"2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № А-7/269 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № А-2/72 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 ақпанда № 7684 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы әкімдігінің "2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" 2018 жылғы 15 маусымдағы № А-7/269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6703 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының күші 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы "18" ақпандағы
№ А-2/72 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2018 жылғы 15 маусымдағы
№ А-7/269 қаулысымен
бекітілген

Жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Профиль атауы (бағыты)

Орындар саны

Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңгемен)

күндізгі оқу нысаны

1

Білім беру

1194

371,1

2

Медицина, фармацевтика

139

423,7

3

Өнер және мәдениет

223

525,4

4

Қызмет көрсету, экономика және басқару

729

487,6

5

Геология, тау-кен өндірісін өндіру өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру

140

383,3

6

Мұнай-газ және химия өндірісі

25

379

7

Энергетика

96

361,3

8

Металлургия және машина жасау

95

378,8

9

Көлік (салалар бойынша)

155

455,8

10

Өндіріс, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша). Көлікті пайдалану

364

531,9

11

Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника

415

453,4

12

Құрылыс және коммуналдық шаруашылық

295

345,3

13

Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология

784

526


Жиыны:

4654



О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 15 июня 2018 года № А-7/269 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним образованием на 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 учебные годы"

Постановление акимата Акмолинской области от 18 февраля 2020 года № А-2/72. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 21 февраля 2020 года № 7684

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 27 июля 2007 года "Об образовании", акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Акмолинской области "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним образованием на 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 учебные годы" от 15 июня 2018 года № А-7/269 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6703, опубликовано 5 июля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующее изменение:

      государственный образовательный заказ на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним образованием за счет местного бюджета на 2019-2020 учебный год, утвержденный вышеуказанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Действие настоящего постановления распространяется на правоотношения, возникшие с 1 сентября 2019 года.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Акмолинской области Мусралимову А.Е.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Акмолинской области Е.Маржикпаев

  Приложение
к постановлению акимата
Акмолинской области
от "18" февраля 2020 года
№ А-2/75
  Утвержден
постановлением акимата
Акмолинской области
от 15 июня 2018 года
№ А-7/269

Государственный образовательный заказ на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним образованием за счет местного бюджета на 2019-2020 учебный год

Наименование профиля (направления)

Количество мест

Средние расходы на обучение 1 студента за учебный год (в тысячах тенге)

очная форма обучения

1

Образование

1194

371,1

2

Медицина, фармацевтика

139

423,7

3

Искусство и культура

223

525,4

4

Сервис, экономика и управление

729

487,6

5

Геология, горнодобывающая промышленность и добыча полезных ископаемых

140

383,3

6

Нефтегазовое и химическое производство

25

379

7

Энергетика

96

361,3

8

Металлургия и машиностроение

95

378,8

9

Транспорт (по отраслям)

155

455,8

10

Производство, монтаж, эксплуатация и ремонт (по отраслям). Эксплуатация транспорта

364

531,9

11

Связь, телекоммуникации и информационные технологии. Электронная техника

415

453,4

12

Строительство и коммунальное хозяйство

295

345,3

13

Сельское хозяйство, ветеринария и экология

784

526


Итого:

4654