Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 25 қарашадағы № 272-VІ ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы үш жұмыс күні ішінде бекітетін" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 14-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 14) тармақшасы және 3-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 47-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі ", жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітеді" деген сөздер алып тасталсын.

      2. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағының 37-4) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 7-баптың 1-тармағының 117) тармақшасы алып тасталсын.

      3. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 97-1, 107-1 және 192-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "97-1-бап. Шетелдіктердің бала асырап алуы";

      "107-1-бап. Баланы қайта асырап алу";

      "192-1-бап. Әке болуды анықтау кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу";

      26-тараудың, 204 – 219-баптардың, 29-тараудың, 248 – 256, 267-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      2) 22-баптың 1-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот шешімінде ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейінгі тектері көрсетіледі.";

      3) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

      Ерлі-зайыптылар соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жаңадан некеге отыруға (тіркелуге) (ерлі-зайыпты болуға) құқылы.";

      4) 47-бапта:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Босанған әйелдің жұбайының немесе бұрынғы жұбайының басқа адамның әке болуын анықтауға келісімі ішкі істер органы берген, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгені туралы немесе соттың оны хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танығаны туралы заңды күшіне енген шешімі туралы растайтын құжат болған кезде міндетті емес.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Некені (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу туралы куәлікке немесе акт жазбасына, сондай-ақ бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы өтінішке сәйкес баланың әкесі ретінде адам көрсетілген тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастауды тіркеуші орган соттың тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасындағы баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы шешімі негізінде жүргізеді.

      Өзге жағдайларда әкесі туралы мәліметтерді алып тастау бала туған кезде некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша осы Кодекстің 183-бабына сәйкес жүргізіледі.";

      5) 49-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу фактісін және әке болуды тану фактісін анықтау туралы шешім шығарған сот осы шешім заңды күшіне енген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оны тіркеуші органға электрондық түрде жіберуге міндетті.";

      6) 51-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "анықтауды мемлекеттік тіркеуден" деген сөздер "анықтау туралы өзгерістер енгізуден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 53-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Тіркеуші органдардың қызметкерлері бала асырап алушының келісімінсіз бала асырап алу туралы қандай да бір мәліметтерді хабарлауға және бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы болып табылмайтындығы туралы ақпарат қамтылатын құжаттарды беруге құқылы емес.

      Асырап алынған бала туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде ұсынылады.";

      8) 63-баптың 2-тармағында:

      екінші бөлік "Бөлек" деген сөзден кейін "не дефис арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкесінің қосарланған аты болған жағдайда, әкесінің қосарланған аты бойынша, олардың біреуі бойынша не әкесінің екі аты бірге жазылып балаға әкесінің атын беруге жол беріледі.";

      9) 64-баптың 3-тармағы "бөлек тұрса" деген сөздерден кейін "не балаға қатысты әке болу анықталса" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 85-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары баланың тұратын жеріндегі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға бала асырап алуға тілек білдіргені туралы өтініш беруге, сондай-ақ жиынтық кірісінің мөлшері, отбасылық жағдайы, денсаулық жағдайы, сотталмағандығы туралы анықтамалар ұсынуға және баланы жеке өзі таңдауға, онымен кемiнде екі апта тiкелей қарым-қатынас жасауға міндетті.";

      11) 97-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі:

      "баланы" деген сөзден кейін "некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "адамның аты бойынша" деген сөздерден кейін "осы Кодекстің 192-бабына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      "бала асырап алуды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу кезінде бала асырап алушының көрсетуi бойынша тууды жазу кiтабына асырап алынған баланың әкесiнiң (анасының) аты, әкесiнiң аты және тегi жазылады" деген сөздер "асырап алынған баланың әкесiнiң (анасының) аты, әкесiнiң аты және тегi бала асырап алушының көрсетуі бойынша тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына жазылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бала асырап алушының өтініші бойынша әкесінің (анасының) көрсетілген тегі бала асырап алушының тегі бойынша беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу соттың бала асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімі және баланың заңды өкілдерінің өтініші негізінде кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.

      Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына бала және бала асырап алушылар туралы мәліметтер сот шешімінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес енгізіледі.";

      12) мынадай мазмұндағы 97-1-баппен толықтырылсын:

      "97-1-бап. Шетелдіктердің бала асырап алуы

      1. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің асырап алуы, оның ішінде мұндай бала асырап алудың күшін жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      2. Шетелдіктер асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды бақылауды Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады.";

      13) 98-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Асырап алынған баланың дербес деректері өзгерген кезде, Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен жеке сәйкестендіру нөмірін шартты түрде алып тастай отырып, тууды мемлекеттік тіркеу туралы жаңа акт жазбасын тіркеу жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Соттың бала асырап алу туралы шешімі негізінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасы тіркелгеннен кейін немесе тууды мемлекеттік тіркеу туралы жоғалған акт жазбасы қалпына келтірілгеннен кейін жүргізіледі.";

      14) 105-баптың 4-тармағындағы "бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу" деген сөздер "тууды мемлекеттiк тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 107-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу" деген сөздер "тууды мемлекеттiк тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) мынадай мазмұндағы 107-1-баппен толықтырылсын:

      "107-1-бап. Баланы қайта асырап алу

      Сот бала асырап алу туралы шешімнің күшін жойғаннан кейін ғана баланы қайта асырап алу мүмкін болады.";

      17) 121-баптың 3-тармағындағы "бiр ай" деген сөздер "жиырма жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 177-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "177-бап. Мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық хал актілері

      Туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу (соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды қоспағанда), атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру тіркеуші органдарда осы Кодексте белгіленген мерзімдерде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

      Бала асырап алу және әке болуды анықтау оқиғалары мен фактілері тиісті өзгерістер, толықтырулар енгізу арқылы тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасында көрсетіледі. Соттың шешімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында оған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қою арқылы көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамдарға қатысты азаматтық хал актілерін тіркеуге, қалпына келтіруге, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайта беруге тыйым салынады.";

      19) 181-баптың 4-тармағындағы "Республика бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуші органдарда және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде тіркелген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 182-баптың 2-тармағындағы ", әке болуды анықтауды, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуын тіркеу" деген сөздер "тіркеу, әке болуды анықтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 183-баптың 2-тармағындағы "тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға" деген сөздер "қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 184-бапта:

      1-тармақтағы "тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға" деген сөздер "қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      6-тармақтағы "жоғалған жазба жасалған" деген сөздер "өтініш берілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 185-бапта:

      2-тармақтағы "тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға" деген сөздер "қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы ", жойылуға жататын жазба жасалған жер бойынша" деген сөздер "өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 186-баптың 4-тармағындағы "тіркеуге, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтауға, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге" деген сөздер ", тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеуге және баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтау кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 187-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде дәлелді себеппен ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, ата-анасы туралы мәліметтер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікке не неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасына сәйкес толтырылады. Бала медициналық ұйымда туылған және анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайларда, туу фактісін тіркеу кезінде ол туралы мәліметтер анасының өтініші бойынша және туу туралы медициналық куәлікке сәйкес толтырылады, оған анасы туралы мәліметтер өзінің сөзі бойынша жазылғаны туралы белгі қойылады. Азаматтық хал актілеріне ата-анасының атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегін, ұлтын жазу осы Кодекстің 50, 51 және 63-баптарына сәйкес жүргізіледі.";

      26) 188-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "188-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны

      1. Баланың тууын мемлекеттiк тiркеу ата-анасының не олардың бiреуiнiң қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тiркеушi органда жүргiзіледi.

      Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      2. Егер ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса (ерлі-зайыпты болмаса), баланың тууын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшпен бір мезгілде әке болуды анықтау туралы өтiнiш берiледi.

      3. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасында баланың туылған жері деп баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде қабылданған Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірлігінің атауына сәйкес баланың нақты туылған жерінің атауы көрсетіледі.

      Экспедицияларда және шалғай жерлерде, сондай-ақ анасы теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе пойызда болған кезде туылған баланың туылған жері деп баланың тууын мемлекеттік тіркеу жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірлік көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде туылған баланың туылған жері деп баланың нақты туылған жерінің атауы көрсетіледі.

      4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде туылған баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не ата-анасының немесе олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда шетелдік тіркеуші органдарда тіркелгеніне қарамастан, мынадай құжаттардың бірін:

      1) туу туралы куәліктің түпнұсқасын;

      2) туу туралы акт жазбасының көшірмесін;

      3) туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын көрсеткен кезде осы Кодексте белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болмаған кезде, соттың туу фактісін анықтау туралы шешімінің көшірмесі көрсетіледі.";

      27) 189-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      28) 190-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші сөйлемдегі "жазбаша нысанда" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке, егер ата-анасы немесе олардың біреуі шетелдік не азаматтығы жоқ адам болса, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, егер неке Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде қиылса (ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Баланың тууын мемлекеттік тіркеу "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берушінің таңдауы бойынша проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жүзеге асырылған кезде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті ұсыну талап етілмейді.

      Басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын шетелдік, азаматтығы жоқ адам жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, олардың мәтінінің нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.

      Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттары мәтіні аудармасының дұрыстығы шетелдік азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.";

      2-тармақтағы "көрсетілетін қызметтер стандартына" деген сөздер "қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 192-бапта:

      3-тармақта:

      бірінші бөлік "куәліктің" деген сөзден кейін "немесе акт жазбасының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "анықтау туралы актілер жазбасының" деген сөздер "анықтау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "әке болуды анықтауды тіркеу және" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Босанған әйелдің жұбайының немесе бұрынғы жұбайының басқа адамның әке болуын анықтауға келісімі ішкі істер органы берген, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгені туралы немесе соттың оны хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танығаны туралы заңды күшіне енген шешімі туралы растайтын құжат болған кезде міндетті емес.";

      4-тармақтың екінші бөлігінде:

      бірінші абзац "Мұндай жағдайда" деген сөздерден кейін "тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына" деген сөздермен толықтырылсын;

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер әке болу баланың тууын мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде анықталатын болса, осы Кодекстің 192-1-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша;";

      30) мынадай мазмұндағы 192-1-баппен толықтырылсын:

      "192-1-бап. Әке болуды анықтау кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

      1. Әке болуды анықтау кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар:

      1) ата-анасының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші;

      2) анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылған, анасы әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не оның ата-ана құқықтары шектелген, анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда әкесінің өтініші;

      3) соттың әке болуды анықтау, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы шешімі негізінде енгізіледі.

      2. Егер сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам, сондай-ақ осы әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысы өтініш беруші болып табылса, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуден бас тартылады.";

      31) 198-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "медициналық ұйым немесе жеке дәрігерлік практикамен айналысатын дәрiгер берген белгіленген нысандағы туу туралы құжаты" деген сөздер "осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген тууды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      2-тармақтағы "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің" деген сөздер алып тасталсын;

      32) 201-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;

      33) 203-баптың 7) тармақшасындағы "күнін қамтиды." деген сөздер "күнін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) құжат берген тіркеуші органның атауын қамтиды.";

      34) 26-тарау алып тасталсын;

      35) 229-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдік, азаматтығы жоқ адам арасындағы неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерiнде қиылуы мүмкін.";

      36) 232-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы кез келген тіркеуші орган акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйе мәліметтерінің негізінде береді.

      Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының бар-жоғын тексеру он алты жастан бастап жүргізіледі.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер өтініш беруші бұрын некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде берілген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiкті немесе сот шешімін не жұбайының қайтыс болуы туралы куәлiкті көрсетеді.";

      37) 237-баптың 7) тармақшасындағы "нөмірін қамтиды." деген сөздер "нөмірін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) құжат берген тіркеуші органның атауын қамтиды.";

      38) 238-баптың 1-тармағындағы ", сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі" деген сөздер алып тасталсын;

      39) 239-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "239-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу орны

      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.";

      40) 241-бапта:

      1-тармақта:

      "некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 238-бабының 4-тармағында көзделген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер, сондай-ақ соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге электрондық түрде келіп түседі.";

      3-тармақта:

      "Бұрынғы ерлі-зайыптылар (олардың әрқайсысы) немесе әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысы" деген сөздер "Әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      4-тармақтағы "Егер" деген сөз "Ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді қоспағанда, егер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41) 242-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Белгіленген мерзімдерде жауаптың болмауы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тарту некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін кедергілер болып табылмайды.";

      42) 243-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде тегін өзгерткен кезде азамат жеке басын куәландыратын құжаттарды бір айлық мерзімде ауыстыруға міндетті.

      Тегі өзгертілген жеке басын куәландыратын құжаттарды уәкілетті мемлекеттік орган соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде береді.";

      43) 247-бапта:

      бірінші бөліктің 7) тармақшасындағы "нөмірін қамтиды." деген сөздер "нөмірін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның атауын қамтиды.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      44) 29-тарау алып тасталсын;

      45) 257-баптың екінші бөлігінің 12) тармақшасындағы "және әкесінің атын" деген сөздер "және (немесе) әкесінің атын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46) 258-бапта:

      бірінші бөліктегі "тіркеуші органға өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша" деген сөздер "өтініш берушінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "азаматтың тұрғылықты" деген сөздер "өтініш беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      47) 266-баптың 6) тармақшасындағы "нөмірін қамтиды." деген сөздер "нөмірін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) құжат берген тіркеуші органның атауын қамтиды.";

      48) 267-бап алып тасталсын;

      49) 269-баптағы "қайтыс болған адамның тұрған жері бойынша немесе ол қайтыс болған жер бойынша тіркеуші органдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      50) 270-баптың 1-тармағында:

      "немесе ауызша" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 268-бабында көзделген қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге электрондық түрде келіп түседі.

      Егер мәлімдеме беруге уәкілеттік берілген адамдар медициналық ұйым белгіленген нысандағы құжатты берген немесе соттың қайтыс болу фактісін анықтау немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бермесе, онда тіркеуші орган акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге келіп түскен қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу негізіне сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы жазбаны өз бетінше жүргізеді.";

      51) 274-баптың 4) тармақшасындағы "нөмірін қамтиды." деген сөздер "нөмірін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның атауын қамтиды.".

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      486-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты тіркеу және (немесе) алу;";

      2) тармақша алып тасталсын.

      5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 282-баптың 1-тармағы "қолдауды" деген сөзден кейін ", арнайы инвестициялық келісімшарттарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 295-1-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті орган арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік арнайы инвестициялық келісімшарттың ережелерін ескере отырып, арнайы инвестициялық келісімшартты қол қою үшін дайындайды.

      3. Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.".

      6. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында 656-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "656-бап. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне салық салу тәртібі";

      2) 209-баптың 1-тармағындағы "көрсетілетін қызметтер стандарттарында" деген сөздер "қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 609-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 612-бапта:

      2) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;

      4) тармақша "жазбаларын" деген сөзден кейін ", әке болуды анықтауға және бала асырап алуға байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақшадағы "ұл бала (қыз бала) асырап алуын тiркегенi үшiн" деген сөздер "бала асырап алуы кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізгені үшін немесе дербес деректерінің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркегені үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 615-бапта:

      3) тармақшаның үшінші абзацындағы ", уақытша жеке куәлік" деген сөздер алып тасталсын;

      4) тармақшасының сегізінші және он алтыншы абзацтары алып тасталсын;

      6) 623-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының оныншы абзацындағы ", сондай-ақ комиссиялық сатуға жолдама" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 656-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "656-бап. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне салық салу тәртібі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бапта белгіленген салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне, оған қоса осы Кодекстің 322-бабында айқындалған:

      жұмыс беруші болып табылатын осындай бейрезидент-заңды тұлғамен жасалған еңбек шарты (келісімі, келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен;

      осындай бейрезидент-заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен;

      жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған, материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған (алынуға жататын) кірістерге;

      Қазақстан Республикасында тұруға байланысты осындай бейрезидент-заңды тұлға төлейтін үстемеақыларға қолданылады.

      Осы баптың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға деп резидент-банктерде ағымдағы шот ашуына байланысты және (немесе) осы Кодекстің 650-бабына сәйкес міндеттемелердің туындауына байланысты Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлға да танылады.

      Осы баптың ережелері, егер осы Кодекстің 655-бабының 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:

      1) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлғаның жұмыскері және (немесе) мердігері (қосалқы мердігері) не аталған бейрезидент-заңды тұлға мердігерінің (қосалқы мердігерінің) жұмыскері болып табылған;

      2) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 217-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты болады деп танылған кезде, Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның осы бапта көрсетілген кірістеріне қолданылады.

      Бұл ретте, егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 217-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты болады деп танылмаса, онда жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған, материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен кірістер осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.";

      3-тармақта:

      екінші бөлікте:

      "кірістің" деген сөз "кіріс сомасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жатады" деген сөзден кейін ", бұл барлық шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тең үлестермен бөлінеді" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте осы тармақта көрсетілген кіріс:

      осы тармақта айқындалған құжаттарда көрсетілген кіріс сомасына, олар ұсынылған жағдайда;

      жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған, материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен кіріс сомасына, егер мұндай кіріс шарттың (келісімшарттың, келісімнің) талаптарында көзделген болса, азайтылуға жатады.".

      7. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) 6-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi және" деген сөздер "тіркеуші органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі" деген сөздер "екі данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Акционерлiк қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттарын қоспағанда, коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды. Акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу үшін қазақ және орыс тілдерінде жасалған, нотариат куәландырған жарғы қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі.";

      төртінші бөлікте:

      "тiркеу үшiн" деген сөздер "тiркеу кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) рұқсаты қосымша" деген сөздер "Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) рұқсатының бар-жоғы туралы мәліметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "талап етiледi" деген сөздер "электрондық хабарлама арқылы алады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші бөлікте:

      бірінші абзацта:

      "Шетелдік" деген сөз "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ тұлғаларды қоспағанда, шетелдік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "заңдастырылған үзінді көшірмесі" деген сөздер "заңдастырылған үзінді көшірмесінің көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      тоғызыншы бөлік "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" деген сөздерден кейін "және "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 6-1-бапта:

      төртінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "Шетелдік" деген сөз "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ тұлғаларды қоспағанда, шетелдік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "заңдастырылған үзінді көшірмесі" деген сөздер "заңдастырылған үзінді көшірмесінің көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші және алтыншы бөліктер алып тасталсын;

      3) 6-2-бапта:

      төртінші бөліктегі "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Акционерлік қоғамдардың филиалдары (өкілдіктері) үшін заңды тұлға бекіткен, қазақ және орыс тілдеріндегі филиал (өкілдік) туралы ереже, жарғы (ереже) және филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның сенімхаты қосымша қоса беріледі.";

      4) 7-бапта:

      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тіркеуші органға құрылтай құжаттары ұсынылады.

      Мыналар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары болып табылады:

      1) мекеме үшін – меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы);

      2) қор, тұтыну кооперативі, заңды тұлғалар бірлестігі, дара кәсіпкерлер бірлестігі, қауымдастық (одақ) нысанындағы дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі үшін – құрылтайшылар бекіткен жарғы мен құрылтай шарты (меншік иелер (құрылтайшылар) саны біреуден көп болған кезде);

      3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік және акционерлік қоғам үшін – жарғы.";

      жетінші бөлік алып тасталсын;

      5) 9-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлғалардың, филиалдардың (өкілдіктердің) құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу және құжаттарды беру мерзімдері;";

      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу электрондық өтініш берілген кезден бастап бір сағат ішінде жүргізіледі.

      Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу өтініш берілген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ шетелдік тұлғалар қатысатын коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.";

      үшінші бөлікте:

      "олардың филиалдарын (өкілдіктерін)" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      бесінші бөліктегі "он төрт" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 11-бапта:

      бірінші бөлікте:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса;";

      4-1) тармақшадағы "(қатысушысы)" деген сөз "(қатысушысы, мүшесі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3), 4-4), 4-5) және 4-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-2) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелуі деп танылса;

      4-3) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кеткен деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болған ретінде тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса;

      4-4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса;

      4-5) егер мемлекеттік тіркеу кезінде, мерзiмдiк төлемдердi өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және мерзiмдiк өндiрiп алулар туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша үш айдан астам берешегi жоқ тұлғаны қоспағанда, құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса;

      4-6) егер мемлекеттік қайта тіркеу кезінде, мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан астам берешегі жоқ тұлғаны қоспағанда, жаңа құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер) және (немесе) үлесін иеліктен шығаратын тұлғалар атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса;";

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе сот актісінде өзгеше белгіленбесе, тіркеу әрекеттері мерзімді үзу үшін негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге үзіледі. Егер мерзімді үзу үшін негіз болған мән-жайлар бір ай ішінде жойылмаса, сарапшының (маманның) қорытындысын алуды қоспағанда, тіркеу әрекеттерінен бас тартылады.

      Өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхатпен тіркеуші органға өтініш жасауға құқылы.

      Бұл ретте кері қайтарып алынған өтінішті қарау тоқтатылады.";

      үшінші бөліктегі "құрудың" деген сөз "есептік тіркеудің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 12-баптың бірінші бөлігіндегі "тіркеуші орган беретін" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 14-баптың екінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу үшін:";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы өтініш;";

      2) тармақшадағы "заңды тұлғаның уәкілетті" деген сөздер "электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасы не құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар, нотариат куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиалдың (өкілдіктің) ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;";

      4) тармақшадағы "жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелердің" деген сөздер "акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиалдар (өкілдіктер) туралы ережелердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 14-1-бапта:

      бірінші бөліктегі "мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда заңды тұлға, филиал (өкілдік) тіркеуші органға бұл жөнінде жарғыға (ережеге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды" деген сөздер "өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, заңды тұлға, филиал (өкілдік) жарғыға (ережеге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш береді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "Хабарламаға" деген сөз "Өтінішке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "заңды тұлғаның мөрімен" деген сөздер ", электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның мөрімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлікте:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) заңды тұлғаның мөрімен бекемделген, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасы не құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар, нотариат куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиалдың (өкілдіктің) ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;";

      4) тармақшадағы "заңды тұлғаның", "түпнұсқалары" деген сөздер тиісінше "акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның", "төлнұсқалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы бөліктегі "жазбаша түрдегі дәлелді" деген сөздер "уәжді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жетінші бөлік алып тасталсын;

      10) мынадай мазмұндағы 14-2-баппен толықтырылсын:

      "14-2-бап. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерін өзгерту мен толықтырудың хабарлама тәртібі

      Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар мынадай:

      1) акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген;

      2) басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген);

      3) осы Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;

      4) жарғылық капиталдағы үлес сенімгерлік басқаруға берілген;

      5) шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы ұлғайған;

      6) экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген;

      7) саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде енгізіледі.

      Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 2), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі.

      Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар осы бапта көзделген құжаттар қоса беріле отырып, электрондық хабарлама негізінде енгізіледі.

      Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген кезде, хабарламаға қосымша заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжат қоса беріледі.

      Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылса, заңды тұлғаның орналасқан жері үшін үй-жай беру туралы жеке тұлғаның нотариат куәландырған келісімі беріледі.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеру жағдайлары бұған кірмейді.

      Заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгергені туралы тіркеуші органға уақтылы хабар бермеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.

      Жарғылық капиталдағы үлесті сенімгерлік басқаруға берген кезде, нотариат куәландырған сенімгерлік басқару шарты қосымша ұсынылады.

      Коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) тізімі тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, байланыс телефонының нөмірі, жеке қолтаңбасы көрсетіле отырып, қосымша ұсынылады.

      Заңды тұлғалар, филиалдар (өкілдіктер) құрылтай құжаттарына осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы тіркеуші органға құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабар береді.

      Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде енгізіледі.

      Сот актілерінің, сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, қамаққа алуларының) болуы, сондай-ақ осы Заңның 11-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайлар, өтініш берушіге бұл туралы хабар бере отырып, электрондық хабарламаны орындамай қалдыру үшін негіз болып табылады.

      Заңды тұлға, филиал (өкілдік) енгізілген мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жауапты болады.";

      11) 15-баптың бірінші бөлігіндегі "үш жұмыс күнi" деген сөздер "бір жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 16-бапта:

      бірінші бөлікте:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот заңды тұлғаға қатысты оны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу заңды күшіне енген осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.";

      16) 16-1-бапта:

      бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы "филиал" деген сөз "акционерлік қоғамдарды қоспағанда, филиал" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот заңды тұлғаға қатысты оны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару заңды күшіне енген осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.".

      8. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) 11-1-бапта:

      1-тармақтың төртінші бөлігіндегі "Еншілес" деген сөз "Банкке немесе банк холдингіне еншілес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Еншілес" деген сөз "Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылатын еншілес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уәкілетті органның "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда – еншілес ұйымның құрылтай құжаттары;

      2) еншілес ұйым құрылған жағдайда, оны құру туралы шешім не еншілес ұйымды иеленген жағдайда, оны иелену туралы шешім (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда), сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырған жағдайда – лицензияның көшірмесі;";

      4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда, үлестес тұлғалар туралы мәліметтер қоса берілуі қажет.";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде қойылатын талаптары айқындалатын еншілес ұйымның бизнес-жоспары;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы есепті кезеңге қаржылық есептілігі;";

      9), 10) және 13) тармақшалар алып тасталсын;

      13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжат;";

      7-тармақтың бірінші бөлігіндегі "үш ай" деген сөздер "елу жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжат қоса беріле отырып ұсынылады.";

      2) 11-2-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "құруға немесе сатып алуға" деген сөздер "банктің құруына немесе сатып алуына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың бірінші абзацында:

      "Бас банктің" деген сөздер "Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылатын бас банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "7), 9), 10)," деген цифрлар алып тасталсын;

      5-1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      ", 7), 10)" деген цифрлар алып тасталсын;

      "сондай-ақ" деген сөзден кейін "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 13-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банк ашуға берiлген рұқсат:

      1) банк қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      2) сот банктің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      3) банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде банк ретінде Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу корпорациясынан өтпеген;

      4) заңды тұлға банк ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш ай ішінде банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны алмаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттардың және банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімнің күші жойылды деп есептеледі.";

      4) 16-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жаңадан құрылған банктiң жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оның құрылтайшылары банк мемлекеттік тiркелгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей толық төлеуге тиiс.";

      5) 17-1-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банктің ірі қатысушысы болуға ниет білдірген тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4, 4-1, 5, 6, 7 және 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, банк акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражат сипаттамасын қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәліметтер қамтылатын банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.";

      4-тармақта:

      1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібін, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражатты растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.";

      2) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсынады. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының акционері (қатысушысы) болып табылса, Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері қосымша ұсынылады;";

      3-2) тармақша алып тасталсын;

      3-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты ұсынады.

      Көрсетілген мәліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін жеткілікті растайтын құжаттар қоса беріледі;";

      4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы мәліметтерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);";

      "6) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, келісім бергені үшін алым төленгенін растайтын құжатты ұсынады.";

      4-1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац:

      "жеке" деген сөзден кейін "немесе заңды" деген сөздермен толықтырылсын;

      "сыйға тарту шарты" деген сөздерден кейін "немесе сенімгерлік басқару шарты" деген сөздермен толықтырылсын;

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банк акцияларын сыйға тарту немесе банк акцияларын сенімгерлік басқару шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелері;";

      2) тармақшадағы "2), 3), 3-1), 3-2)" деген цифрлар "3), 3-1)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3) тармақша "сыйға тарту шартының" деген сөздерден кейін "немесе сенімгерлік басқару шартының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацы "жеке" деген сөзден кейін "немесе заңды" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақта:

      1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш берушінің тиісті органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында шешім болмаған немесе уәкілетті органның оны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда) ұсынады.";

      1-1) тармақша "одан көп пайызына (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп)" деген сөздерден кейін "тікелей немесе жанама" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-2) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тізім болмаған немесе уәкілетті органның оны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда);";

      2) тармақшадағы "2), 3), 3-1)" деген цифрлар "3), 3-1)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2-1) тармақша алып тасталсын;

      3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уәкілетті органның "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;";

      4) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);

      5) аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында аяқталған соңғы тоқсанға қаржылық есептілікті ұсынады.

      Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырылған немесе уәкілетті органның оны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды;";

      6) тармақша алып тасталсын;

      6-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшада:

      "1), 2), 3)," деген цифрлар "1), 3)," деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "2-1), 3), 4), 5) және 6)" деген сөздер "3), 4) және 5)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "мәліметтерді табыс етеді." деген сөздер "мәліметтерді;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, сондай-ақ өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.";

      6-1-тармақтың бірінші абзацындағы "4-тармағы 3) тармақшасының және 5-тармағы 3) тармақшасының" деген сөздер "6-тармағы 3) тармақшасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк холдингі болуға ниет білдірген тұлға тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      14-тармақта:

      бірінші бөліктегі "үш ай" деген сөздер "елу жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Банк ашуға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін беру туралы өтінішті уәкілетті орган банк ашуға рұқсат беруге арналған өтiнiшті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.";

      18-тармақтың үшінші бөлігінде:

      "Банк акцияларының" деген сөздер "Банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша банк акцияларының" деген сөздермен ауыстырылып, "өзгерген жағдайда" деген сөздерден кейін "не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді дербес анықтаған жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;

      "банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған" деген сөздер "уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша берілген банк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiшке мынадай құжаттар:

      1) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;

      2) банктің жарғылық капиталындағы үлесі он пайыздан аз болатын құрылтайшылар – жеке және заңды тұлғалар (уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша) туралы мәліметтер, оның ішінде құрылтайшы-заңды тұлғаның аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екі қаржы жылына қаржылық есептілігі (бар болса, шоғырландырылған есептілікті қоса алғанда) қоса берілуге тиiс.

      Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қаржылық есептілік болған немесе уәкілетті органның оны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды;

      3) осы Заңның 11-1-бабында көзделген тәртіппен құжаттар мен мәліметтер;

      4) осы Заңның 17-1-бабында көзделген өтініш пен бизнес-жоспарды қоспағанда, өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуі қажет болған жағдайда, осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртіппен құжаттар мен мәліметтер;

      5) акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібін, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражатты растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиiс. Осы Заңның 17-1-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаражат банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады;

      6) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары қоса берілуге тиiс. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды ашылатын банктің толық құрылымын ашып көрсетуді, қызмет стратегиясын, қызмет бағыттары мен ауқымдарын, қаржылық перспективаларын (бюджетін, есеп-қисап балансын, алғашқы үш қаржы жылындағы (операциялық жылдағы) пайда мен шығындар есебін, маркетинг жоспарын (банк клиентурасын қалыптастыруды), еңбек ресурстарын тарту жоспарын, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруды қоса алғанда, уәкілетті орган белгілейді;

      7) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      8) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілуге тиiс. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларға ақы төленгенін растайтын құжаттарды өтініш беруші заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;

      9) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген құжаттар;

      10) банктің атқарушы органы орналасқан елді мекенде автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділік бар меншікті үй-жайының болуын растайтын мәліметтер мен құжаттар қоса берілуге тиiс, бұл жүйеге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.";

      7) 20-баптың 6-тармағында:

      төртінші бөлік "Уәкілетті орган" деген сөздерден кейін ", осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган өтініш берушіге жаңадан құрылатын банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарға келісім беру не келісім беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.";

      8) 23-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарауға тиiс.

      2. Банк ашуға рұқсат беру туралы хабарлама өтініш беруші мен тіркеуші органға жіберіледі.";

      9) 24-баптың 1-тармағында:

      а) және в) тармақшалар алып тасталсын;

      г) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "г) банк құрылтайшыларының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы. Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы деп осы Заңның 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;";

      д-1) тармақша "банктің ірі қатысушысы" деген сөздерден кейін ", банк холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы д-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "д-2) банктің еншілес ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беруден бас тарту;";

      10) 25-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктi мемлекеттiк тiркеудi Корпорация уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты негiзiнде жүзеге асырады.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      11) 26-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген құжатты алғаннан кейін және осы Заңның 16-бабының 4-тармағына сәйкес жарғылық капиталға ақы төлегеннен кейін өтініш беруші жарғылық капиталға ақы төленген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілген талаптың орындалғанын растайтын құжаттарды, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк ашуға арналған өтiнiште көрсетілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынуға міндетті.

      Өтініш беруші банк қызметін жүзеге асыруды бастағанға дейін барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықтарды және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персоналды жалдауға, банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекітуге, банктің директорлар кеңесінің ішкі аудит қызметі туралы, кредит комитеті туралы ережелерді бекітуі міндетті.

      Банк банктің атқарушы органы орналасқан елді мекенде автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділік бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етуге міндетті, бұл жүйеге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган жаңадан құрылатын банкке заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензия не лицензия беруден уәжді бас тарту береді.";

      12) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргiзуге лицензия беруден бас тарту негiздерi

      1. Банк операциясын немесе өзге де операцияны жүргізуге лицензия беруден бас тарту:

      1) осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында, 52-17-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;

      2) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейін алты ай кезеңінде сақтамаған;

      3) банктің жарғылық капиталының мөлшері, құрамы және құрылымы осы Заңның 16-бабының талаптарына сәйкес келмеген;

      4) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;

      5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген заңды тұлғаның басшы қызметкері осы Заңның 20-бабының талаптарына сай болмаған, қоғам органдары сайлағандардың арасынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк үшін) жағдайларда жүргізіледі.

      2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, банк болуға ниет білдірген заңды тұлға сәйкессіздіктерді жояды және лицензия беруден бас тартуды жіберуге негіз болған түзетілген құжаттарды ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта өтініш жасайды.

      Уәкілетті орган осы тармаққа сәйкес ұсынылған құжаттарды лицензия беруден бас тартуды жіберуге негіз болған түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      3. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, банк болуға ниет білдірген заңды тұлға сәйкессіздіктерді жояды және келісім беруден бас тартылған адамдардың орнына осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес, банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта өтініш жасайды.

      Уәкілетті орган осы тармаққа сәйкес ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.";

      13) 29-баптың 6-тармағындағы "47-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында" деген сөздер "47-2-бабының 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 30-баптың 13-тармағында:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жаңадан құрылған банк осы бапқа сәйкес банк операцияларын жүргізуге лицензия алған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде банктің жұмыс істеуі осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия алу шарты болып табылады.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      15) 47-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өздерінің құзыреті шегінде банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, осы Заңның 48-бабында белгiленген негiздер бойынша барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкция қолдануға құқылы.";

      16) 49-бап алып тасталсын;

      17) 52-14-баптың 2-тармағында:

      3) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақшаның бірінші абзацындағы "бизнес-жоспары, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс" деген сөздер "арналған, мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін бизнес-жоспар, төмендегілерді қоса алғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 69-баптың 1-1-тармағының екінші бөлігіндегі ", тарату комиссиясының мүшелеріне кандидаттардың, оның ішінде филиалдарында не өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелерінің тізімі" деген сөздер алып тасталсын.

      9. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 9-10, 52-құжат):

      2-баптың 44-1) тармақшасындағы "бастапқы" деген сөз алып тасталсын.

      10. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат):

      1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайда мүгедектігі бойынша жәрдемақы және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындалған кезде талап етілмейді.";

      2) 5-бапта:

      1-1-тармақ "күннен бастап" деген сөздерден кейін "немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алынған күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мүгедектiк белгiленген күннен бастап, бiрақ оны тағайындауға өтiнiш жасалған күнге дейiн немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемқы тағайындауға келісім алынған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзiм үшін тағайындалады.

      3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар жәрдемақыға құқығы туындаған күннен бастап, бiрақ барлық қажеттi құжаттармен бірге жәрдемақы тағайындауға өтiнiш жасалған күнге дейiн немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемқы тағайындауға келісім алынған күнге дейін он екі айдан аспайтын мерзiм үшiн тағайындалады.".

      11. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):

      1) 14-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөліктегі "сақтау мен алып жүруге" деген сөздер "сақтауға, сақтау мен алып жүруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қарудың иесі қару тіркелген жердегі ішкі істер органына рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жаңасын алу үшін өтініш жасайды.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Рұқсаттың нысанын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      2) 15-бапта:

      2-тармақта:

      екінші бөлікте:

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Рұқсат бес жыл мерзімге беріледі.";

      үшінші сөйлем алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Қарудың иесі қару тіркелген жердегі ішкі істер органына рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жаңасын алу үшін өтініш жасайды.

      Рұқсаттың нысанын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      3-тармақтағы "рұқсат алу" деген сөздер "сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 29-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы алып тасталсын.

      12. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат):

      5-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындалған кезде талап етілмейді.".

      13. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; № 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат):

      18-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Рұқсаттың нысанын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.".

      14. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 8, 46-құжат):

      1) 1-баптың 2-20-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын ішінара беру деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асыру түсініледі. Бұл ретте, функция орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен алып тасталмайды.";

      2) 9-3-баптың 8-тармағында:

      "қоғамдық тәртіпті сақтауға, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға" деген сөздер "қоғамдық тәртіпті сақтауға және қамтамасыз етуге, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға және қамтамасыз етуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды," деген сөздер алып тасталсын;

      ", сот төрелігін" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 9-5-бапта:

      тақырыптағы "және (немесе) жергілікті" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақтағы "және (немесе) жергілікті" деген сөздер алып тасталсын.

      15. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат):

      1) 11-1-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары";

      2-тармақтың 10) тармақшасындағы "өкілеттіктерін айқындауға тиіс." деген сөздер "өкілеттіктерін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) қайта сақтандыруға (қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырған жағдайда) сақтандыру тәуекелдерін қабылдаған кезде бағалау тәртібіне қойылатын талаптарды;

      12) қайта сақтандыру (қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырған жағдайда) жөнінде шешімдер қабылдау бойынша құжаттар мен рәсімдердің өту тәртібін айқындауға тиіс.";

      2) 25-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшерiн оның құрылтайшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекеттік тiркелгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей толық төлеуге тиiс.";

      3) 26-бапта:

      4-тармақ "қоса бере отырып," деген сөздерден кейін "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражат сипаттамасын қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәліметтер қамтылатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақта:

      1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) акцияларды сатып алу тәртібі мен шарттарын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.";

      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, келісім бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мәліметтерді;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);";

      8) тармақшадағы "жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді" деген сөздер "не мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы жазбаша растамасын ұсынады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сыйға тарту шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелерін;";

      2) тармақшадағы "2), 3), 4), 5), 6)," деген цифрлар "3), 4), 6)," деген цифрлармен ауыстырылсын;

      7-тармақта:

      1) тармақша "шешімінің" деген сөзден кейін "(қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында шешім болмаған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшадағы "пайызына ие" деген сөздер "пайызын тікелей немесе жанама иеленетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша "тізімін" деген сөзден кейін "(қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тізім болмаған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақшадағы "2)," деген цифр алып тасталсын;

      5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);

      8) аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында аяқталған соңғы тоқсанға қаржылық есептілікті ұсынады.

      Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырған жағдайда, өтініш беруші осы есептілікті ұсынбайды.";

      9) тармақша алып тасталсын;

      8-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 6-тармағының 1), 1-1), 3) және 4) тармақшаларында және 6-тармағының 1), 2), 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;";

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Сақтандыру холдингі болуға ниет білдірген тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа, егер өтініш берушінің сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі сақтандыру тобын қалыптастыруға алып келетін болса, сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің болжамды есеп-қисабын ұсынады.";

      12-тармақтың бірінші бөлігіндегі "үш ай" деген сөздер "елу жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақтың үшінші бөлігінде:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздер "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздермен ауыстырылып, "өзгерген жағдайда" деген сөздерден кейін "не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді дербес анықтаған жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;

      "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімі уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған" деген сөздер "уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімі уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 27-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екi қаржы жылына қаржылық есептiлiк, құжаттарды ұсынар алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп қамтылатын құрылтайшы – заңды тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәлiметтер. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында аяқталған соңғы екi қаржы жылына қаржылық есептiлiк орналастырылған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды.

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылатын көздер мен ақша сомасының сипаттамасын қоса алғанда, құрылтайшы – жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер. Осы Заңның 26-бабы 6-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген қаражат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады;

      6) бизнес-жоспар.";

      7) тармақша алып тасталсын;

      1-1, 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Өтінішке мыналар да қоса беріледі:

      1) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін, еншілес ұйым құруға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға ие болуға рұқсат алуы қажет болған жағдайда, осы Заңның 26 және 32-баптарында көзделген құжаттар мен мәліметтер;

      2) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      3) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттар. Өтініш беруші акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларға ақы төленгенін растайтын құжаттарды заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;

      4) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттар;

      5) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берілгені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.";

      "4. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсаттың заңдық күшi болады.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсат:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      2) сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат берілген күннен бастап үш ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алынбаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда еншілес ұйым құруға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттардың және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімнің күші жойылды деп есептеледі.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берілген күннен бастап елу жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хабарлама өтініш беруші мен тіркеуші органға жіберіледі.";

      5) 28-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы "қатысушысы" деген сөзден кейін "немесе сақтандыру холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 29-бап алып тасталсын;

      7) 30-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      8) 32-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру тәртібі, рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      4-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      1-1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;

      2) еншілес ұйымды құрған жағдайда – оны құру туралы шешімді не еншілес ұйымды иеленген жағдайда – оны иелену туралы шешімді (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);";

      4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда) қоса беру қажет.";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) еншілес ұйымның бизнес-жоспарын;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы қаржы жылына қаржылық есептілігін қоса беру қажет.

      Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырған жағдайда, өтініш беруші осы есептілікті ұсынбайды;";

      10) және 13) тармақшалар алып тасталсын;

      7-тармақтың бірінші бөлігіндегі "үш ай" деген сөздер "елу жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш осы баптың 4-тармағының 1-1), 2), 3), 4), 5), 6) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып ұсынылады.";

      9) 34-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 27-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарға келісім беру үшін құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге аталған адамдарға келісім беру не келісім беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.

      Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарға келісім беруден бас тартылуына байланысты құжаттар қайта ұсынылған кезде уәкілетті орган құжаттарды осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.";

      10) 37-бапта:

      1-тармақ, 2-тармақтың 3) тармақшасы және 4) тармақшасындағы "көшірмесін;" деген сөз "көшірмесін ұсынады." деген сөздермен ауыстырылып, 5) және 6) тармақшалары, 7-тармақтың 3) тармақшасы, 7-3-тармақтың 4) және 5) тармақшалары, 8-тармақтың 6) және 7) тармақшалары, 8-1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 27-бабы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына лицензия беру туралы құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге лицензия беру не беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.

      Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына лицензия беруден бас тартылуына байланысты құжаттар қайта ұсынылған кезде уәкілетті орган құжаттарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау тәртібі, сондай-ақ осы баптың 2, 3, 6, 7, 7-3, 8, 8-1 және 8-3-тармақтарында көрсетілген құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";

      11) 38-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталмаса;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақшадағы "қоғам органдары сайлағандардың қатарынан" деген сөздер "тағайындауға (сайлауға) ұсынылып отырған кандидаттардың арасынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 40-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      2) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғалары үшін);";

      екінші бөлікте:

      "бір ай" деген сөздер "жиырма жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      13) 52-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Сақтандыру холдингі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын, оның ішінде еншілес ұйымның немесе сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдардың қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты болуын қамтамасыз етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаларға қолданылады.";

      14) 53-5-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

      15) 62-бапта:

      4-тармақта:

      1) тармақша "шешімі" деген сөзден кейін "(қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) қайта ұйымдастырылуын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары.";

      3) тармақша алып тасталсын;

      5-тармақтағы "екі ай" деген сөздер "отыз бес жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 14, 49-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 45-құжат):

      1) 23-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кiрме жолдардың және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдардың құрылысын жобалау үшін Ұлттық оператордан техникалық шартты алуға;";

      2) 30-баптың 9-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-2) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кiрме жолдарды және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру;".

      17. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):

      212-баптың 6-1-тармағы алып тасталсын.

      18. "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      12-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі "және пайдалану" деген сөздер ", пайдалану және беру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат):

      1) 4-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 5-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы "әзірлейді" деген сөзден кейін "және бекітеді" деген сөздермен толықтырылсын.

      20. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат):

      20-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті беру "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олар проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде талап етілмейді.";

      2 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап немесе әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды Қорға береді.";

      "7. Өтініштің осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда тіркелген күні немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күн Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.

      Әлеуметтік төлемдер тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.".

      21. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру ұйымы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын, міндетті сақтандырудың көрсетілген түрі бойынша лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы шартты жасасатын жаңадан құрылатын сақтандыру ұйымын қоспағанда, жасасуға міндетті.".

      22. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын, міндетті сақтандырудың көрсетілген түрі бойынша лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы шартты жасасатын жаңадан құрылатын сақтандыру ұйымын қоспағанда, жасасуға міндетті.".

      23. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) 8-баптың 3-тармағында:

      бірінші бөліктегі "табыс етiлген күннен кейін" деген сөздер "ұсынылған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, құрылатын банк "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жарияланған акцияларды шығару туралы құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган жарияланған акцияларды шығару туралы құжаттарды қарау нәтижесін заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.

      Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, құрылатын банк жарияланған акциялар шығарылымын тіркеуден бас тартылуына байланысты құжаттарды қайта ұсынған кезде уәкілетті орган құжаттарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.";

      2) 11-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың екінші бөлігі 1) тармақшасының талабы құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, құрылатын банкке қолданылмайды.

      Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, құрылатын банк сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға немесе банк ашуға рұқсат алуға құжаттарды берген кезде жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға міндетті.";

      4-тармақтың 4) тармақшасы және 6) тармақшасындағы "құжаттар;" деген сөз "құжаттар негізінде жүзеге асырылады." деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 48-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшаның сегізінші абзацындағы "өтініш берушінің" деген сөздер "инвестициялық комитет пен ішкі аудит қызметін қоса алғанда, өтініш берушінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақша алып тасталсын;

      4) 72-1-бапта:

      6-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) акцияларды сатып алу тәртібі мен шарттарын растайтын құжаттардың көшірмелері.";

      2) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөнінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша мәліметтер;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректер. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар үшін – өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);";

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғасы тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасы резиденті-инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алуға осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы не мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы жазбаша растамасы.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      6-1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту шарттары мен тәртібін растайтын құжаттың көшірмелерін;";

      2) тармақшадағы "6-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7)" деген сөздер "6-тармағының 3), 4), 6), 7) және 8)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта:

      1) тармақша "тізімін" деген сөзден кейін "(қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақша "пайызын" деген сөзден кейін "тікелей немесе жанама" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшадағы "6-тармағы бірінші бөлігінің 1) – 4)" деген сөздер "6-тармағының 1), 3) және 4)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар үшін – өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);";

      7) тармақшадағы "қаржылық есептілігін;" деген сөздер "қаржылық есептілігін ұсынады." деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырылған жағдайда, өтініш беруші осы есептілікті ұсынбайды.";

      8) тармақша алып тасталсын;

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 6-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды ұсынады;";

      16-тармақтың үшінші бөлігінде:

      "Инвестициялық портфельді басқарушы" деген сөздер "Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының өтініші бойынша инвестициялық портфельді басқарушы" деген сөздермен ауыстырылып, "өзгерген жағдайда" деген сөздерден кейін "не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді дербес анықтаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;

      "инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының өтініші бойынша уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған" деген сөздер "уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 102-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы "есепті жария етуді жүзеге асыруға міндетті." деген сөздер "есепті;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) акционерлік қоғам ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін ашып көрсетуді жүзеге асыруға міндетті.".

      24. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1) 8-1-бапта:

      3-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.";

      2) 9-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақтағы "жиырма бес" деген сөздер "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      3) 10-бапта:

      2) тармақшадағы "8-бабында, 9-бабының 1-тармағында" деген сөздер "8-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "болған жағдайларда жүргізіледі." деген сөздер "болған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) кредиттік бюро уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, кредиттік тарих дерекқорын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтылымды қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды орындамаған жағдайларда жүргізіледі.".

      25. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):

      5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындаған кезде талап етілмейді.".

      26. "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бақылау разряды – жеке сәйкестендіру нөмірін құрайтын цифрлық символдардың реттілігін аяқтайтын, оның қалыптастырылуының дұрыстығын бақылауға арналған цифрлық символ;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi – заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;";

      2) 6-баптың 3) тармақшасындағы "жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке тіркеу нөмірлерін қалыптастыруды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;

      3) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi тек мемлекеттiк органдардың, өзге де мемлекеттiк мекемелердiң және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйелерi үшiн электрондық ақпараттық ресурс болып табылады.";

      4) 9-бапта:

      3-тармақтың 8) тармақшасындағы "жеке басты куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда," деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру алгоритміне сәйкес" деген сөздер "қалыптастыру алгоритміне сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) есептеу алгоритміне сәйкес жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақшаның бірінші абзацы "азаматтары үшiн" деген сөздерден кейін "бірінші рет" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін бірінші рет:

      тіркеу куәлігін;

      Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

      азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру кезінде;";

      2-1) тармақшадағы "кезінде;" деген сөз "кезінде жүзеге асырылады." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;

      екінші бөлік "Бала асырап алу" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының есептеу алгоритміне сәйкес келмеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) нақты болатын жері бойынша:

      жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      5) 10-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы "қайтыс болғанда;" деген сөздер "қайтыс болғанда алып тасталады." деген сөздермен ауыстырылып, 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы "кейiн Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шартты түрде алып тасталады." деген сөздер "кейін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) соттың жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі күшіне енгеннен кейін;

      5) жеке тұлға республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда;

      6) бейрезидент-жеке тұлға резидент-банктегі ағымдағы шотын жапқан жағдайда;

      7) бейрезидент-жеке тұлғаның салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге құқықтары тоқтатылған кезде;

      8) бейрезидент-жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан жағдайда;

      9) соттың бала асырап алу туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шартты түрде алып тасталады.";

      екінші бөліктегі "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қайтадан және одан кейiн тiркеу кезінде, сондай-ақ бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда," деген сөздер "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жеке тұлғаларды қайтадан және кейiннен тiркеу кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың бала асырап алу туралы не жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің күші жойылғаннан кейін қалпына келтіруге жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың бала асырап алу туралы шешімінің күшін жою туралы сот шешімінің күші жойылғаннан кейін қалпына келтіруге жатады.";

      6) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесінің және электрондық ақпараттық ресурстарының деректерін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына;";

      7) 13-баптың 5-тармағы алып тасталсын.

      27. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат):

      1) 1-баптың 31) тармақшасы "электрондық көшірмесі негізінде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 6-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының мемлекеттік органдардың шешімі бойынша, оның ішінде елді мекендердің атауы, көше аттары, сондай-ақ ғимараттар мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірі (мекенжайы) өзгерген кезде болған өзгерістерін мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Құқық иеленуші мәліметтерінің өзгеруін мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш жасамастан, құқық иеленушіні хабардар ете отырып, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.";

      3) 20-бапта:

      1-1-тармақта:

      "Құқықтар" деген сөз "Электрондық тіркеу құқықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жағдайларда, электрондық тіркеу" деген сөздер "жағдайларда, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Екінші деңгейдегі банктермен жасалатын банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілді электрондық тіркеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізілуі мүмкін.";

      4) 22-баптың 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.

      28. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      5-баптың бірінші бөлігінің 21-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-1) білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу рәсімін жүзеге асырады;".

      29. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат):

      1-баптың 3) тармақшасы "құжатындағы белгісі" деген сөздерден кейін "не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйедегі белгісі" деген сөздермен толықтырылсын.

      30. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 12-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2016 ж., № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат):

      1) 1-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 8-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;

      3) 19-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 20-баптың 4-тармағы алып тасталсын.

      31. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 21-I, 121-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) "бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;";

      5) тармақшадағы "өтініші бойынша" деген сөздер "өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жоба – перспективаларын зерттеу, талдау және тәуекелдерді барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жаңа тәсілдерді енгізу;";

      13) тармақша "тексеру" деген сөзден кейін ", профилактикалық бақылау" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17-1) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      17-2) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумағы шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;";

      2) 4-баптың 1-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға;";

      5) тармақшадағы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының" деген сөздер "мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 5-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) орталық мемлекеттік органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінен мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті ақпаратты алуға;";

      2-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;";

      5) тармақшадағы "көрсетілетін қызмет стандартында" деген сөздер "қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;";

      "10) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажет болатын өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;";

      12) тармақша "жазбаша келісімін" деген сөздерден кейін "немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған келісімін не ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы келісімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      1) тармақшадағы "құжаттарды" деген сөз "құжаттар мен мәліметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша "көрсетілетін қызметті берушінің" деген сөздерден кейін "Мемлекеттік корпорацияның" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 6-бапта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      2-1) тармақшадағы "Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі" деген сөздер "мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 8-бапта

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекітеді және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      5), 6) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізеді;";

      "9) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;";

      6) 9-бапта:

      7) тармақша алып тасталсын;

      8-1) тармақшадағы "бір өтініштің негізінде электрондық нысанда" деген сөздер "бір өтініш" қағидаты бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) және 12) тармақшалардағы "көрсетілетін қызметтер стандарттарының" және "қызметтер стандарттарын" деген сөздер тиісінше "қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің" және "қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 12-3) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қызметін үйлестіреді;";

      "13-1) проактивті көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды көрсету тәртібін бекітеді;";

      7) 9-1-бапта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асырады;";

      7) тармақшадағы "ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын" деген сөздер "көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 10-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қолданады;";

      15) тармақшадағы "көрсетілетін қызметтер стандарттарын" деген сөздер "қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 11-бапта:

      2) тармақшадағы "көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің" деген сөздер "қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) тармақшадағы "көрсетілетін қызметтер стандарттарын" деген сөздер "қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 11-1-баптың 4-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тексеруге жатады;";

      "6-1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде ақпарат береді;";

      11) 3-тараудың тақырыбындағы "стандарты және регламенті" деген сөздер "оларды көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін, сондай-ақ оның құрылымын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";

      13) 13-бапта:

      тақырыптағы "көрсетілетін қызмет стандартын" деген сөздер "қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "көрсетілетін қызметтер стандарттарын" және "қызметтер үшін стандарттарды" деген сөздер тиісінше "қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді" және "қызметтер үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап екі ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы осы Заңның 15-бабында айқындалатын тәртіппен жария талқылауға жатады.";

      3-тармақтағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын" деген сөздер "Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 14-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің мазмұнына қойылатын талаптар";

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт:";

      1) тармақша алып тасталсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мыналардың:

      мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету;

      мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау;

      мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттауды;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) мыналарды:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;

      көрсетілетін қызметті берушінің атауын;

      мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін;

      мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін;

      мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;

      мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін;

      мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін;

      көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигін;

      мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін;

      мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанындағы қосымшаны;";

      15) 15-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау";

      1-тармақта:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының" деген сөздер "Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "көрсетілетін қызметтер стандарттарында" деген сөздер "қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      "көрсетілетін қызмет стандартын" деген сөздер "қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының" деген сөздер "мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының" деген сөздер "Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "күнтізбелік отыз күн" деген сөздер "он жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      бірінші бөліктегі "көрсетілетін қызмет стандартының" деген сөздер "қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының" деген сөздер "Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "көрсетілетін қызмет стандартының" деген сөздер "қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "көрсетілетін қызмет стандартының" деген сөздер "қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының" және "мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің" және "мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына" деген сөздер "мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 16 және 17-баптар алып тасталсын;

      17) 18-бапта:

      3) тармақшадағы "жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі." деген сөздер "ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) стационарлық абоненттік құрылғы арқылы көрсетіледі.";

      18) 19-бапта:

      бірінші бөлікте "көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде" деген сөздер "қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте "көрсетілетін қызмет стандартында" деген сөздер "қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 20-бапта:

      1-тармақтағы "көрсетілетін қызмет стандартында" деген сөздер "қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөліктегі "көрсетілетін қызмет стандартында" деген сөздер "қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған" деген сөздер "мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ алып тасталсын;

      20) 21-бапта:

      2-1, 2-2 және 2-3-тармақтардағы "Жылжымалы желінің" деген сөздер "Ұялы байланыс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "бір өтініш негізінде" деген сөздер "бір өтініш" қағидаты бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

      "21-1-бап. Проактивті қызметтер көрсету

      Проактивті қызметтер көрсету көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз, "электрондық үкімет" веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі тіркелген кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады және мыналарды:

      1) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуы бар автоматты хабарламалар жөнелтуді;

      2) көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді алуды қамтиды.";

      22) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру

      Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыруды орталық мемлекеттік органдар, Мемлекеттік корпорация, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұрақты негізде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобалардың қорытындысы бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың – мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлеушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобаларын іске асыру бірлескен шешімнің негізінде жүзеге асырылады.";

      23) 23-бапта:

      1-тармақтың 1) және 3) тармақшаларындағы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын" деген сөздер "мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      "мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты" деген сөздер "мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жаңартады" деген сөзден кейін "және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақтағы "көрсетілетін қызметтер стандарттарын" деген сөздер "қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 25-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "Орталық мемлекеттік" деген сөздер "Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 29-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.".

      32. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) 45-баптың 1-тармағында:

      төртінші бөлікте:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамын, оны қайта ұйымдастырғаннан кейінгі есеп-қисап балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастырудың болжамды шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін құжат қоса беріледі.";

      3) тармақша алып тасталсын;

      бесінші бөліктегі "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 48-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктегі "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшхатына және ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерінің және бағалы қағаздар нарығындағы лицензияланатын қызмет түрлері бойынша қолданыстағы шарттарының жоқ екенiн растайтын құжаттарға ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының бiрiншi басшысы қол қоюға тиiс.".

      33. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):

      1) 72-бапта:

      3-тармақтағы "он бес" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақта:

      екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;

      алтыншы бөліктегі "Аттестатталған ұйым" деген сөздер "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйым (бұдан әрі – аттестатталған ұйым)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 74-баптың 2-тармағындағы "күнтізбелік он бес күн" деген сөздер "жеті жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 79-бапта:

      12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшыларына, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясының мүшелеріне сертификаттар беріледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Куәлiк (сертификат) онда көрсетiлген мерзiмдер кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында жарамды.";

      16-тармақтағы "куәлiгі" деген сөз "куәліктері (сертификаттары)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      34. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 88-баптың 13-тармағы алып тасталсын;

      2) 91-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша" деген сөздер алып тасталсын.

      35. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-І, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат):

      6-баптың 1-тармағы 26) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтары алып тасталсын.

      36. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 33-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақша "өзгерген" деген сөзден кейін "(лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 6) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі "қызмет түрінің", "қызмет түрі" деген сөздерден кейін "және (немесе) кіші түрінің", "және (немесе) кіші түрі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 34-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Заңды тұлға-лицензиаттар біріккен кезде қайта ұйымдастырылған заңды тұлға-лицензиаттар лицензиясының қолданысы жаңадан пайда болған заңды тұлға-лицензиаттың лицензиясы қайта ресімделген күннен бастап тоқтатылады.";

      3) 1-қосымшаның 53-жолының 3-бағаны мынадай мазмұндағы 24, 25 және 26-тармақтармен толықтырылсын:

      "24. Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымдар (депозиттер) қабылдау, салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу

      25. Салымшыларға тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру

      26. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу";

      4) 2-қосымшада:

      87-9-жол алып тасталсын;

      244-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

244.

Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) инвестициялық портфелді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган басқармасының:
1) банктің ірі қатысушысы мәртебесін;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін;
3) инвестиция-лық портфелді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін;
4) банк холдингі мәртебесін;
5) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы қаулысы

Мерзімсіз рұқсат; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақта-рының күші қолданылмай-ды

  ";

      247 және 255-жолдар алып тасталсын.

      37. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1) 1-баптың 8-тармағы алып тасталсын;

      2) 3-баптың 2) тармақшасындағы "8, 9," деген цифрлар "9," деген цифрмен ауыстырылсын.

      38. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 138-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 24, 124-құжат):

      16-бапта:

      3-тармақтың 5) тармақшасының бесінші абзацындағы "көрсетілетін қызметтер стандарттарының" деген сөздер "қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді;";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер;".

      39. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-III, 149-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Көрсетілген мәліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін жеткілікті растайтын құжаттар қоса беріледі;".

      40. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "38-1) биометриялық сәйкестендіру – жеке басты физиологиялық және биологиялық өзгермейтін белгілері негізінде сәйкестендіретін шаралар кешені;";

      61) тармақша "өтініш білдірген" деген сөздерден кейін "не проактивті қызмет көрсетуге келісім берген" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 7-баптың 60), 61) және 63) тармақшаларындағы "жылжымалы желінің" деген сөздер "ұялы байланыс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 9-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) операторға "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды береді;";

      4) 10-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) операторға "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды береді;";

      5) 12-бапта:

      20) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерінде қамтылатын толық емес және өзекті емес мәліметтерді анықтау бөлігінде олардың интеграциялануына талдауды жүзеге асырады және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді;";

      21) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:

      "23) мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың ашық деректерін қалыптастыру бойынша талдау жүргізеді.";

      6) 13-бапта:

      9) тармақшадағы "мемлекеттік органдардың" және "интеграциялауды және қосуды жүзеге асырады" деген сөздер тиісінше "интеграциялау кезінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін "электрондық үкімет" шлюзіне және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзіне қосуды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың" және "қосуды жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мемлекеттік органдар және электрондық нысанда қызметтер көрсететін өзге де субъектілер берген электрондық ақпараттық ресурстармен "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыруды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін дамыту кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық көмек көрсетеді;

      15) "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады.";

      7) 19-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөліктің 4) тармақшасындағы "композиттік болып табылады." деген сөздер "композиттік;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) проактивті болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін проактивті қызмет болып табылады.";

      8) 27-бапта:

      2-тармақтағы "жылжымалы желінің" деген сөздер "ұялы байланыс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      "жылжымалы желінің" деген сөздер "ұялы байланыс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бір реттік парольді" деген сөздерден кейін "немесе биометриялық сәйкестендіруді" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 35-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы" деген сөздер "оператор" деген сөзбен ауыстырылсын.

      41. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 1-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      26-баптың 4-тармағындағы "отыз" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын.

      42. "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 3-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 14, 44-құжат; № 19, 62-құжат):

      7-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.

      43. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) 1-бапта:

      22) және 23) тармақшалар алып тасталсын;

      27) тармақшадағы "жазбаша" деген сөз алып тасталсын;

      2) 7-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      3) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әділет органдары тіркеген орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін әділет органдары ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне олар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген кезден бастап бір күн ішінде электрондық құжат нысанында автоматты түрде жібереді.";

      4) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әділет органдары тіркеген, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін әділет органдары ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне олар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген кезден бастап бір күн ішінде электрондық құжат нысанында автоматты түрде жібереді.".

      44. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-II, 52-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      18-баптың 4-тармағындағы "он" деген сөз "сегіз" деген сөзбен ауыстырылсын.

      45. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-I, 64-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) жасалған шарт негізінде бюджеттен көрсетілген қызметтер үшін сыйақы алу құқығымен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен кірістер тізбесі бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін жеке тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінен қолма-қол және қолма-қол емес ақша қабылдағаны үшін төлемақы алмай қызметтер көрсетуге;".

      46. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді көрсетілетін төлем қызметтері нарығына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге өзі дербес жатқызады.";

      2) 16-бапта:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын нысан бойынша, оның ішінде атқарушы орган басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді (дипломның (дипломдардың) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып) қамтитын өтінішті;";

      4), 5), 6), 8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;

      3-тармақтағы "он бес" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 17-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "он бес" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 20-бапта:

      2-тармақтың 3) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

      3-тармақтағы "он бес" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын.

      47. "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 9, 20-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) 7-бапта:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы, басшы қызметкерлер туралы, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет қатысатын кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру жөніндегі шарт туралы мәліметтер ескерілген өтінішті;";

      2), 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

      5-тармақтағы "он бес" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 15-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) уәкілетті органды осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарға, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы және басшы қызметкерлері туралы мәліметтерге енгізілген өзгерістер туралы он бес жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге;".

      2-бап.

      Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін лицензия алған және осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 11) тармақшасының бесінші абзацында белгіленген талапқа сәйкес келмейтін банктер көрсетілген талапты 2022 жылғы 2 қаңтарға дейінгі мерзімде орындауға міндетті.

      3-бап.

      Осы Заң:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші – жетінші, тоғызыншы – он үшінші, он бесінші – жиырма бірінші абзацтарын;

      2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 7) тармақшасының сегізінші, он төртінші және жиырма екінші абзацтарын;

      3) 2020 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 12) тармақшасының бесінші абзацын, 8-тармағының 3), 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының елу төртінші және елу бесінші абзацтарын, 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларын, 15-тармағының 2), 4), 6), 7), 9), 10), 11) және 14) тармақшаларын, 21 және 22-тармақтарын, 23-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 36-тармағының 3) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады