Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 21.12.2023 № 1-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы" Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1193 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
№ 310 сайлау учаскесіндегі "№ 73 мектеп-лицей, № 191 көше, № 2 үй" деген сөздер мен сандар "Қазақ ұлттық өнер университеті, Тәуелсіздік даңғылы, № 50" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 330 сайлау учаскесіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Тәуелсіздік даңғылы, № 54" деген сөздер мен сандар "№ 73 мектеп-лицей, № 191 көше, № 2 үй" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешімге 2-қосымшада:
№ 66 сайлау учаскесіндегі "Жастар" сарайы, Республика даңғылы, № 34" деген сөздер мен сандар "Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, Абай даңғылы, № 38" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 67 сайлау учаскесіндегі "Жастар" сарайы, Республика даңғылы, № 34" деген сөздер мен сандар "Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, Абай даңғылы, № 38" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 87 сайлау учаскесіндегі "А. Иманов көшесі, № 39" деген сөздер мен сандар "А. Иманов көшесі, № 37" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 91 сайлау учаскесіндегі "А. Иманов көшесі, № 39" деген сөздер мен цифрлар "А. Иманов көшесі, № 37" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 96 сайлау учаскесіндегі "Балабақша кешені – № 12 бастауыш мектебі, Қамысты көшесі, № 7" деген сөздер мен сандар "Шипагер медициналық колледжі, И. Чехоев көшесі, № 14/1" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 334 сайлау учаскесіндегі "Ш. Уәлиханов № 23 көшесіндегі тірек" деген сөздер мен сандар "№ 2 балалар музыка мектебі, Ш. Айманов көшесі, № 8" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 335 сайлау учаскесіндегі "Білім-инновация" дарынды ер балаларға арналған лицей-интернаты, С. Сейфуллин көшесі, № 59" деген сөздер мен сандар "№ 8 мектеп-лицей, С. Сейфуллин көшесі, № 50" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 336 сайлау учаскесіндегі "Білім-инновация" дарынды ер балаларға арналған лицей-интернаты, С. Сейфуллин көшесі, № 59" деген сөздер мен сандар "№ 8 мектеп-лицей, С. Сейфуллин көшесі, № 50" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешімге 3-қосымшада:
№ 108 сайлау учаскесіндегі "Экономикалық лицей, Түркістан көшесі, № 8/3" деген сөздер мен сандар "Республикалық физика-математика мектебі, Түркістан көшесі, № 2/1" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
№ 121 сайлау учаскесіндегі "Назарбаев Университет" ДБҰ, Қабанбай батыр даңғылы, № 53" деген сөздер мен сандар "Алау" мұзайдыны сарайы, Қабанбай батыр даңғылы, № 47" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешімге 4-қосымшада:
№ 138 сайлау учаскесіндегі "М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Желтоқсан көшесі, № 13" деген сөздер мен сандар "Астана" концерт залы, Кенесары көшесі, № 32" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.
2. "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Көлгінов |