БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасына беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 45/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16883 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасына беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
"1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері (бұдан әрі - АКИАМО) - жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, "электрондық үкімет" инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері";
3) Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – АҚҰҮО) – "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі;
4) жедел резервтеу – қосымша бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалану және оларды белсенді режимде ұстау және (немесе) нақты уақыт режимінде (немесе 1 сағатқа кідірумен нақты уақытқа жақын) өзгерістерді беруді және ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;
5) резервтік көшірме – резервтік көшірме – жоғалту, зақымдау, бұзу, немесе заңсыз өзгерту, жою жағдайында деректердің бастапқы және қажет болған жағдайда олардың орналасқан жаңа орнын қалпына келтіру үшін жобаланған электрондық тасымалдағышта мәліметтер базасы көшірмесін және қажет болған жағдайда қолданбалы бағдарламалық қамтылым жасау процесін сәтті аяқтаудың нәтижесі;
6) ұзақ мерзімді сақтау – электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін екі жылдан арттық сақтау мерзімімен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына бір реттік беру;
7) іске қосусыз резервтеу – деректерді қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп тұрған немесе сөндірілген электрондық ақпараттық ресурстан операциялық жүйе құралдарымен резервтік көшірме жасау;
8) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасы (бұдан әрі – БҰРП) – электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда деректерді қалпына келтіру мақсатында, олардың резервтік көшірмелерін сақтауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Электрондық ақпараттық ресурстардың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер
№ | ЭАР толық атауы | Операциялық жүйе (нұсқасы) | ДББЖ / БҚ / ҚБҚ (Атауы/нұсқасы) | Деректер базасының өлшемі, Гб | Резервтік көшірменің өлшемі (дампа), Гб | ДБ өлшемінің жоспарланған жыл сайынғы өсімі, Гб |
Кестенің жалғасы
CPU сервердің саны | CPU сервердің толу деңгейі (%) | Сервердің ОЕСҚ көлемі, Гб | Резервтік көшіру құралдары | АКИ АМО иесі | ЭАР класы | ЭАР жауапты тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты/телефон нөмірі |
Аббревиатураларды толық жазу бойынша ескертпе:
ДББЖ – деректер базасын басқару жүйесі;
БҚ – бағдарламалық қамтылым;
ҚБҚ – қолданбалы бағдарламалық қамтылым;
CPU – компьютердің орталық процессоры;
Гб – гигабайт;
ДБ – деректер базасы;
ОЕСҚ – оперативті есте сақтау құралы;
ЭАР – электрондық ақпараттық ресурс.