"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Нұр-Cұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) "Астана қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 11-1383 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 936 болып тіркелді, 2015 жылғы 5 қыркүйекте № 98 (3321) "Астана ақшамы", 2015 жылғы 5 қыркүйекте № 98 (3303) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды);
2) "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 11-964 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1027 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 маусымда № 69 (3421) "Астана ақшамы", 2016 жылғы 18 маусымда № 69 (3439) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.К. Солтамбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Кульгинов |