Донорларға қосымша көтермелеу беру туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-43-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 мамырда № 7865 болып тіркелді.

      Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12 бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 26.04.2021 № 7С-3-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Донорларға бір реттік қан донациясы үшін, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген мөлшерде, 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша көтермелеу берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 26.01.2022 № 7С-14-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы,
Ақмола облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
С.Аяганов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
      "Ақмола облысының
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

О предоставлении дополнительного поощрения донорам

Решение Акмолинского областного маслихата от 21 мая 2020 года № 6С-43-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 26 мая 2020 года № 7865.

      В соответствии с подпунктом 8) пункта 1 статьи 12 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" Акмолинский областной маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Акмолинского областного маслихата от 26.04.2021 № 7С-3-5 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      1. Предоставить дополнительное поощрение донорам, в размере 1 месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год за разовую донацию крови.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Акмолинского областного маслихата от 26.01.2022 № 7С-14-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии,
исполняющий обязанности секретаря
Акмолинского областного маслихата
С.Аяганов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Государственное учреждение
"Управление здравоохранения
Акмолинской области"
      Государственное учреждение
"Управление экономики
и бюджетного планирования
Акмолинской области"