Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі әкімінің 19.10.2020 № 7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 01-28-220 ұсынуы бойынша, Сепе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Атбасар ауданы Сепе ауылдық округінің Есенгелді ауылы аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сепе ауылдық округінің әкімі | М.Тасимов |