - өршу сатысындағы барлық нысаны;

      7) бұлшық ет дистрофия мен миопатияның басқа да түрлері;

      8) тор қабығының бөлінуі, нұрлы қабықтың аурулары - ауыр нысаны, көру жүйесінің невриті, кератит, көру өткірлігінің төмендеуі өршіген туа біткен катаракта;

      9) вестибулярлық аппарат аурулары;

      10) отосклероз - барлық нысаны; есту қабілеті төмендеген есту жүйесінің аурулары; туа біткен саңыраулық, мылқаулық.

      7. Қанайналым жүйесінің аурулары:

      1) үзіліссіз қайталанатын миокардит;

      2) жүрек қысылуы белгісі бар созылмалы перикардит;

      3) митралдық, аорталық, үш жармалы қақпақша кемістіктері, 2-3-дәрежедегі қанайналым жеткіліксіздігі бар көп қақпақшалы кемістіктер;

      4) 11-сатыдағы жиі кризисі бар А дәрежелі, 2-б-3 дәрежедегі қатерлі гипертония ауруы;

      5) жүректің ишемиялық ауруы - барлық нысан;

      6) өкпе гипертензиясының болуы - 2-3-дәреже;

      7) жүрек ырғағы мен өткізгіштіктің бұзылуы: 3 дәрежедегі атриовентрикулярлық блокадалар, жыбырлақ аритмиясы, жиі ұстамалары бар пароксизмалды тахикардия;

      8) аорта аневризмі;

      9) артерия эмболиясы мен тромбозы;

      10) түйінді периартериит және ұқсас жағдайлар;

      11) қанайналым жүйесінің басқа да туа біткен аномалиялары;

      12) өкпе гипертензиясы симптомдары кезінде жүргізілген кемшіліктерді хирургиялық түзетуден кейінгі жағдайлар, туа біткен кемістіктерді толық емес хирургиялық түзетулер, септалдық кемістіктер мен ашық артериялық түтікті реканализациялау;

      13) жүректің басқа қақпақшаларының қанағаттанарлықсыз жағдайы кезінде жүректің қақпақшаларын протездегеннен кейінгі жағдай.

      8. Тыныс алу мүшелерінің аурулары:

      1) қолқа, трахея немесе бронхтардың стенозы;

      2) бронх демікпесі - ауыр нысан;

      3) бронхоэктатикалық ауру - ауыр, гормонға тәуелді нысан;

      4) жүрек - өкпелік фунциялары жеткіліксіздігі бар, ішкі мүшелердің амилоидозымен өкпе және плевра аурулары;

      5) өкпе поликистозы;

      6) 2-б және 3-дәрежелі тыныс алу функциясы жеткіліксіздігі бар тыныс алу мүшелерінің аурулары;

      7) өкпе туберкулезінің ауыр нысандарын бастан өткерген науқастар.

      9. Асқорыту мүшелерінің аурулары:

      1) сүмбілеуге келмейтін өңештің тарылуы және стенозы;

      2) жасанды өңеш;

      3) стенозы және анамнездегі қан кетуі бар асқазан мен ұлтабар жарасы;

      4) алдыңғы қуыс қабырғасы алшақтаған елеулі мөлшердегі іш қуысының жарығы;

      5) ішек қан кетулері бар уақытша оңалу сатысындағы жиі өршитін жұқпалы энтелиттер мен колиттер;

      6) операция жасалған асқазан синдромы;

      7) функциясы бұзылған бауыр мен өт жолының созылмалы аурулары және бауыр циррозы;

      8) ішек дисбактериозы, ауыр түрі.

      10. Несеп - жыныс жүйесінің аурулары:

      1) созылмалы қайталанатын гломерулонефрит;

      2) жіті және созылмалы бүйрек функциясы жеткіліксіздігі;

      3) бүйрек және басқа органдардың (тұрақты гипертония) функциясы бұзылған бүйрек паренхимдерінің аурулары, жалғыз бүйректің созылмалы қайталанатын пиелонефриті;

      4) бүйрек функциясы бұзылған гидронефроз (екі жақты, жалғыз бүйрек, туа біткен);

      5) бүйрек функциясы жеткіліксіздігі бар бүйрек поликистозы;

      6) әйелдердің жыныс мүшелеріндегі жыланкөздер және оларды түзеу операциясынан кейінгі жағдай.

      11. Сүйек-бұлшық ет жүйесінің және дәнекерлік тіндердің аурулары:

      1) дәнекерлік тіндердің таралған аурулары;

      2) буындар функциясы ауыр бұзылған ревматоидтық артрит және басқа да асқынудан тыс қабыну артропаттар;

      3) функциясы бұзылған тірек - қозғалыс аппаратының аурулары (шорланған спондилит, остеохондропатия);

      4) аяқтарды, аяқ басын (толық) кесу.

      12. Пренаталдық молекулалық – генетикалық диагностиканың болмауы кезіндегі моногендік тұқым құалаушылық аурулар.

      2. Хирургиялық стерилизациялау жүргізу үшін медициналық қарсы айғақтар.

      1. Жіті (немесе асқыну сатысындағы созылмалы) жұқпалы аурулар;

      2. Жіті (немесе асқыну сатысындағы созылмалы) қабыну аурулар;

      3. Өмірлік маңызды мүшелердің декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулары;

      4. Жүрек-қан тамыры жүйесі аурулары кезіндегі гемодинамика көрсеткіштерінің бұзылуы;

      5. Қан және қан өндіру мүшелері аурулары кезіндегі гемотологиялық көрсеткіштердің бұзылуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады