Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Сепе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сепе ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 1 қазандағы № 6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8053 тіркелген, 2020 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сепе ауылдық округінің әкімі | М.Тасимов |