"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 143-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 15 желтоқсаны № ҚР ДСМ-267/2020 Бұйрыққа 1-қосымша |
Бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі
1. Жедел медициналық көмек.
2. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек:
1) диагностикалау және емдеу;
2) иммундау.
3. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:
1) АИТВ инфекциясының және туберкулездің профилактикасы және диагностикасы бойынша қызметтер көрсету кезінде;
2) жарақаттар, уланулар және шұғыл жағдайлар кезінде;
3) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;
4) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 196-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде.
4. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:
1) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;
2) Кодекстің 196-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде.
5. Стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек:
1) айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия таратушыларды, вирус таратушыларды және айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;
2) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;
3) шұғыл түрде;
4) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде жоспарлы түрде.
6. Қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.
7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес жедел көмек, сондай-ақ стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету кезінде;
2) Кодекстің 85-бабының 53-тармағына сәйкес айқындалған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету кезінде;
3) Кодекстің 7-бабының 47) тармақшасына сәйкес бекітілген белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.
8. Патологиялық-анатомиялық диагностика.
Бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі
№ | Медициналық көмектің түрі мен медициналық қызметтердің атауы | Бір науқастың жүгінген кездегі қарау жиілігі |
1 | "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 121-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен жедел медициналық көмек | Көрсетілімдер бойынша |
2 | Кодекстің 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша | Көрсетілімдер бойынша |
3 | Кодекстің 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек | Көрсетілімдер бойынша |
4 | Кодекстің 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек | Көрсетілімдер бойынша |
5 | Кодекстің 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек | Көрсетілімдер бойынша |
6 | Тәуліктік стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу | Көрсетілімдер бойынша |
7 | Кодекстің 7-бабының 84) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету | Көрсетілімдер бойынша |
8 | Кодекстің 7-бабының 47) және 49) тармақшаларына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету | Көрсетілімдер бойынша |
9 | Кодекстің 131-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен патологиялық-анатомиялық диагностика | Көрсетілімдер бойынша |