Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және тізілімге енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-311/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21861 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 221-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және тізіліміге енгізу қағидалары бекітілсін

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрі

      "____"________________2020 жыл

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-311/2020 Бұйрығына
қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және тізілімге енгізу қағидалары.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және тізіліміне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі – ББ) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу тәртібін айқындайды.

      2. Тізілімді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) іске асыратын ББ есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру мақсатында білім беру саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

      3. ББ тізбесі Тізілімде қамтылған.

      4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) білім беру бағдарламаларының тізілімі – ЖЖОКБҰ әзірлеген білім беру бағдарламаларының тізбесін қамтитын білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;

      2) білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – ББ) – оқытудың мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;

      3) оператор – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған және тізілімді жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

      5. Тізілімді оператор электрондық түрде білім беру саласындағы уәкілетті органның "Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесі" ақпараттық жүйесінде жүргізеді.

      6. Тізілімге қол жеткізу Интернет желісі арқылы ұсынылады.

      7. Тізілімде қамтылған мәліметтер мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ашық және қолжетімді болып табылады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламасын Тізілімге енгізу тәртібі

      8. Білім беру бағдарламаларын Тізілімге енгізу үш кезеңде жүргізіледі:

      1) білім беру ұйымының ББ-ны Тізілімге енгізу туралы өтінімді (бұдан әрі - өтінім) және ББ паспортын ұсынуы;

      2) ББ сараптамасын жүргізу;

      3) білім беру бағдарламасын Тізілімге енгізу.

      9. Білім беру бағдарламасын Тізілімге енгізу үшін білім беру ұйымы операторға ұсынады:

      1) электрондық форматтағы өтінім;

      2) Білім беру бағдарламанын паспорты.

      10. Оператор білім беру ұйымының өтінімін растайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде толтырудың дұрыстығына тексеру жүргізеді. Дұрыс толтырылмаған өтінім себептерін көрсете отырып, пысықтау үшін білім беру ұйымына қайтарылады.

      Сапаны бағалау мақсатында ББ сараптамасы жүргізіледі. Сарапшы ББ сараптамасын орындау кезінде мүдделер қақтығысын ескере отырып тағайындалады, мүдделердің әлеуетті қақтығысы ретінде қаралып барлық қатынастар ашылады. Мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда сарапшы сараптама жүргізуден шеттетіледі.

      12. Сарапшы ББ жоғары білім берудің мемлекеттік білім беру стандартының негізгі талаптарына сәйкестігіне және даярлау бағыты бойынша кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға сәйкестігіне бағалау жүргізеді.

      13. Қажет болған жағдайда, сарапшы электрондық пошта арқылы қосымша құжаттарды сұратады, сондай-ақ құжаттарды білім беру ұйымына пысықтауға жібереді.

      14. Сараптама жүргізілгеннен кейін сарапшы ББ Тізілімге "қосу" немесе "қоспау" деген шешім қабылдайды.

      15. Оң қорытынды алған кезде ББ Тізілімге енгізіледі.

      16. Сараптама нәтижесі теріс болған жағдайда ББ пысықтауға жіберіледі.

      17. Білім беру ұйымы ББ сапасын арттыру мақсатында қолданыстағы білім беру бағдарламасын Тізілімге жаңартуға өтінім береді.

On approval of the rules for maintaining the register of educational programs and their inclusion therein by levels of education in the field of healthcare

Order № KR DSM-311/2020 of the Minister of Healthcare of the Republic of Kazakhstan as of December 22, 2020. It is registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on December 22, 2020 under № 21861

      Unofficial translation

      In accordance with paragraph 2 of Article 221 of the Code of the Republic of Kazakhstan “On public health and healthcare system” as of July 7, 2020, I hereby ORDER:

      1. To approve the rules for maintaining the register of educational programs and their inclusion therein by levels of education in the field of healthcare in accordance with the appendix to this order.

      2. In accordance with the procedure established by the legislation of the Republic of Kazakhstan, the Department of Science and Human Resources of the Ministry of Healthcare of the Republic of Kazakhstan shall ensure:

      1) the state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) the posting of this order on the website of the Ministry of Healthcare of the Republic of Kazakhstan;

      3) within ten working days of the state registration of this order, the submission of information on the implementation of the measures provided for in subparagraphs 1) and 2) of this paragraph to the legal department of the Ministry of Healthcare of the Republic of Kazakhstan.

      3. Control over the execution of this order shall be entrusted to the supervising vice-minister of healthcare of the Republic of Kazakhstan.

      4. This order shall be enforced ten calendar days of its first official publication.

      Minister of Healthcare of
the Republic of Kazakhstan
A.Tsoi

      AGREED
Minister of Education and Science of
the Republic of Kazakhstan
"____"________________2020

  Appendix to Order
№ KR DSM-311/2020
of the Minister of Healthcare
of the Republic of Kazakhstan as of
December 22, 2020

Rules for maintaining the register of educational programs and their inclusion therein by levels of education in the field of healthcare

Chapter 1. General provisions

      1. These Rules for maintaining the register of educational programs and their inclusion therein by levels of education in the field of healthcare (hereinafter referred to as the Rules) determine the procedure for maintaining the register of higher and postgraduate educational programs (hereinafter referred to as EP) of the authorized body for education and their inclusion in the Register (hereinafter referred to as the Register).

      2. The register is maintained by the authorized body for education in order to form a unified information environment for registering EPs implemented by higher and (or) postgraduate educational institutions (hereinafter referred to as HPEI).

      3. The list of EPs is contained in the Register.

      4. Basic terms used in these Rules are as follows:

      1) the register of educational programs - the information system of the authorized body for education, which includes a list of educational programs developed by HPEI;

      2) an educational program (hereinafter referred to as EP) - a single set of basic characteristics of education, including goals, results and content of education, organization of the educational process, ways and methods of their implementation, criteria for assessing learning outcomes;

      3) the operator - a legal entity assigned by the authorized body for education and maintaining the Register.

      5. The register is maintained by the Operator in electronic form in the “Unified Higher Education Management System” information system of the authorized body for education.

      6. Access to the register is provided via the Internet.

      7. The information contained in the register is open and available for inspection by persons concerned.

Chapter 2. The procedure for including educational programs in the field of healthcare in the Register

      8. It takes three stages to include educational programs in the Register such as:

      1) submission of an application for including an EP in the Register (hereinafter referred to as the application) and an EP passport by an educational institution;

      2) examination of the EP;

      3) entering the educational program into the Register.

      9. To include an educational program in the Register, an educational institution submits to the Operator:

      1) an electronic application;

      2) an EP passport.

      10. The Operator approves the application of the educational institution and checks its correctness within 5 (five) working days. An incorrectly completed application is returned to the educational institution for revision, indicating the reasons.

      11. It is required to examine an EP in order to assess its quality. An expert is appointed with account of a possible conflict of interest in the course of the EP’s examination; it is necessary to disclose all relations that are considered as a potential conflict of interest. In the event of identification of a conflict of interest, the expert is barred from examining the EP.

      12. The expert assesses the EP for its compliance with basic requirements of the state higher educational standard and compliance with the formation of professional competencies in a field of training.

      13. If necessary, the expert requests additional documents by e-mail and also sends documents to the educational institution for revision.

      14. After the examination, the expert makes a decision to “include” or “not include” the EP in the Register.

      15. The EP is included in the Register in case of a positive opinion.

      16. The EP is sent for revision in case of a negative opinion.

      17. The educational institution submits applications for updating a current educational program to the Register in order to improve the quality of the EP.