Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Донорларға қосымша көтермелеу беру туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-43-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7865 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Донорларға бір реттік қан донациясы үшін, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша көтермелеу берілсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жусупов |