Талдыкөл көлінің және Нұра-Есіл каналы жекелеген учаскелерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 205-1856 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 1290 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 20.10.2023 № 205-2263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 116-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нұра-Есіл каналы жекелеген учаскелерінің су қорғау аймағы мен белдеуінің ең аз ені осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Талдыкөл көлі үшін су қорғау аймағының ең аз ені – 500 метр;

      Талдыкөл көлі үшін су қорғау белдеуінің ең аз ені – 100 метр болып белгіленсін.

      3. Нұра-Есіл каналының және Талдыкөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі Қазақстан Республикасы Су кодексінің талаптарына сәйкес белгіленсін.

      4. "Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға 1 қосымшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасындағы Талдыкөл көлі және Нұра-Есіл каналы ұшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін картографиялық материалдарға түсірілуін;

      2) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,

      қала құрылысы және жер

      қатынастары басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі басшысы

      __________________ Н. Ұранхаев

      "____" ____________ 2020 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Экология,

      геология және табиғи ресурстар

      министрлігі Су ресурстары

      комитетінің Су ресурстарын

      пайдалануды реттеу және қорғау

      жөніндегі Есіл бассейндік

      инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесі басшысы

      __________________ Д. Бекмағамбетов

      "____" ____________ 2020 жыл

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 9 қыркүйегі
№ 205-1856 қаулысына
қосымша

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан Нұра-Есіл каналының жекелеген учаскелері және осы учаскелер үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең аз ені

Р/с №

Жеке учаскенің атауы

Су объектісі (канал учаскесінің координаттары және су қорғау аймағы мен белдеуінің координаттары)

Су қорғау аймағының ені, м

Су қорғау белдеуінің ені, м

1.

"GEOAstana" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Ұлы Дала даңғылы, Е114 және Е115 көшелері (жобалық атауы) арасында орналасқан автожанармай құю-автогаз құю станциясының құрылыс учаскесі

Нұра-Есіл каналы (канал учаскесі
x=2774,8; y=-8558,2;
x=2701,1; y=-8630,1;
су қорғау белдеуі
x=2799,4; y=-8583,3;
x=2725,6; y=-8655,1;
су қорғау аймағы
x=2976,3; y=-8763,9;
x=2884,3; y=-8742,3;
х=2870,1; у=-8801,6)

208
241
288

35

2.

"Дал Диагностик" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Е 495 көшесі (жобалық атауы) № 2 ғимарат ауданында орналасқан ядролық медицина орталығының құрылыс учаскесі

Нұра-Есіл каналы (канал учаскесі
x=630.1; y=-10624.3;
x=718.6; y=-10538.3;
су қорғау белдеуі
x=600.0; y=-10606.3;
x=688.6; y=-10520.0;
су қорғау аймағы
х=206.0; у=-10360.7;
х=291.5; у=-10277.6)

500

35

3.

"Елорда құрылыс компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Е 357 және Е 495 көшелердің (жобалық атаулары) қиылысы ауданы мекенжайында орналасқан жапсарластыра салынған орын-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылыс учаскесі

Нұра-Есіл каналы (канал учаскесі
x= 710,0; y=-10546,6;
x=816,35; y=-10444,1;
су қорғау белдеуі
x= 685,64; y= -10521,88;
x= 790,35; y= -10418,59;
су қорғау аймағы
х= 642; у= -10473,09;
х= 727,91; у= -10388,35)

100

35

      _________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады