Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 тамызда № 8003 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 14.12.2021 № 13 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 21 тамыздағы № 01-28-167 ұсынысы негізінде, Полтавка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Атбасар ауданының Полтавка ауылдық округінің Титовка ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Полтавка ауылдық
округінің әкімі
Л.Кожахметова

Об установлении ограничительных мероприятий

Решение акима Полтавского сельского округа Атбасарского района Акмолинской области от 27 августа 2020 года № 6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 28 августа 2020 года № 8003. Утратило силу решением акима Полтавского сельского округа Атбасарского района Акмолинской области от 14 декабря 2021 года № 13

      Сноска. Утратило силу решением акима Полтавского сельского округа Атбасарского района Акмолинской области от 14.12.2021 № 13 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления государственного ветеринарно-санитарного инспектора Атбасарского района от 21 августа 2020 года № 01-28-167, аким Полтавского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия на территории села Титовка Полтавского сельского округа Атбасарского района, в связи с возникновением болезни бруцеллез крупного рогатого скота.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Полтавского
сельского округа
Л.Кожахметова