Бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі мен көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-267/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 21801 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 143-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-267/2020
Бұйрыққа 1-қосымша

Бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі

      1. Жедел медициналық көмек.

      2. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек:

      1) диагностикалау және емдеу;

      2) иммундау.

      3. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:

      1) АИТВ инфекциясының және туберкулездің профилактикасы және диагностикасы бойынша қызметтер көрсету кезінде;

      2) жарақаттар, уланулар және шұғыл жағдайлар кезінде;

      3) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;

      4) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 196-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде.

      4. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

      1) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;

      2) Кодекстің 196-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде.

      5. Стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек:

      1) айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия таратушыларды, вирус таратушыларды және айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

      2) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

      3) шұғыл түрде;

      4) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде жоспарлы түрде.

      6. Қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.

      7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады:

      1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес жедел көмек, сондай-ақ стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету кезінде;

      2) Кодекстің 85-бабының 53-тармағына сәйкес айқындалған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету кезінде;

      3) Кодекстің 7-бабының 47) тармақшасына сәйкес бекітілген белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.

      8. Патологиялық-анатомиялық диагностика.

Бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі

Медициналық көмектің түрі мен медициналық қызметтердің атауы

Бір науқастың жүгінген кездегі қарау жиілігі

1

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 121-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен жедел медициналық көмек

Көрсетілімдер бойынша

2

Кодекстің 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша

Көрсетілімдер бойынша

3

Кодекстің 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек

Көрсетілімдер бойынша

4

Кодекстің 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек

Көрсетілімдер бойынша

5

Кодекстің 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек

Көрсетілімдер бойынша

6

Тәуліктік стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу

Көрсетілімдер бойынша

7

Кодекстің 7-бабының 84) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету

Көрсетілімдер бойынша

8

Кодекстің 7-бабының 47) және 49) тармақшаларына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету

Көрсетілімдер бойынша

9

Кодекстің 131-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен патологиялық-анатомиялық диагностика

Көрсетілімдер бойынша


Об утверждении перечня и объема медицинской помощи, предоставляемой иностранцам и лицам без гражданства, свобода которых ограничена, а также отбывающим наказание по приговору суда в местах лишения свободы, задержанным, заключенным под стражу и помещенным в специальные учреждения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-267/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 декабря 2020 года № 21801.

      В соответствии со статьей 143 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) перечень медицинской помощи, предоставляемой иностранцам и лицам без гражданства, свобода которых ограничена, а также отбывающим наказание по приговору суда в местах лишения свободы, задержанным, заключенным под стражу и помещенным в специальные учреждения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) объем медицинской помощи, предоставляемой иностранцам и лицам без гражданства, свобода которых ограничена, а также отбывающим наказание по приговору суда в местах лишения свободы, задержанным, заключенным под стражу и помещенным в специальные учреждения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство Внутренних дел
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 15 декабря 2020 года
№ ҚР ДСМ-267/2020

Перечень медицинской помощи, предоставляемой иностранцам и лицам без гражданства, свобода которых ограничена, а также отбывающим наказание по приговору суда в местах лишения свободы, задержанным, заключенным под стражу и помещенным в специальные учреждения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи

      1. Скорая медицинская помощь.

      2. Первичная медико-санитарная помощь:

      1) диагностика и лечение;

      2) иммунизация.

      3. Специализированная медицинская помощь в амбулаторных условиях:

      1) при оказании услуг по профилактике и диагностике ВИЧ-инфекции и туберкулеза;

      2) при травмах, отравлениях и неотложных состояниях;

      3) при социально значимых заболеваниях;

      4) при хронических заболеваниях, подлежащих динамическому наблюдению в порядке, утверждаемом уполномоченным органом в соответствии с пунктом 3 статьи 196 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс).

      4. Специализированная медицинская помощь в стационарозамещающих условиях:

      1) при социально значимых заболеваниях;

      2) при хронических заболеваниях, подлежащих динамическому наблюдению в порядке, утверждаемом уполномоченным органом в соответствии с пунктом 3 статьи 196 Кодекса.

      5. Специализированная медицинская помощь в стационарных условиях:

      1) при изоляции лиц, находившихся в контакте с больным инфекционным или паразитарным заболеванием, представляющим опасность для окружающих, а также бактерионосителей, вирусоносителей и лиц с подозрением на инфекционное или паразитарное заболевание, представляющее опасность для окружающих;

      2) при лечении инфекционных, паразитарных заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих, по перечню, определяемому уполномоченным органом;

      3) в экстренной форме;

      4) в плановой форме при социально значимых заболеваниях.

      6. Обеспечение препаратами крови и ее компонентами.

      7. Обеспечение лекарственными средствами, медицинскими изделиями, специализированными лечебными продуктами, иммунобиологическими лекарственными препаратами в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи осуществляется:

      1) при оказании скорой помощи, а также специализированной помощи, в том числе высокотехнологичных медицинских услуг, в стационарных и стационарозамещающих условиях в соответствии с лекарственными формулярами организаций здравоохранения;

      2) при оказании первичной медико-санитарной помощи в соответствии с перечнем заболеваний, против которых проводятся обязательные профилактические прививки в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, определяемым в соответствии с пунктом 5 статьи 85 Кодекса;

      3) при оказании первичной медико-санитарной и специализированной помощи в амбулаторных условиях в соответствии перечнем лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного и (или) льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан с определенными заболеваниями (состояниями), утверждаемым в соответствии с подпунктом 47) статьи 7 Кодекса.

      8. Патологоанатомическая диагностика.

  Приложение 2 к приказу

Объем медицинской помощи, предоставляемой иностранцам и лицам без гражданства, свобода которых ограничена, а также отбывающим наказание по приговору суда в местах лишения свободы, задержанным, заключенным под стражу и помещенным в специальные учреждения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи

Вид медицинской помощи и наименование медицинских услуг

Кратность осмотра на одного больного при обращении

1

Скорая медицинская помощь в порядке, утверждаемом уполномоченным органом в соответствии с пунктом 4 статьи 121 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс)

по показаниям

2

Первичная медико-санитарная помощь в порядке, утверждаемом уполномоченным органом в соответствии с подпунктом 82) статьи 7 Кодекса

по показаниям

3

Специализированная медицинская помощь в амбулаторных условиях в порядке, утверждаемом уполномоченным органом в соответствии с подпунктом 82) статьи 7 Кодекса

по показаниям

4

Специализированная медицинская помощь в стационарозамещающих условиях в порядке, утверждаемом уполномоченным органом в соответствии с подпунктом 82) статьи 7 Кодекса

по показаниям

5

Специализированная медицинская помощь в стационарных условиях в порядке, утверждаемом уполномоченным органом в соответствии с подпунктом 82) статьи 7 Кодекса

по показаниям

6

Проведение лечебно-диагностических мероприятий в приемном отделении круглосуточного стационара

по показаниям

7

Обеспечение препаратами крови и ее компонентами в порядке, утверждаемом уполномоченным органом в соответствии с подпунктом 84) статьи 7 Кодекса

по показаниям

8

Обеспечение лекарственными средствами, медицинскими изделиями, специализированными лечебными продуктами, иммунобиологическими лекарственными препаратами в порядке, утверждаемом уполномоченным органом в соответствии с подпунктами 47) и 49) статьи 7 Кодекса

по показаниям

9

Патологоанатомическая диагностика в порядке, утверждаемом уполномоченным органом в соответствии с пунктом 7 статьи 131 Кодекса

по показаниям