Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қазанда № 8053 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 7 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі әкімінің 19.10.2020 № 7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 01-28-220 ұсынуы бойынша, Сепе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Атбасар ауданы Сепе ауылдық округінің Есенгелді ауылы аумағында карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сепе ауылдық округінің әкімі М.Тасимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады