Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің 16.10.2020 № 5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 01-28-207 ұсынуы бойынша, Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округінің Қосбармақ ауылы аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі | А.Белялова |