Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № А-6/164 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 маусымда № 7891 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Ақкөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін Ақкөл ауданының әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 30 гектар "TS Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін алып қоймастан 2023 жылғы 29 сәуірге дейін мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Пайдалы қазбаларға барлау жүргізу мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "TS Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю.В. Курушинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі А.Каиржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады