Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 20.10.2023 № 205-2263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 116-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұра-Есіл каналы жекелеген учаскелерінің су қорғау аймағы мен белдеуінің ең аз ені осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Талдыкөл көлі үшін су қорғау аймағының ең аз ені – 500 метр;
Талдыкөл көлі үшін су қорғау белдеуінің ең аз ені – 100 метр болып белгіленсін.
3. Нұра-Есіл каналының және Талдыкөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі Қазақстан Республикасы Су кодексінің талаптарына сәйкес белгіленсін.
4. "Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға 1 қосымшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасындағы Талдыкөл көлі және Нұра-Есіл каналы ұшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін картографиялық материалдарға түсірілуін;
2) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Кульгинов |
КЕЛІСІЛДІ
"Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,
қала құрылысы және жер
қатынастары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысы
__________________ Н. Ұранхаев
"____" ____________ 2020 жыл
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысы
__________________ Д. Бекмағамбетов
"____" ____________ 2020 жыл
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қыркүйегі № 205-1856 қаулысына қосымша |
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан Нұра-Есіл каналының жекелеген учаскелері және осы учаскелер үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең аз ені
Р/с № | Жеке учаскенің атауы | Су объектісі (канал учаскесінің координаттары және су қорғау аймағы мен белдеуінің координаттары) | Су қорғау аймағының ені, м | Су қорғау белдеуінің ені, м |
1. | "GEOAstana" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Ұлы Дала даңғылы, Е114 және Е115 көшелері (жобалық атауы) арасында орналасқан автожанармай құю-автогаз құю станциясының құрылыс учаскесі |
Нұра-Есіл каналы (канал учаскесі |
208 | 35 |
2. | "Дал Диагностик" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Е 495 көшесі (жобалық атауы) № 2 ғимарат ауданында орналасқан ядролық медицина орталығының құрылыс учаскесі |
Нұра-Есіл каналы (канал учаскесі | 500 | 35 |
3. | "Елорда құрылыс компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Е 357 және Е 495 көшелердің (жобалық атаулары) қиылысы ауданы мекенжайында орналасқан жапсарластыра салынған орын-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылыс учаскесі |
Нұра-Есіл каналы (канал учаскесі | 100 | 35 |
_________________________________