2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Ақкөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін Ақкөл ауданының әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 30 гектар "TS Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін алып қоймастан 2023 жылғы 29 сәуірге дейін мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Пайдалы қазбаларға барлау жүргізу мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "TS Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю.В. Курушинге жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауданының әкімі | А.Каиржанов |