ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
1. "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларында:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен күні тіркеу номері мен күнін бере отырып құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, ол құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын анықтайды.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексі негізінде келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 22-1, 22-2, 22-3, 22-4, 22-5, 22-6 және 22-7- тармақтармен толықтырылсын:
"22-1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы құжаттарды ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық емес ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту күні, уақыты және орны туралы хабарламаны немесе осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мынадай негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалар мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10830 болып тіркелген);
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді.
22-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қайтадан жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды кері қайтарып алған жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қарауды тоқтату туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
22-3. Білімді біліктілік тексеру көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тестілеу көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық құрылымдық бөлімшелері ұсынған орындарда автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен мемлекеттік немесе орыс тілдерінде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүргізіледі. Білімді біліктілік тексеруден өтуі қажет шетелдік тұлғалар (резидент еместер) оны осы Қағидаларға сәйкес жалпы негізде өтеді.
22-4. Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тестілеуге жіберіледі.
Тестілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушылар өзара сөйлеспейді, қандай да бір қосымша ақпараттық материалдарды (анықтамалық, арнайы әдебиетті), байланыс құралдарын және электрондық жеткізгіштегі жазбаларды пайдаланбайды.
Тестілеуден өту тәртібін бұзу фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті алушыны тестілеу тоқтатылады. Осы бұзушылық фактісі бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту тәртібін бұзу туралы акт ресімделеді және көрсетілетін қызметті алушыға тестілеудің теріс нәтижесі беріледі.
22-5. Білімді біліктілік тексеру тестілеу нысанында жүргізіледі. Тестілеу уақыты екі сағатты құрайды. Тест сұрақтарының саны 100 сұрақты құрайды. Тестілеу сұрақтары осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
Білімді біліктілік тексеруге жататын адамның біліктілігін растаған тестілеу нәтижесін мойындауға негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тестілерде қамтылған сұрақтар санының 70 пайызын құрайды.
Тестілеуге бөлінген уақыт өткен соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.
Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
Егер дұрыс жауаптардың саны шекті деңгейден тең немесе жоғары болса, онда көрсетілетін қызметті алушыға монитордағы компьютерлік бағдарлама тестілеудің оң нәтижесі туралы "тестілеуден өтті" деген хабарлама береді.
Егер дұрыс жауаптардың саны шекті деңгейден төмен болса, онда компьютерлік бағдарлама мониторда тестілеудің теріс нәтижесі туралы "тестілеуден өтпеді" деген хабарлама береді.
22-6. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ол өткен күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей аппеляцияға өтініш беру жолымен олардың нәтижесіне шағымдануға құқылы.
Апелляцияға өтінішті қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының бұйрығымен басшылардың білімін біліктілік тексеру жөніндегі апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – апелляциялық комиссия) құрамы мен ережесі бекітіледі.
Өтініштерді қарауды апелляциялық комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде жүргізеді.
22-7. Өтінішті қарау қорытындысы бойынша Апелляциялық комиссия осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) екі данада ресімдейді.
Хаттаманың бір данасы өтініш берушіге Апелляциялық комиссия отырысы сәтінен 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі. Хаттаманың екінші данасы және тестілеу нәтижелерінің көшірмесі мемлекеттік қызметті берушіде сақталады.
Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліміне біліктілік тексеруден өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі.";
26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жазбаша, ауызша нысанда не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейне жолдау нысанында берілуі мүмкін.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушіге "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
27. Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберіледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының өкілі қол қояды.
Шағым берген кезде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш беру себептері мен талаптары көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша не бейнеүндеу арқылы тікелей жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы шағым жасау тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларымен айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген).
Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
28. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғасы шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 8-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Н. Ногаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Тестілеу сұрағы
№ п/п | Сұрақ |
жауап нұсқасы | |
жауап нұсқасы | |
жауап нұсқасы | |
жауап нұсқасы |